Әмір Сұлтан (Сеййид Әмір Бухари)

Анатолының дана - ғұламалары 08

916102
Әмір Сұлтан (Сеййид Әмір Бухари)

Егер көңілің менімен бір болса

Йеменде болса да қасымда жүрсің.

Егер көңілің менімен бір болмаса

Қасымда жүрсең де алыстасың.

Адамзаттың тарихы ажырасу және қауышудың тарихы болып табылады. Кейде бөлек жүреді көңілдер бір-бірінен. Кейде ортада кедергілер жойылып, барлық көңіл бірігеді.

Кейбір адамдар бар, олардың жалғыз жұмысы осы бірлікті орнату. Басқа ешбір нәрсе оларды адамзаттың бірлігі түсінігіндей толқытпайды. Олар өмірлерін жүректерге егілген жамандық дәндерінен құтқаруға және көңілдерде бірлік шешегін өсіруге жұмсайды. Бейбіт өмірдің, құтылудың және рақымды тіршіліктің ерікті елшілері болып, барлық қалаларда осы жолдамаларды жасайды.

Анатолының әр қаласында осы бірлік елшілерінің бірін кездестіруге болады. Өйткені Анатолы қалаларының тарихы біраз да осы ерікті адамдардың, осы тәңір достарының тарихы болып саналады. Анкарада Хажы Байрам Вели, Конияда Мәулана Желаледдин-и Руми немесе Стамбұлда Эйюп Сұлтан...

Және Бурса қаласының бірлік пен ынтымақтастық символы Сеййид Әмір Бухари, басқаша атауымен Әмір Сұлтан... Анатолының дана-ғұламалары атты бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде әрі көзі тірісінде, әрі қайтыс болған соң «бірлік елшісі» деп аталған Әмір Сұлтан жайлы баяндаймыз.

Шын аты Шемсеттин Мұхаммед Әмір Сұлтан Түркістанның ғылым орталықтарынан Бұхара қаласында дүниеге келген. Бұхаралық Әмір Күлал атындағы бір шыны ұстасының баласы. Бұл сыпайы шыны ұстасы да алдынғы бағдарламаларда баяндалған дәруіштер сияқты Хорасан ғылымы мен тәрбиесі сіңген бір тұлға еді. Баласын да үлкен бір ғылыми тәрбие және ұқыптылықпен өсірген болатын.

Оған әрқашан мына насихаттарды айтып отыратын:

«Әй, балам, Алланың достарын көрген кезде оларды ата-анаңнан да жақсы көр. Тегіңмен мақтанба, ауызыңнан өтірік сөз шықпасын. Әр өткен күніңді өмірінің соңғы күніндей өткізуге тырыс. Ғылымды үйренген кезде ешқашан еріншек болма. Бір қоғамға сәлем бермей кірме. Тіршілік барлық тұстарымен бір мектеп, ол мектепте жақсылыққа жүгір, жамандықтан қаш!».

Шемсеттин Мухаммед әкесінің осы насихаттарымен тәрбиеленді және жас шағына жеткен кезде ғылыми шындықты іздеу үшін жолға түсті. Жүрегінде тек қана діни бір өмір сүру болған бұл адам бір күні бір түс көреді. Көңілі ашық адамдар көрген түстеріне қатты мән береді. Олардан көптеген жолдамалар мен сабақ алынады деп ойлайды. Міне, ол түсінде Анатолыға қарай бару керек екенін көрді. Көрген түсінің дұрыс екендігіне сеніп, дайындығын жасады және жолға аттанды.

Жол бойы түсінде көрген үш шырақ оған жол көрсетті. Осымен Караман, Ниғде және Күтахия сияқты қалаларды артта қалдырды. Ол қашан Бурса қаласына жетті, сол кезде шырақтардың жарығы өшті. Сол кезде осы жерге жайғасатынын түсінді.

22 жасына келген осы қаланың халқы оны көре салып баурына басты. Ол да білімі және ақылағымен бұл қалаға береке әкелді, әсерін тигізіп, достық әкелді. Сондай-ақ осында Османлы патшасы Йылдырым Беязыт Ханның қыздарынан Хунди Фатыма Хатунмен үйленіп, отбасы болды.

Жоғарыда айтқандай көрген түстер бұл адамдар үшін маңызды. Әмір Сұлтанның жұбайымен құрған тұрмысында тағы түстердің әсер еткені білінеді. Әрі Хунди Фатыма Хатун, әрі Әмір Сұлтан түстерінде тәңірлік бір некеменен бір-бірлерімен байланысқанын көріп, мұны бір-біріне айтқан және некеге тұруға шешім қабылдаған. Басқа жағынан Хунди Хатунның әкесі патша Йылдырым Беязыт та Әмір Сұлтанды жақсы көріп, өзіне жақын ұстаған. Әмір Сұлтанның атында «Сұлтан» мәртебесінің болуы да Османлы сарайымен туысқандық қатынасы бар болғандықтан.

