Жаһандық перспектива - 7

Батыс Фракия түріктері: Ассимиляцияға жол жоқ

910432
Жаһандық перспектива - 7

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Батыс Фракия түріктері: Ассимиляцияға жол жоқ

Бір сәтке ойлап қараңыз. Өзіңізді қалай атасаңыз, (неміс, араб, түрік, мұсылман, атеист…) мың жылдан астам уақыт бойы сіз өмір сүрген елде мемлекет сізге «жоқ, сіз ол емессіз» және «сіз олай деп атайтын қоғам осы елде тұрмайды» дейді.

«Адамдар өздерін қалай атаса да,  мемлекеттерінің жұмысы не? Мемлекеттер қоғам өзін қалай атаса,  соны қабылдайды. Бұл дәуірде мұндай нәрсе болмайды» деп ойлайтын шығарсыз.

Сізге «дұрыс айтасыз. Осындай фашистік түсінік қазіргі кезге жараспайды.  Тарихта қалған нәрсе» деп айтқым келеді.

Бірақ, өкінішке орай, олай емес.  Бұл жағдай Еуропа Одағына мүше Грекияда әлі де жалғасуда.  Адамдар грек үкіметіне мың жылдан бері осында мұсылман және түрік ретінде өмір сүріп келе жатқандарын қабылдаттыру үшін күресуде.

Батыс Фракия түріктерінің жағдайы жөнінде айтып отырмын.

Батыс Фракия түріктері Османлы империясынан бұрын да осы жерде өмір сүретін.  Осман мемлекеті кеткеннен кейін Батыс Фракиядағы мұсылман азшылық халықтың құқықтарын халықаралық және өзара келісімдер кепілге алды.  Бірақ іс жүзінде осы құқықтардың көбі қағаз бетінде қалып қойған.  Бүгін бұзылған осы құқықтардың тек біреуіне ғана тоқталып өтпекпін.

 Жаралы сана

Саяси,  мәдени құқықтар секілді барлық құқық пен еркіндіктер маңызды әрине және қымбат.  Бірақ адамның өзін қалай немесе кім деп атайтыны – ең негізгі адам құқықтарының бірі. Антологиялық бір құқық.  Адам құқықтары ғаламдық декларациясының 6-шы бабына қарағанда, «Барша қайда болса болсын құқықтық куәлігінің танынуы құқығына ие».  Адамның өзін қалай атайтыны да мемлекеттің емес,  адамның өзінің мәселесі және куәлігінің бас тартылмас бір бөлшегі.  Бір адамның өзін атаған куәлігі немесе тәнділігіне қарсы шығу ол адамның болмысына қарсы шығумен тең. Бәлкім сондықтан Амин Маалуф бір кітабында адамның куәлігінің ең көп жараланған жерінен қалыптасқанына назар аударады. Себебі өзін атаған куәлік пен болмысына қарсы шығылған адам болмысын көрсету үшін барлық қысымдарға төтеп береді.  Алғашқы христиандар мен алғашқы мұсылмандардың өздеріне жасалған қысымдарға қарсы жүргізген күресі, өз куәліктерін қабылдаттыру үшін шыдаған зұлымдықтары  - осы жағдайға мысал.

Қабылданбаған түрік бірегейлігі

Батыс Фракиядағы түрік бірегейлігі аясында болған оқиғалар да осыған ұқсас.  1927 жылы құрылған «Ксанти/Искече түрік одағы» 1980 жылдарға дейін жұмысын жүргізеді.  Атауында түрік сөзі болғандықтан 1983 жылы қауіпсіздік күштері маңдайшаларын алып тастайды. Жұмыс істеулеріне рұқсат берілмейді.  Қоғамдық ұйым грек жергілікті соттарының және Жоғары соттың «Батыс Фракияда түрік жоқ» деген үкімімен жабылады. Осыған орай Батыс Фракияның мұсылман түріктері соттық істі Еуропадағы Адам құқықтары сотына береді.  Еуропадағы Адам құқықтары соты 2008 жылы Ксанти түрік одағын ақтап шығады.  Бірақ грек заңнамасына қарағанда Еуропа соты үкімі бірден қабылданбайды.  Қайтадан ішкі құқық жолдарына өтініш беру керек.  Батыс Фракия түріктері соңғы он жылдан бері Грекияның Еуропа Адам құқықтары сотының үкімін орындауы үшін күресіп келеді.  Осыған байланысты соңғы соттық іс 2018 жылдың 9 ақпан күні Комотини/ Гүмилджине сотында қаралды және тағы да  нәтиже шықпады.

