Деде Өмер Рушени

Анатолының дана - ғұламалары 30

1021513
Деде Өмер Рушени

Қазіргі таңда бұлақ немесе қайнар делінген су көздеріне бұрынғылар түрік тілінде «серчешме» дейтін. «Серчешме» судың басы деген мағынаға келеді. Адамзаттың тіршілігі олардың төңірегінде құрылды. Су тіршілігіміз үшін аса маңызды болғандықтан, тұрғын аймақтары әр қашан су резервтеріне жақын болды. Рухани тіршілігіміз де дәл материалды тіршілік сияқты бұлақтардың төңірегіне құрылған. Рухымыздың қажеттілігін қамтамасыз еткен бұл бұлақтар дәруіштердің сөздері болып табылады. Олардың сөздері бір «серчешме», өздері болса бір-бір даналық өзені.

Юнус толқыған бір өзен болса, Мәулана ғашық бір өзен... Қажы Бекташ батыл бір өзен, Қожанасыр күлімсіреген бір өзен... Міне, бұлардың баршасы ақиқат тоғысында кездесіп, бірдей теңізге құяды. Жер мен көкке сыймайтын теңізі Анатолы дана – ғұламалары.

Деде Өмер Рушени болса осы теңізге құятын бір әдеп өзені. Киелі махаббаттың серчешмесінен туылған Анатолыға, Иранға, Мысыр және Балканға жан береді.

Деде Өмер Рушени 15-ші ғасырдың ұлы ақыны және сопыларының бірі болып табылады. Айдын қаласының Гүзелхисар ауылында туылған, танымал тектің мүшесі еді. Жас кезінде білім алу үшін Бурса қаласына келіп, кейінгі жылдары ізденіс сезімімен Әзірбайжан жаққа барады. Ол іздеген нәрсе ақиқаттың жарығын табу болатын.

Рушен аты қандай жарқын және таза нәрселерді анықтайтын болса, ол да тіршіліктің ақиқатын жарқын түрде көргісі келеді. Бұл жолда өзіне бір жетекші іздеп жүргенде Сеййид Яхия Ширваниді табады. Ширвани бір Халвети пірі ретінде оған бұл жолдың нәзік тұстарын үйретеді. Өмер Рушени ұстазының қасында басқаша бір мінезге ие болады. Әлеммен байланысын үзіп, нәпсісін тәрбиелейді. Үлкен бір күш жұмсаған ол қысқа уақыттың ішінде жоғары дәрежеге көтеріледі. Ұстазы қайтыс болған соң, оның орнын алады. Ұзақ жылдар дәріс береді, шәкірт тәрбиелейді.

Рушениді сол кезде таныған ирандық мемлекет басшылары оның мінезіне қайран боп, ілтипаттар айтады. Ақыры қысқа уақыт өткен соң бұл кісілердің бастамасымен Тебризге көшеді. Аккойунлу билеушісі Ұзын Хасан және жанұясы Дедеден қолдауын үзбейді.

Тебризде өлгенше өмір сүрген Өмер Рушени хикметі және білімімен қалың жұртқа қызмет етеді. Сан алуан шәкірт тәрбиелейді. Көптеген кітап жазады.

Құран оқып отырғанда дүниеге көз жұмғаны айтылған Деде Өмер Рушени өмір сүрген аймағына аты сияқты жарық бір мұра қалдырды.

Сопылар үшін сапарға аттану маңызды. Кейде өз жүректеріне қарай жолға шығады, қаладан қалаға сапар шегеді. Ақиқаттың сырларын табу үшін баруға тиісті барлық жерге барады. «Ғылым Қытайда болса да іздеңдер» деген сөз олар үшін жай ғана бір сөз емес, бір тіршілік ережесі болатын.

Рушени де осы себепті сапар шегіп отырған. Өлеңдерінде көрген қалаларын әңгіме қылған. Балалық шақтары өткен Айдынды, ғылым үйренген Бурсаны және ұстаздық жасаған Тебризді. Дегенмен аралаған жерлері осылармен шектеулі емес еді. Ең көп шаршатқан және берекелі сапарларды ішкі дүниесіне шеккен болатын. Өмер Рушени «Жүрегін хаққа байлап, махаббат отымен өртеп» мәртебеден мәртебеге қыдырады. Көңілінде барған әр аялдамасында ақиқатпен байланысты бір нәрселерді үйренеді. Тұңғыш үйренген нәрсесі махаббат шығар. Өйткені Рушени Мәулананы қатты қадағалайтын. Оны әрқашан өзіне үлгі тұтқан, ол жайлы кітаптар жазған. Дәл ұстазы сияқты киелі махаббатқа шексіз бағынған.

