"Терроризммен күреске қолдау" мәлімдемесі

Түркияның зиялы қауымының үндеуі

896300
"Терроризммен күреске қолдау" мәлімдемесі

Сирия жері -  бір географиялық топырақ болудан гөрі байырғы заманнан бері тарихи маңызы бар оқиғаларға куә болып,  өркениетіміздің ұлы тұлғалары өсіп-өнген жерлер. Осы топырақта түрік,  күрд,  араб және басқа да халықтар ғасырлар бойы тату-тәтті өмір сүріп, осы бауырластыққа қауіп төндірген барша жауға қарсы бірге күресіп,  бірліктерін нығайтқан.  Анадолы – Сирия жерлері бауырластықтың,  ұйымшылдықтың, құндылықтарымыздың символы.

Осы бауырластыққа әрқашан дұшпан шабуылы болып тұрды. Осындай шабуылдар 1915-1918 жылдар арасында болғаны секілді кейбір кездерде ашық басқыншылық түрінде жүзеге асты,  бірақ әрқашан идеологиялық, этникалық-нәсілшіл жікшілдік әдістерімен жалғасын тапты. Сирия территориясында бүгінгі күні болып жатқан оқиғалар кейбір ғалым, зиялы және белсенділер айтқандай этникалық алаң жарысы емес.

Бүгін шекарамыздың дәл қасында уақыт өте келе еліміздің территория тұтастығына қарсы қауіпке айналатын,  Таяу Шығыстың қайтадан империалист күштер тарапынан қалыптастырылуына қызмет ететін, мемлекетке ұқсас бір құрылымның құрылуына бағытталған қадам басылуда.  Осы қадамдар тамырлы бауырластығымызға және аймақтық тұрақтылығына қауышуына қауіп төндіруде.

Аталмыш жасанды бастама іргетасынан шығаратын қорытындысына дейін «шірік», сәтсіздікке ұшырайтын,  алайда күш-қуатымызды әлсірететін,  аймақ халықтары арасында дұшпандық пен қанды соғыстардың туындауына жол ашатын қауіпті процес. Осы қауіпті процеске Түркияның зиялысы, ғалымы мен үкіметтік емес ұйымдарының үнсіз қалуы мүмкін емес. Тарихи жауапкершілігімізге орай төмендегі жайттарға ұлттық және халықаралық қоғамның назарын аударуды жөн көрдік:

  • Біріншіден, Түркия 1946 жылдан бүгінге дейін демократиясын нығайту бағытында үлкен жетістіктерге қол жеткізген ел. Өңірдегі көп партиялы жұмыс істеп тұрған жалғыз демократия.  Осы негізде еліміз 1952 жылынан бері НАТО-ға мүше ел ретінде 65 жылдан бері ұйымға мүше басқа елдермен одақтастық қатынасын жүргізіп келеді.  Сонымен бірге өңірдегі басқа елдермен салыстырылмайтындай деңгейде азаматтық қоғам құрылымына,  еркін нарық экономикасына және білім сапасына ие.
  • Осыған қарамастан жарты ғасырдан астам уақыттан бері бір одақтың ішінде одақтас болып келген АҚШ Маоизм негізінде құрылған террорлық ұйым PKK/PYD/YPG-мен серіктес болып,  солтүстік Сирияны қайта құруға талпынуда. Демократия принциптері мен Пол Поттық жүйе ізденісіндегі террорлық топтар бір-бірімен сабақтаспайды.  Қарудың күшімен халықты қорқытып, өзіне алаң ашуға тырысқан,  терроризмді мақсатына жету үшін құрал ретінде қолданған бір құрылым ешбір демократиялық бастаманың бір бөлшегі бола алмайды.
  • PKK мен PYD арасында ешбір айырмашылық жоқ. PYD -  PKK-ның Сириядағы қанаты болудан басқа ешбір ерекшелікке ие емес. Абдуллах Өджалан басшылығында 1978 жылдың 25 қараша күні құрылған PKK террорлық әдістермен бүгінге дейін 30 мыңнан астам адамды өлтірді.  Соңғы бір жыл ішінде осы ұйымның шабуылдарында қаза тапқан адам саны 40-қа жетті. PYD – елімізге Сирия шекарасынан шабуылдап отырған бір ұйым.  PYD біздің жерімізге Сирия шекарасынан террорист және қару жолдап отыр.  Үйымның қазіргі басшылары PKK-лық террористтер. Сирияда өткен ұйымның жиналыстары мен шерулерінде Абдуллах Өджаланның суреттерінің орын алуының өзі PKK/PYD бірлігін дәлелдеу үшін жеткілікті.
  • Осындай шындықтарға қарамастан,  Америка Құрама Штаттары PYD террорлық ұйымына (АҚШ лауазым иелерінің мәлімдемелеріне қарағанда) 3 мың фуга қару, шамамен 2,2 миллиард доллар көмек берді. АҚШ лауазым иелері сонымен бірге аймақта осы ұйымнан тұратын бір армия құрылатынын жариялады. Іс жүзінде Түркияға қарсы шабуыл жасайтын бір ұйымға берілген қару-жарақ және әскери дайындық  - елімізге тікелей қауіп. Осы әскери материал Түркияда қауіпсіздік күштеріне бағытталған шабуылдарда қолданылуда және әскери дайындықтан өткен террористтер осы шабуылдарды жүзеге асыруда.  Бұл жағдайда Түркия мен халқының жақсы қабылдауы мүмкін емес.
  • Америка Құрама Штаттары PYD ұйымымен арасындағы осы серіктестікті ДАИШ-ке қарсы күрес деп атауда.  Ал АҚШ ДАИШ-ке қарсы бірігіп күресу жөніндегі Түркияның ұсынысын кері қайтарып, ДАИШ террор ұйымының күші едәуір әлсіретілгеніне қарамастан PYD-мен серіктестігін нығайтуын жалғастыруда. Оның үстіне құрылатын армияның міндет алаңы ретінде Түркияның шекарасының көрсетілуі – қабылданбайтын жағдай. Америка Құрама Штаттары Сирияның солтүстігінде ДАИШ террорлық ұйымымен тікелей соғысу арқылы ұйымға ең үлкен шығынды Түркияның бергенін елемей келеді.  Тіпті ДАИШ-ке бағытталған Евфрат қалқаны операциясына да кедергі болуға тырысып, одақтастық қатынасында күдік туғызуға да себеп болды.
  • PKK/PYD – өңірде өмір сүретін күрдтердің өкілі емес. Бақылауына алған жерлерде өздерінің билігін танымаған күрд және араб азаматтарды ғасырлардан бері тұрып келе жатқан жерлерінен қуып шығыпғ өзін сынаған адамдарға жәбір-жапа көрсетіп, қысымшыл әдістермен қорқытуға тырысып, этникалық тазалық операцияларын жүргізіп, күшін нығайтуға тырысты. Айырықша әйелдер мен балаларды әскери қақтығыстарда жанды қалқан ретінде қолданып келеді.  АҚШ өңірдегі болмысымен осындай істерге үнсіз қалуы арқылы өз қолдауын көрсетті.
  • Осылардың барлығы АҚШ- PYD серіктестігінің мақсатының ДАИШ еместігін, PYD-нің де күрдтердің өкілі емес, террорлық ұйым екенін анық көрсетеді.

Америка Құрама Штаттары бір террорлық ұйыммен серіктесу арқылы Түркиямен тарихи одақтастық қатынасына қатер төндіруде.  АҚШ 15 шілде төңкеріс әрекетінің басшысы Фетуллах Гүленді де қорғауын жалғастыруда.  Визаларды кешіктіру арқылы түрік халқын жазаландырып, «тәптіпке саламын» деген қате пікірмен қозғалып, Түркия халқының наразылығын тудыруда. Түркия осылардың барлығына қарамастан демократиясын нығайтып,  өңірге бейбітшілікті қайта әкелуге табанды.  Түркия осы бағыттан таймайды.

