Күн Тәртібі-08

АҚШ Сирияда террор ұйымы PKK-мен заңсыз одақтастығын жалғастыруда.

916914
Күн Тәртібі-08

Түркия және Сирия оппозиционерлерінің Афринді YPG террористтерінен залалсыздандыру үшін бастаған Зәйтүн бұтағы операциясына бір ай болуда. Америка Құрама Штаттарының террорға жасаған қолдау себепті Түркия-АҚШ арасында дағдарыс шықты. Түркия террордың әрі Сирияның территория тұтастығына, әрі де өз ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін көруде. АҚШ болса Сирияда террор ұйымы PKK-мен заңсыз одақтастығын жалғастыруда. Екі НАТО одақтасы арасындағы дағдарыс соңғы кезеңде «террорға қолдау» себепті ушықса да, әслінде тарихқа негізделген үлкен жүйелік мәселелер бар. АҚШ-тың Мысыр төңкерісін қолдауы және ең бастысы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артқы жағындағы FETÖ-ны жақтауы салдарынан Түркия-АҚШ қарым-қатынасы қатты әлсіреді.

Түркия және Сирия оппозиционерлерінің Афринді YPG террористтерінен залалсыздандыру жөнінде Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркия-АҚШ қарым-қатынастарына байланысты «Қарым-қатынастарымыз маңызды бір түйінде. Қарым-қатынастарымыз оңалады немесе түбегейлі бұзылады» деді. Бұл сөз Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайын айқын түрде бейнелеуде. АҚШ тарапы Түркияның сезімталдығын түсінгісі келмесе де, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның ДАИШ жиналысындағы баяндамасына тоқталып, «Біз бұдан кейін бос сөз емес, нақтылы қадамды көргіміз келеді» деп айтуы Түркияның АҚШ-қа деген сенімінің азайғанын, сондай-ақ берілген уәделердің орындалуын да талап етуде. Америка Құрама Штаттары Түркияға берген уәделерін орындамаған жағдайда, Түркия маңызды шешімдер жасауы мүмкін. АҚШ одақтасқа сәйкес және Түркиямен қарым-қатынастарына қарата кейбір қадамдар басқанның өзінде өзара сенім орнатуы бірталай уақыт алады. 

         Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Түркияның шекараларында құрылуы жоспарланған террор коридоры және террордың мемлекетке айналу жобасын күйрететіндерін білдірді. Сонымен қатар Боздағ «АҚШ, PKK/KCK/PYD/YPG террор ұйымдары тақырыбында Түркияны алдаудан бас тартуы керек. Аттарын өзгерту арқылы террор ұйымдарын және террористтерді жасыра алмайтынын, сондай-ақ бейнелерін өзгерте алмайтынын білулері шарт. PYD мен YPG-нің террор ұйымы екенін шартсыз түрде қабылдауы керек. АҚШ-тың террор ұйымдарымен ынтымақтастық жасауларына болмайды. АҚШ-тың террор ұйымдарына қару-жарақ, жабдық, көлік және басқа да жәрдемдерін дереу тоқтатуы керек және террор ұйымдарына берген қаруларын жинауы шарт» деген мәлімдеме жасады.

Осындай жағдай аясында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Түркияға маңызды сапар жасады. Президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірнеше сағат кездескен Тиллерсон Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұмен екі жақты кездесу өткізді. Өткізілген кездесулерде тараптардың бір-бірлерін стратегиялық одақтас ретінде қарағандары анықталды. Түркия тағы бір мәрте АҚШ-қа талаптарын жеткізді. Манбидж те қамтылған Сирияның солтүстігіне байланысты кездесулер өткізу үшін бір механизмнің құрылуы жөнінде шешім жасады. Алайда Түркия АҚШ-пен кездесулерін жалғастырған кезде бір жағынан PKK/YPG террор ұйымына операцияларды табанды түрде жалғастыратынын ортаға қойды.

Әрине, АҚШ пен Түркия арасындағы мәселелер тек PKK/YPG мәселесі ғана емес. АҚШ-тың Түркияға аймақта қорғаушы бір актер ретінде қарамағанын байқаймыз. АҚШ-тың барлық назарын Ердоғанға аударғанын және тұғырын Түркияның исламға бет алу сөздеріне шоғырландырғанын көреміз. Ұзақ уақыттан бері медиа органдары тарапынан айтаққа салынған және Түркия ішіндегі жақтаушылары тарапынан қолдау жасалған түсінік Түркияның ұлттық мүдделеріне көлеңке түсіруде, сондай-ақ дау-дамай негізін басқа жаққа аударуда. Мысалы АҚШ-та Түркия туралы адам құндылықтары жөнінде талқы жүргізсе, Орташығыста АҚШ бақылауындағы Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Мысырдағы адам құқықтары және адам құндылықтарына көңіл бөлуде. АҚШ-тың Түркияға мұндай тұғырының басты себебі Түркияның еркін және тәуелсіз бір сыртқы саясат ұстануынан туындауда.

Мысалы 15 шілде күнгі FETÖ төңкеріс әрекеті барысында АҚШ «Төңкеріс болып болмағанын талқылаудамыз» деген мәлімдеме жасады. Төңкерістен кейін түрік халқының қасында болудың орнына төңкерісшілдердің жағдайымен айналысты. Инжирлик базасының төңкерістегі маңызды рөлі әслінде екі ел арасында бір бетбұрыс түйіні болуда. FETÖ террор ұйымы лидерінің АҚШ-та болуы, CIA-ның және басқа АҚШ ұйымдарының FETÖ-ға қолдау көрсетуі Түркия мен АҚШ қарым-қатынасы қатты дағдарысқа ұшыратты. АҚШ-тың Түркия тарапынан ұсынылған талай дәлелді құжаттарға қарамастан FETÖ террор ұйымы лидерін Түркияға қайтарып бермеуі және террор лидері жөнінде құқықтық процестің басталмауы АҚШ-тың 15 шілде күнгі FETÖ төңкеріс әрекетінен мазасыз болмағанын көрсетуде.

АҚШ пен Түркия арасында маңызды бір кірбеңдік тақырыбы болса Мысырда төңкеріс арқылы құлатылған Мұхаммед Мурси үкіметі болып табылады. Түркия Мысырдың алғашқы демократиялық жолмен сайланған президентін қолдағанымен АҚШ назарында Түркия исламшыл бір үкіметті қолдаған болады. АҚШ Сисидің төңкерісіне риза болса, Түркия Мурси үкіметіне деген қолдауын жалғастырды. Бұл Орташығыс үшін АҚШ және Түркия арасында маңызды бір көзқарас айырмашылығын паш етуде. Мысалы Түркия Орташығыстағы мемлекеттердің үкіметтері халықтар тарапынан сайлануын қаласа, АҚШ өз мүдделері аясында әрекет ететін үкіметті жақтауда. АҚШ-та кең қанат жайған көзқарас бойынша Орташығыста еркін сайлаулармен билік басына келген үкіметтер АҚШ жақтаушысы емес, АҚШ-тың мүдделерін қатерге апарып соғады. 


Этикеттер: #АҚШ , #Сирия , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар