"Түркияның жаңа бағдарлар жылы – 2017"

Түрік сыртқы саясатының бағдары 02

886334
"Түркияның жаңа бағдарлар жылы –  2017"

Түрік сыртқы саясатының 2017 жылы жүзеге асырған жұмыстарын белгілейтін тақырыптар: жаһандық және аймақтық тұғырдағы күтпеген жаңалықтар, ішкі саясаттағы құрылымдық өзгерістер, террормен күрес, жаңа ізденістер мен үдерістер. Түрік дипломатиясы 2017 жылдың алғашқы күнінен бастап соңғы күніне дейін басты рольдер және сюрприз бағдарлармен алға шықты. Тек қана аймақтық тұғырда емес, жаһандық тұрғыдан да болмысын көрсетті. Түрік дипломатиясы 2017 жылы әдеттегі ұстанымынан басқа әдістер де жетілдірді. Бұл ұстанымдар арқылы жаңа достық пен ортақтықтар пайда болды. Сондай-ақ қазіргі кейбір достықтар мен одақтастардың шынайылығы қайта қарала басталды.

2017 жылы түрік дипломатиясы назар аударған басты аймақтардың басында Таяу Шығыс келеді. Әсіресе Сириямен байланысты жаңалықтар Түркияның сыртқы саясатында жаңа бір кезеңнің бастамасы болды. Террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы ретінде PYD/YPG негізгі нысанаға айналды. Түркия террорды өз жерінде жоюды негізге алатын жаңа қауіпсіздік концепциясын қабылдап, Солтүстік Сирияда әскери ықпалын арттырды. Бұл бағытта Ресей және Иран Сирия дағдарысының шешімі тұрғысынан белсенді бір ізденіске түсті. Сирия дағдарысымен байланысты Түркия, Ресей және Иран Астана процесін бастады. Түркияның Ирак саясатында да 2017 жылдың ішінде маңызды бір өзгеріс болды. Әсіресе Барзанидің халықаралық заңдарға қарама-қайшы түрде тәуелсіздік үшін бүкілхалықтық референдум шешімін қабылдауы маңызды бір кезең болды. Референдум шешімінің артынан Түркия Ирак Орталық Үкіметі және Иранмен одақ құрды. Осылайша майдандағы теңдікті өз мүддесіне айналдырды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимнің мәртебесімен байланысты қауіпті шешімінің артынан Түркия жаңа бір дипломатиялық бастама жасады. Ислам әлемімен бірге маңызды дипломатиялық қадамдар басты. Тақырыпты БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіне әкелді. Бұл тақырып Түркия жиі айтатын «Әлем бестен үлкен» көзқарасын растайтын бір жаһандық сынақ еді. Сондай-ақ Түркия Мьянмада Аракан мұсылмандарына қарсы жасалған қырғынға маңызды түрде наразылық көрсетіп, халықаралық қоғамның назарын осы мәселеге аударуға тырысты.

Түрік дипломатиясы үшін 2017 жылы батыс одақтастармен ынтымақтастықтың ең дағдарысты кезеңі болды. АҚШ, Еуроодақ, НАТО және Германиядан бастап, көптеген Еуроодақ мемлекетімен әртүрлі тақырыптармен байланысты келіспеушіліктер күн тәртіпке келді. АҚШ-пен Сирия дағдарысы, террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы PYD-ге берілген қару-жарақ жәрдемі және Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) басшысын ұстап беру мәселесі дағдарыстың негізгі себебі еді. Еуроодақ елдерімен болса FETÖ және PKK террор ұйымдарымен күрес тақырыбы дағдарыстың қайнары болды. Батыстық одақтастардың Түркияның террор ұйымдарымен күресіне қажетті қолдауды бермеуі ынтымақтастықты әлсірететін негізгі мәселелердің бірі еді. Түркия бұл тақырыптарда кері қадам баспады. Өз құқығын соңына дейін қорғады. Бұл тұрғыдан қатаң ұстанымы мен ескертулерінен бас тартпады. Ақырында батыспен ынтымақтастық нашарлады. Басқа жағынан Түркия мен Ресей арасында әскери салаға қоса, әр салада ынтымақтастық және жақындасулар жүзеге асты. Сондай-ақ Түркия Венесуэла сияқты байланыссыз елдер тобы мүшелерімен жаңа достықтар орнатты. Африка бастамасын жылдамдатты. Бұл бағытта Судан және Сомалимен әскери келісімдер жасады. Бір жақтан Азия және Африка елдерімен ауқымды жаңа ынтымақтастықтар орнатуға тырысса, басқа жақтан бар байланыстарын күшейту үшін талпыныстарын жалғастырды.

Түркия бір жақтан халықаралық салада саясат жетілдіруге тырысқанда, басқа жағынан құрылымдық мәселелерге шешім ізденісін жалғастырды. Бұл тұрғыдан ішкі саясатқа маңызды бір өзгеріс енгізді. Түркия президенттік үкімет жүйесіне өтті. Осылайша Түркия 2023 жылғы нысаналарына жету бағытында маңызды құрылымдық кедергілерді артта қалдырды. Осыған қоса, террормен күрес тақырыбында әрі ішкі, әрі сыртқы саясаты маңызды күн тәртіптерінің бір болды. Түркия 2017 жылы бойынша FETÖ, PKK және ДАИШ террор ұйымдарымен әрі ел көлеміндегі, әрі шетелдегі күресін жалғастырды.

Террор оқиғалары және 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті нәтижесінде 2016 жылы күшін жеткілікті қолдана алмай өскен Түркия экономикасы рисктердің азаюымен 2017 жылы өсе бастады. Түркия үшінші ширекте қол жеткізген 11,1% өсу күшімен Үлкен 20 тобы елдері арасында ең жылдам өскен ел болды.

Энергия саясаттарында болса 2017 жылы маңызды жаңалықтар назар аударды. Түркияда отандық энергияға өту бағытында соңғы жылдары маңызды жұмыстар жүргізе бастады. Түркия энергияда шетелге бағыныштылықты азайту мақсатты атом энергия станциясынан жаңартыла алатын энергияға дейін көптеген саладағы инвестицияларын үздіксіз жалғастыруда.

Қорытып айтқанда, 2017 жыл түрік сыртқы саясатында жаңа бағдарлар, басқан жаңа қадамдармен қолдауын тапқан бір кезең болды.



Ұқсас жаңалықтар