Проф. Др. Абдулхалик Карабулут, Ағры Ибрахим Чечен Университеті

Абдулкадир Ай, Ұлттық білім беру министрлігі

Проф. Др. Абдулкадир Булуш, Неджметтин Ербакан Университеті

Доц. Др. Абдуллах Айдын, Мұстафа Кемал Университеті

Проф. Др. Абдуллах Чавушоғлу

Доц. Др. Абдуллах Тырабзон, Стамбул Университеті

Абдуррахим Шеношак, Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі

Доц. Др. Аднан Күчүк, Кырыккале Университеті

Ахмет Б. Арпа, экономист

Ахмет Шевки Зенгин, Ахмет Ясауи Университеті бас хатшысы

Проф. Др. Ахмет Уйсал, Стамбул Университеті

Ахмет Вехби Коч, Ұлттық білім беру министрлігі

Али Сали, Премьер-министрлік

Доц. Др. Али Бүйүкаслан, Стамбул Медипол Университеті

Арда Акчичек, саясаттанушы

Атила Демиркасымоғлу, Анкара Онкология ауруханасы

Проф. Др. Айсун Бай Карабулут,  Йылдырым Беязыт Университеті

Доц. Др. Бахаттин Карадемир, Чукурова Университеті

Проф. Др. Билгехан Атсыз Гөкдағ, Кырыккале Университеті

Проф. Др. Бирол Акгүн, Йылдырым Беязыт Университеті

Доц. Др. Бирол Мержан,  Неджметтин Ербакан Университеті

Проф. Др. Бурхан Айкач, Стамбул Даму Университеті

Проф. Др. Бүлент Баят,  Гази Университеті

Доц. Др. Бүниямин Таш, Аксарай Университеті

Доц. Др. Джахит Бағджы,  Түркия ағарту фонды

Джахит Ерчачан, Сиирт Университеті

Джан Аджун – SETA

Доц. Др. Джан Джейлан,  Стамбул Медипол Университеті

Джелал Семиз,  Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрлігі

Проф. Др. Дженгиз Анык, Мармара Университеті

Доц. Др. Дженгиз Шахин, Кастамону Университеті

Проф. Др. Джевдет Джошкун, Гиресун Университеті

Доц. Др. Джейхун Джан Өзджан, Неджметтин Ербакан Университеті

Проф. Др. Четин Кая Коч, UC Santa Barbara

Доц. Др. Ебубекир Джейлан, Стамбул Техникалық Университеті

Екрем Чораклык, Энергия және табиғи ресурстар министрлігі

Ертугрул Башер, зейнеткер

Фадиме Өзкан, Стар газеті

Доц. Др. Фахреттин Өндер,  Сүлейман Демирел Университеті

Зерттеуші Фарук Темел, Ерджиес Университеті

Фатих Акбаба,  жазушы

Проф. Др. Фатих Савашан, Ұлттық қорғаныс Университеті

Проф. Др. Фатих Ушан,  Йылдырым Беязыт Университеті

Гүлдалы Джошкун, Милат газеті

Проф. Др. Гүлгүн Ердоған Тосун,  Эгей Университеті

Проф. Др. Х. Ибрахим Сарыоғлу, Стамбул Университеті

Проф. Др. Халил Алтынташ,  Ерджиес Университеті

Проф. Др. Халык Алкан, Стамбул Университетің

Харун Кабан, жазушы

Оқытушы Хакан Шахин, Медипол Университеті

Хамит Күчүкбатыр,  Мерсин қалалық муниципалитеті

Зерттеуші Ханде Сунгуроғлу, Чанкыры Каратекин Университеті

Хасан Өзтүрік, Ülke Tv

Доц. Др. Хасан Фуркан, Кахраманмараш Сүтчү Имам Университеті

Зерттеуші Хаяти Үнлү, Стамбул Университеті

Хикмет Салахаддин Гезиджи, Селчук Университеті

Доц. Др. Хүсаметин Ватансев, Селчук Университеті

Хүсейін Өз, Hizmet-İş кәсіподағы төрағасының уәкілі

Ихсан Акташ, GENAR

Ихсан Аял, Стамбул Өркениет Университеті

Илияс Топчуоғлу, Анкара адвокаттар алқасы

Др. Исмаил Чаглар, SETA

Исмаил Акбыйык, Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі

Оқытушы Исмаил Гөктүрік, Казраманмараш Сүтчү Имам Университеті

Доц. Др. Кадир Идин, Стамбул Медипол Университеті

Кенан Серефли,  Ұлттық білім беру министрлігі

Доц. Др. М. Акиф Сарыкая, Стамбул Техникалық Университеті

Мазмут Евкуран, Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрлігі,  министрлік кеңесшісі

Махмут Каан Илгар,  Eğitim-Bir-Sen кәсіподағы Карс филиалы басшысы

Мехмет Айкал, Газипаша

Доц. Др. Мехмет Ейюп Кириш,  Афион Коджатепе Университеті

Мехмет Халук Учкун, Жастар және спорт министрлігі

Мехмет Садык Барык, құрметті демалыстағы мұғалім

Проф. Др. Мехмет Шахин, Полиция академиясы

Проф. Др. Мехмет Тунчер,  Қаратеңіз Техникалық Университеті

Мерве Шевнем Оруч, Йени Шафак газеті

Доц. Др. Метин Аксой, Селчук Университеті

Доц. Др. Метин Челик, Селчук Университеті

Проф. Др. Метин Доған,  Йылдырым Беязыт Университеті

Зерттеуші Метин Өзкан, Гази Университеті

Проф. Др. Мухсин Кар, Нигде Өмер Халисдемир Университеті

Мурад Кафадар,  Мегаполл зерттеу

Доц. Др. Мурат Киришчи, Стамбул Университеті

Проф. Др. Муса Йылдыз,  Ахмет Ясауи Университеті

Доц. Др. Мұстафа Аслан,  Аднан Мендерес Университеті

Мұстафа Шывгын, Шывгын құқықтық кеңсесі

Проф. Др. Музаффер Шекер, Кония Неджметтин Ербакан Университеті ректоры

Проф. Др. Наджи Гүндоған, Анадолы Университеті

Нихал Бенгису Караджа,  ХаберТүрік

Доц. Др. Нусрет Гөксу, Кахраманмараш Сүтчү Имам Университеті

Др. Оғузхан Билгин, Гази Университеті

Доц. Др. Оғузхан Янарышык, Ерзинджан Университеті

Проф. Др. Осман Еравшар,  Жерорта теңізі Университеті

Проф. Др. Осман Хората,  Хаджеттепе Университеті

Проф. Др. Өмер Пакиш, Хаккари Университеті ректоры

Өзлем Чағлар Йылмаз, Үкіметтік емес қоғам басқарушысы

Доц. Др. Рамадан Доған,  Фрация Университеті

Проф. Др. Рамазан Йелкен, Йылдырым Беязыт Университеті

Доц. Др. Реджеп Йорулмаз,  Афион Коджатепе Университеті

Садуллах Өзджан,  Милат газеті

Проф. Др. Салих Йылмаз,  Ресей зерттеулері институты

Доц. Др. Селахаттин Чынар,  Килис 7 желтоқсан Университеті

Доц. Др. Сейфуллах Йылдырым,  Йылдырым Беязыт Университеті

Оқытушы Селчук Аслан, Думлупынар Университеті

Суави Кемал Язгыч, TRT

Проф. Др. Шафак Ертан Чомаклы, Полиция академиясы

Проф. Др. Шахмурат Арык, Кастамону Университеті

Шенол Метин, Eğitim-Bir-Sen кәсіподағы Кония Университеті филиалы төрағасы

Др. Шейх Абдуррахман Челик, Мәдениет және туризм министрлігі

Проф. Др. Танджу Тосун,  Эгей Университеті

Таркан Зенгин, Harb-İş кәсіподағы

Теминдар Айтекин, Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрлігі

Үлкү Нур Зенгин,  саясаттанушы

Үнсал Четин,  экономист

Проф. Др. Үнер Каябаш, Нигде Өмер Халисдемир Университеті,  Медицина факультеті декан орынбасары

Үзейр Гөкче, Мемлекеттік теміржолдары

Зерттеуші Ягыз Аксакалоғлу, Гази Университеті

Якуп Челик, Полатлы муниципалитетінің бұрынғы төрағасы

Др. Якуп Өмероғлу, Еуразия Жазушылар Одағы төрағасы

Доц. Др. Ясемин Абайхан, Хаджеттепе Университеті

Йылмаз Алтунсой,  жазушы

Проф. Др. Юсуф Сарынай, TOBB Университеті

Юсуф Гезбели, Қаржы министрлігі

Юсуф Семис, Денсаулықты сақтау министрлігі

Проф. Др. Юсуф Шахин, Аксарай Университеті

Доц. Др. Юсуф Текин,  Ұлттық білім беру министрлігі кеңесшісі



Ұқсас жаңалықтар