Бұл ұлы ғұлама Йылдырым Беязыттан кейінгі кезеңдерде де патша Челеби Мехмет пен ІІ.Мұраттан да үлкен құрмет көріп, сондай-ақ бұл патшалардың таққа отыру рәсімдерінде оларға қылыш кигізу абыройына ие болады.

Әмір Сұлтан бірақ Османлы патшаларымен құрған бұл жақындыққа қарамастан саяси тұрғыдан әрқашан бірлік көзқарасын қолдаған. Ол өмір сүрген кезеңде Османлы Анатолыдағы басқа биліктерге саяси тұрғыдан белгілі бір үстемдік танытқан. Осыған қоса Артукоғуллары, Караманоғуллары және Гермияноғуллары сияқты тайпалар әлі мықты түрде тіршіліктерін жалғастыратын. Әмір Сұлтан бірдей наным жүйесі мен орындау әдісіне ие осы тайпалар арасында бірлікті орнату үшін әрқашан күш жұмсап отырған. Осылайша тек қана рухани салада емес, саяси және қоғамдық салаларда да бірлік түсінігіне үлкен қызмет еткен.

Тыңдап көр, Хақ қандай жақсы айтқан.

Забурында Дәуітке бұйырған.

Дұшпан бол алдымен нәпсі қайғысына,

Одан құтыласың, бағынсаң маған.

Әмір Сұлтан ізбасарларына Дәуіт пайғамбарға жасалған шақыруға құлақ беруді үгіттейді. Бұл шақыру алдымен «мендік» қайғысын тастауды қажет етеді. Ақиқаттың жолдары тек қана осы арқылы ашылады адамзатқа.

Кел қазір дұшпан бол сен де нәпсіңе,

Босқа өткіз ол не тілесе.

Егер бұл жайтта тастасаң дүниені,

Өзіңе басшы қыл әулиені.

«Мендік» адамнан тоқтамастан бір нәрселер сұрайды. Ананы ал, мынаны да ал, әр нәрсені қала, әр нәрсеге ие бол! Нәпсінің парольі міне, осы үш сөйлем. Есіктерді ашатын парольдің бұл сөйлемдер екенін ойлағандарға Әмір Сұлтан ғасырлар бұрын ескерткен. Және оларды нәпсілеріне қарсы көтеріліске шақырған. «Ол не айтса қарама-қайшы жасаңдар» дейді. Міне, осылайша жүректердегі әртүрлі екі жүзділік тасталып, ақиқаттың есіктері соңына дейін ашылады.

Егер ұқсаң істейтінің бұл,

Нәпсінің қаталдығынан құтыл,

Мендік арманынан аулақ бол,

Құласаң шайтаннан алыс бол.

Әмір Сұлтанның әрқашан бұл өлең жолдарын сыбырлап жүргені айтылады. Демек басқаларға әңгімесін айтып, өзі жеп отырғандардан емес еді. Айтқаны мен істегені бірдей адам болған. Басқаларға не айтса, сол сөздерді өз нәпсісіне де айтып отырған. Адамдарды тәрбиелеп жатса, өз меңдігін тәрбиелеуден ешқашан бас тартпаған. Міне, Әмір Сұлтанның сөздерінің дұрыстығы да, мінезіндегі шынайылық та осы үлкен жігерліліктің қорытындысы болатын.

Қазіргі Әмір Сұлтан жерленген мавзолей - адамдар жиі барған бір зиярат орны. Алланың атын сағынғандар, көңілін тыныштандырғысы келгендер оған зиярат жасап, көңілін пайдалануға тырысады. Мына өлеңде айтылғандай:

Әмір Сұлтан дәруіштері

Тәспімен мақтау жұмыстары,

Қатарымен ұшады хума (жәннәт) құстары

Әмір Сұлтанның төбесінде.

Негізі әр күн ашық бұл жер, бірақ әсіресе көктем келіп, қызыл балдыр гүл ашқан кезеңдерде зияратшылар саны артады. Әмір Сұлтанның шәкірттері мен жақсы көргендер әлемнің жан-жағынан келіп, оны зиярат етеді. Бұл шамамен 500 жылдық бір дәстүр. Кейбіреулер бұған қызыл балдыр уақыты десе, кейбіреулер қызыл балдыр мерекесі деп атайды.

Әмір Сұлтан Бурса қаласының символына айналған қызыл балдырлардың рахаттандыратын әдемі иісі астында өлімінен кейін де адамдардың басын біріктіруде.



Ұқсас жаңалықтар