 

Зарланғаным соншама, зардың өзі қолымнан зарланар,

Айқайым соншама көп, айқайдың өзі айқай салар.

 

Рушени осындай берілген бір ғашық болатын. Аллаға деген сағыныштың шегі жоқ еді. Махаббат үшін дүниені де, жанын да бағыштайтын. Өлең жолдарында да осыны айтады:

 

Бейшара жүзіңді көрмегелі жағдайым,

Махаббатсыз өмір киімін жыртып тастаймын.

 

Сопылық деген, бекер жұмысты тастау,

Сондай-ақ құдайға жетудің жетекшісі.

 

Деде Өмер Рушени Ахилік дәстүрінен келген бір әдептілікке ие және қадағалаушыларына да бұл түсінікті сіңірген. Ахилер «Кийл ү кал» деп аталған бекер жұмыстар, өсектермен уақыт жоғалтпайды. Бір минутты босқа өткізбей, адамдарға пайдалы болуға тырысады. Бұл тіршіліктің қарызы тек қана адамдарға қызметпен төленеді.

Өмер Рушениге қарағанда тек қана «ахи» деген ат жетпейді, ахилік адамның ішкі дүниесінде бір мінезге айналуға тиісті. Жақсылық біздің табиғатымыздың бір бөлшегі болмаған жағдайда, ол жақсылық толықпады деген мағынаға келеді. Әлем халқын таптамай, берілгенге мақтанбай қайырымдылық жасайық.

Қайырымдылықтың алғашқы қадамының күлімсіреу және нәзіктік екенін ұмытпайық. Әдептіліктің ережелеріне бағыну, осы тұрғыдан аса маңызды. Рушенидің де өлеңдерінде әсіресе осыған тоқталуы сопылық жолының қандай нәзіктік негізінде құрылғанын бізге ашық түрде көрсетеді:

 

«Біз» де сөз айтқанда,

«Мен» деп сөйлемекші болма,

«Сіз» де алдында тұрғанға,

Жаңылысып «сен» деп сөйлеме.

 

Бұл дөрекі сөйлесудің орнына нәзіктікті алға шығарған бір түсінік. Осыдан жүздеген жыл бұрын тілге тиек етілген терең бір әдептілік болып табылады.

Деде Өмер Рушени ешбір құлдың кемшіліксіз емес екенін жақсы біледі. Ақыры баршадан үйренетін бір нәрсе болады. Осы себептен де басқаларға қарсы менменшіл емес, кішіпейілділікпен жақындау одан ақылды бір әрекет шығар. Әйтпесе күтпеген жерден сабақ алумыз мүмкін.

 

Өзіңді ақылды санап,

Басқаны надан деп айтпа,

Өз айтқаның дұрыс деп,

Басқаларды ешқашан мазақтама.

 

Адамзат баласы - үлкен бір гипноз ұстасы. Әртүрлі жолдан әрі басқаларды, әрі өзін ұйықтата алады.

Ұйытқан адамдар әйтеуір оянып кетеді. Бірақ адам өзін ұйытатын болса оны тек қана тәңір оята алады.

Деде Өмер Рушени мұны жақсы білгені үшін адамдарға надандық ұйқысы жайлы ескертеді, абай болуға шақырады. Оның насихаттарына құлақ салған дұрыс. Өйткені әрбір насихаты адамды сол ұйқыдан оятатын бір қоңырау іспеттес.

Рушени сияқты дәруіштердің хикметтері бізді түнектің құшағынан алып, таңға жеткізді.

Бірақ бір түс сияқты бұл тіршілікте бізді негізінде аулақ қылатын жарылқаушының жәрдемі және ол тек қана дұғаға келеді. Деде бізге соны көрсетеді:

 

Я, раббым!

Мені бейберекет ұйқыдан сен оят,

Сенің арқаңда оянғандардың бояуымен боя ...



Ұқсас жаңалықтар