АҚШ-тың Иранға бағытталған санкциядан кейінгі жағдай

Күн тәртібі-45

1086235
АҚШ-тың Иранға бағытталған санкциядан кейінгі жағдай

 

Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп Обама әкімшілігі кезеңінде қол қойылған атомдық келісімнен бір жақты бас тартқанын жариялады. Одан кейін АҚШ Қазына министрлігі Иранға қарсы жасалатын санкциялардың алғашқы сатысын 7 тамызда іске қосты. Иранға бағытталған санкциялардың екінші сатысы болса, АҚШ Қазына министрлігі жариялаған 180 күндік мерзімнің толуына орай 5 қараша күні басталды. Америка Құрама Штаттары тарапынан жарияланған санкциялар әсіресе Иранның энергия, банк секторы, логистикалық, сақтандыру фирмалары сынды аландарды қамтуда.

Америка Құрама Штаттарының алғашқы сатыда жариялаған санкцияларымен Иранның АҚШ долларын қолдддануына, алтын, құнды кендер, болат, алюминий, көмір сынды металдармен сауда жасауына, жолаушы  ұшақтардың немесе оның бөлшегінің импорт етуіне тыйым салынған. Санкциялардың екінші сатысында болса Иран ұлттық мұнай фирмасы, Иран мұнай сауда фирмасы және Ұлттық жүк танкер фирмасының халықаралық сауда жасауын шектеді. Сонымен қатар көбінесе мұнайға негізделген Ираннан мұнай және мұнай өнімдерінің сатылуына да санкция жасалады.  

Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың атомдық келісімнен бір жақты бас тартуымен Иранға бағытталатын санкциялар ішінде әлем деңгейдегі банктер қатарында электроника қор транзитті қамтамасыз еткен SWİFT жүйесі бар. АҚШ-тың санкциялары аясында SWİFT орталығынан жасалған мәлімдемеде ,  «SWIFT кейбір Иран банктерінің жүйемен байланысы тосылды» деген сөздер қолданған. Иранға қарсы жасалған санкциялардың басқа бір нысанасы бола қаржы ұйымдары еді. Шетелдік қаржы ұйымдарының Иран орталық банкі және белгілі ирандық қаржы ұйымдарымен жасалған ынтымақтастығы шектелді. Сонымен АҚШ Қаржы министрі  санкциялар шеңберінде 700-ден астам ирандық жеке адам және ұйымдардың қара тізімдеріне кіргенін жариялады.

Иранға қарсы жасалған барлық санкцияларға қарамастан Ақүй Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы Джон Болтоның «Иранға қазір жасаған санкциялардан тіпті көбін жасаймыз. Бұрынғы Президент Барак Обама кезеңінде жасалған санкциялармен шектеліп қалмаймыз» деген сөздерді қолдануы өте маңызды.

Америка Құрама Штаттары тарапынан жарияланған санкциялардың уақытша түрде сегіз елдің қамтылмағанын жариялады. Қытай, Үндістан, Италия, Грекия және тағы басқа елдер уақытша түрде санкцияға қамтылмады. Осы аяда Президент Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған сұраққа: «Бұл санкциялар бастан аяқ айқын емес. Алайда біз шындығын айтатын болсақ, бұл санкцияларды дұрыс деп қабылдамаймыз. Өйткені біздің көзқарасымыз бойынша барлық санкциялар әлемнің тепе-теңдігін бұзады. Бұлар халықаралық құқыққа да, дипломатияға да қайшы. Бұдан әлем бейбітшілігіне негізделген бір процесс қалауда. Яғни халықтар империалистік бір әлемде өмір сүргісі келмейді. Империалистік қысым көргісі келмейді. Адамдар тіпті тыныш, тіпті бейбіт және тіпті қауіпсіздік ішінде өмір сүретін бір әлем қалауда. Менің мүмкіншілігім және күшім бар, сондықтан барлығын істеуін керек демеу керек. Қазір басылған қадамдарда Еуропа Одағы және Еуропа Одағы елдерінің негізінен барлығы бұған болымды қарауда» деген.

Сонымен қатар Түркияның Ираннан энергия импортына да назар аударған Президент Режеп Тайып Ердоған: «Санкциялар тақырыбында біздің тұғырымыз әрқашан айқын. Әсіресе мұнайға бағытталған тақырыптарда біз бойсұнбайтынымызды  бастан бері айтып келдік. Біз бұл жерден қазір 10 миллиард текшеметр табиғи газ алудамыз. Біз осы табиғи газды алмаған кезде азаматтарымыз суықтан тоңады. Біз мұндай шешімге бойсұнбаймыз» деген болатын

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Америка Құрама Штаттарының Иранға бағыталған санкцияларының заңсыз екенін және Біріккен Ұлттар Ұйымының шешіміне қайшы болғанын айтты. Франция, Қытай және Германия да Иранға бағытталған санкцияға қарсы шыққан елдер қатарында орын алуда.


Этикеттер: #АҚШ , #Иран , #санкция

Ұқсас жаңалықтар