Күн Тәртібі - 17

Түркия кезектен тыс сайлау өткізуге шешім жасады.

960361
Күн Тәртібі - 17

Ирак және Сирияда болған оқиғалар Түркияның маңызы мен жауапкершілігін тіпті арттыруда. Мұндай маңызды бір кезеңде Түркия кезектен тыс сайлау өткізуге шешім жасады. 24 маусым күні сайлау өткізу шешімінің жасалуында ішкі динамикалар, шекарадағы жағдай және аймақта болған оқиғалар ықпалды болды. Аймақта жаңа карта белгіленген кезде Түркия сайлау кампанияларына  көп уақыт жұмсай алмайды. Түркияның саяси, әскери және экономикалық жақтағы кішкене қателігі АҚШ және демографиялық өзгерістерді аңдып отырған күштерге тарихи орай жаратады. Сондықтан кезектен тыс сайлау шешімі қауіп-қатерге қарсы жасалған бір әрекет болып табылады. 

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.

Ирак және Сириядағы саяси тепе-теңдіктер орнатылмайынша Түркияның әсіресе оңтүстік шекараға мұқиятты бір сыртқы саясат ұстануы керек болды. Георгафиялық жақтан маңызды орынға ие Түркияның батыс елдер секілді алты айлық бір процестен кейін үкімет құру сынды бір таңдауы жоқ. Саяси жағынан тұрақсыз Орташығыс географиясында Түркияның күшті сыртқы саясат ұстануы шарт. Жаңа бір жүйеге өтетін 24 маусым сайлауының Түркияның аймақтағы саясаттарын тіпті белсенді қылуы күтілуде. Екі айлық қысқа мерзімнің өзі Түркияның сайлау компанияларымен айналысатынын еске алатын болсақ, аймақтағы тепе-теңдіктердің өзгеруіне себеп болуы мүмкін. Алайда Ирак және әсіресе Сирияның болашағы алдымыздағы жылдарда белгілі болатындықтан Түркия кезектен сайлау өткізу арқылы аймақта жаңа картаның қалыптасуына кедергі жасай алады.

Сирия жағында АҚШ-тың PKK-ның Сириядағы жалғасы террор ұйымы YPG-ға бағытталған ұзақ мерзімді жоспары бар еді. Ресейдің және Иранның Асад режимін жақтауы және Израильдің аймақтағы тұғыры аясында Түркияның өз ұлттық мүдделерін қорғайтын қадамдар басуы керек. Астана процесі арқылы Ресей, Иран және Түркия Сириядағы қақтығыс ортасын доғару және саяси шешім үшін негіз дайындай бастаған кезде АҚШ  YPG-ден басқа мақсат көздеуде.  2017 жылдың аяғында АҚШ тарапынан айлықтары төленген 65 мың YPG террористтерді жаттықтыруды жоспарлаған Пентагон Сирияның территория тұтастығына және Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Сирияда ДАИШ және YPG тысындағы басқа террористтердің көбінің әлсіретілуі халықаралық актерлерді соғыстан кейінгі жүйенің қалай құралатыны жөнінде қадамдар басуына апарып соқты. Сириямен ең көп шекарасы болуы себепті Түркия осы процеске табиғи түрде килігеді. Кезектен тыс сайлау арқылы Түркия осы процесс ішінде сайлау компанияларына көп уақыт жұмсамай-ақ тіпті ықпалды бір сыртқы саясат ұстанады.

Ирак аймағында болса PKK әрекеттерін жалғастыруда және Түркияға тікелей қауіп төндіруде. Түркия қазір террор ұйымы PKK-ға қарсы Ирак шекарасы ішінде әскери операциялар жүргізуде. Алайда Ирактағы сайлау салдарынан әскери операцияның көлемі шектеулі. Ирактағы сайлаудан кейін Түркия Ирак орталық үкіметімен бірге Ирактағы PKK күшін жоюды  көздеуде. Бір жағынан Кандил тауы, енді бір жағынан Синджар тауы PKK тарапынан база ретінде қолданылуда. Түркия кезектен тыс сайлау өткізіп, Иракта PKK-ға қарсы мүмкін бір әскери операциясы үшін күшті дайындықтар жасайды.

Жалпы алғанда парламенттік демократия жүйесінен президенттік басқару жүйесіне өту процесі Түркияның бюрократиясын және үкіметін әлсіретуде болатын. Өтпелі процесінің тез қарқында тамамдалуымен Түркия тіпті ықпалды, тіпті тез және тіпті тұрақты саясат атқарады. Әсіресе сыртқы саясат тұрғысынан алғанда саяси  өтпелі процесін аяқтағаннан кейін Түркияның күші артады .


Этикеттер: #сайлау , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар