Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ватикан сапары

Түрік сыртқы саясатының бағдары 07

911404
Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ватикан сапары

Ватикан және католик әлемі мен Түркия арасындағы алғашқы ресми қатынас Фатих Сұлтан Мехмет Хан дәуірінде басталған болатын. Бұл Папалықтың Стамбұлда үздіксіз бір өкіл тағайындауына мүмкіндік берді. 1959 жылы Түркияның сол кездегі президенті Джелал Баярдың Ватикан сапары және Папа XXIII Джанмен бас қосуының артынан 1960 жылы 11 сәуір күні дипломатиялық ынтымақтастық ресми түрде құрылды. Кейін болса екі жақты өкілеттіктер ашылды. Түркияның Ватикандағы өкілетті және төтенше елшілігі 1962 жылы қызметін бастады. Түркияға Папаның алғашқы сапары 1967 жылы Паул VI тарапынан жүзеге асты. 1979 жылы Папа Джан Паул II, 2006 жылы Бенедикт XVI және соңғы рет 2014 жылы 28-30 қараша күндері арасында Папа Франциск Түркияға сапар ұйымдастырған болатын.

Түркия Республикасы президенті Ердоған Папа Францисктің шақыруымен қысқа уақыт бұрын Римге барып қайтты. Ердоған Ватикандағы кездесуіне қоса Италия президенті Серджо Маттарелла, премьер-министрі Паоло Джентилони және іскерлермен бас қосып, Түркия-Италия ынтымақтастығын бағалады. Президент Ердоған мен Папа кездесуінде Түркия-Ватикан ынтымақтастығы, Иерусалиммен байланысты оқиғалар, аймақтық мәселелер, Сириядағы гуманитарлық трагедия, террор, шетел және ислам дұшпандығы сияқты тақырыптар қолға алынды. Түркия Республикасы президенттік аппаратынан кездесумен байланысты бір мәлімдеме жасалды. Мәлімдемеде жүзеге асқан кездесу барысында АҚШ әкімшілігіне Иерусалим шешімінің зияндары мен іске асырылмауы жөніндегі үгіт-насихаттауды жалғастырудың маңыздылығына назар аударылды.

Ердоған мен Папа кездесуде Иерусалимнің БҰҰ қарарлары мен халықаралық заңдар тарапынан белгіленген ережесін қорғау керектігі атап көрсетті. Ердоғанның Ватикан саяхатының символдық бір маңызы да бар. 59 жылдың артынан алғаш рет бір Түркия Республикасы президенті Ватиканға барды. Сондай-ақ католик әлемінің рухани басшысы Папа мен Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) кезекті төрағасы Ердоған бұл сапар арқылы Иерусалим тақырыбындағы ортақ мәселелерді тағы бір рет әлем күн тәртібіне әкелді.

Баршаға мәлім, АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы 6 желтоқсан күні Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде тануға шешім қабылдады. Бұл шешімге ең ықпалды наразылық президент Ердоғаннан келді. Ердоған көптеген әлем басшысына қоса Папа Францискпен екі рет телефонда сөйлескен еді. Папа Франциск Иерусалимнің үш діннің бағынушылары үшін қасиетті екенін атап, «БҰҰ қарарларымен қабылданған мәртебені құрметтеуге» шақырды. БҰҰ Бас Ассамблеясының дауыс беру отырысында АҚШ-тың жалғыз қалуына осы ортақ және заңды наразылықтар ықпал етті. АҚШ-тың бейбітшілікке зиян келтіретін бұл шешіміне қарамастан Ватикан мен Еуроодақтың Иерусалим тақырыбында ортаға қойған ұстанымы Ислам әлемі мен батыс ынтымақтастығы арасындағы үлкен дағдарыстарды да артта қалдырды. Ердоған АҚШ-қа қатаң сындары тек Ислам әлемінің емес, сондай-ақ Еуропа мен христиан әлемінің де Иерусалим мәселесіндегі мазасыздығын тілге тиек етті.

Папа Франциск міндетке келгеннен бастап келіссөзге ашық, шынайы және ашық сөзді басшылық көрінісі танытты. Ватикан Иерусалим тақырыбында ортаға қойған ұстаным Ислам әлемінде жағымды қабылданды. Бұл ұстаным мұсылмандар мен католиктерді бір-біріне жақындастырды. Бұл жағдай негізінде таңқалатындай емес. Әйтсе де Иерусалим католиктер үшін де қасиетті бір жер. Сондықтан АҚШ пен Израильдің бір жақты шешімін қабылдауы әрине мүмкін емес.

Ердоғанның Ватикан сапары соңғы кездегі Түркия-Еуроодақ арасындағы жақындасу талпынысы мен террормен күрес күн тәртібі тұрғысынан да маңызды. Папа Франциск 2017 жылы наурыз айында Еуроодақ басшыларымен болып өткен жиналыста «Еуроодақтың өз кемшіліктеріне көз жүгіртіп, алпыс жылдан бері келе жатқан ауруларын емдеуде жаңа әдістер табу керектігі» мәлімдемесін жасаған болатын. Транс-Атлант одағындағы өзара келіспеушіліктер асқынған бір кезеңде Еуропаның қауіпсіздік, тұрақтылық және босқын тақырыптарында Түркиямен жақын ынтымақтастыққа қажеттілігі бар. Ішкі дағдарыстарын шешу де қиналған Еуроодақ Сирия мен Ирактағы дағдарыстарға тікелей араласа алмады.

Таяу Шығыстағы дағдарыс тікелей ықпал еткен Еуропа Түркиямен ортақ бір тұғырда аймақтық теңдікке ықпал етуі мүмкін. Түркияның террор ұйымы PKK-YPG-мен күресіне беретін қолдауы Еуроодақты Түркияға жақындастырады деп ойлаймыз.

Ердоған мен Папа кездесуінде назар аударылған Иерусалим ынтымақтастығы Еуропаның ішіне бағытталуының алдын алуы мүмкін. Сондай-ақ Түркиямен қарым-қатынастарды жандандыру тұрғысынан басылатын символдық қадам болуы мүмкін. Кездесуде күн тәртіпке келген шетел және Ислам дұшпандығымен ортақ күрес тұрақтылығы да басқа бір жағымды қадам болып табылады.

Қорытып айтқанда, бұл сапар Түркия Республикасы мен президент Ердоғанның бейбітшілік, қауіпсіздік және достықты негізге ала отырып бірге жұмыстану ниетін ортаға қояды.



Ұқсас жаңалықтар