1983 жылы басталған және ең негізгі адам құқықтарының бірін бұзған істің жөнделуі үшін 35 жылдан бері күрес жүргізіліп келеді. Батыс Фракияда мұсылман түріктер еш шаршамастан, заңдылықты еш аттап баспастан күрестерін жалғастыруда. 35 жылдан бері Грекиядан және Грекияға қажетті қысымды көрсетпеген Еуропа Одағынан әділет күтеді.  Бірақ осы үрдісте грек мемлекеті әділеттің орнына қорқыту саясаттарына мән беріп келеді.

Ұлттық тойтарыс күні

1988 жылы 29 қаңтар күні Батыс Фракия түріктері өздерінің бірегейліктеріне қарсы шығып,  өздерін жоқ деп есептеген грек сотының үкіміне қарсы ауқымды митинг ұйымдастырады.  Осы күннен кейін 29 қаңтар Ұлттық Тойтарыс күні деп жарияланады.  Бірақ Грекия осы атаулы күнде жүргізілген шараларға қысым және кедергі арқылы тосқауыл қойып келеді.  1990 жылғы Ұлттық тойтарыс күніне он мыңдаған адам қатысып,  бірегейліктерін көрсетті. Бірақ осы демократиялық және заңды шерулер барысында фанатик гректер түріктерге шабуылдады.  Екі күн бойы жүздеген түріктің жұмыс орындары талан-таражға салынды,  қиратылды.  Ксанти мүфтиі Мехмет Емин Ага және сол кездегі тәуелсіз депутат Ахмет Фаикоғлу сынды көптеген түрік ауыр жарақат алады.  Грек полициясы осыларды тек тамашалап қана отырады.

Түрік бірегейлігіне қарсы шығу ғана ма?

Грекиядағы проблемалар өкінішке орай тек түрік бірегейлігіне қарсы шығумен шектеулі емес. Заңдар және өзара келісімдермен кепілге алынғанына қарамастан өз мүфтилерін сайлауларына рұқсат берілмеуі, ғибадат еркіндіктерінің шектелуі,  меншік құқықтарына шектеме,  тартып алынған фонд мүліктерін қайтарып бермеу,  білім алу құқықтарының шектелуі, азаматтықтан шығарылған оң мыңдаған мұсылман түрік... Батыс Фракия түріктерінің проблемаларын жақыннан білгісі келетіндер Катип Челеби Университеті тарапынан түрік,  грек және ағылшын тілдерінде дайындалған Грекияның Адам құқықтарын бұзушылықтары рапортын оқуына болады.

Грекия осы құқық бұзушылықтары Түркияның Акдамар шіркеуін реставрациядан өткізіп,  ашуы,  Габриэль монастырының жерін қайтарып беру,  Гөкчеада аралындағы Понти мектебін білімге беруге қайта ашу,  Стамбулдағы Болгар шіркеуінің реставрациясының барлық қаражатын төлеуі секілді бірқатар оң қадам басқан кезеңіне дөп келді.

Мәселенің көңіл құлазытатын басқа бір жайты болса әрі Еуропа Одағы мекемелерінің,  әрі халықаралық мекеме мен ұйымдардың ондаған жылдан бері жалғасып келе жатқан осы құқық бұзушылықтардың алдын алуға жеткілікті белсенді саясат жүргізе алмауы.  Осы құқық бұзушылықтар Ислам әлемінде де жеткілікті түрде білінбей келеді.

Одан да қинайтыны - Түркиядағы адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар мен зиялылардың өз елдеріндегі қарапайым адам құқықтары проблемаларын жетік білсе де,  дәл қасындағы Грекияда болып жатқан бұзушылықтар жөнінде өте аз білуі.

Грекияның Адам құқықтарын бұзушылықтар рапорты секілді еңбектердің саны артып,  азаматтарымыз басқа елдерде болып жатқан құқық бұзушылықтары жөнінде көп мәліметі болсын деп тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар