Өзгерген неміс саясаты

Ердал Шимшектің мақаласы

791589
Өзгерген неміс саясаты

Түркияның тарихи одақтасы және тағдыр ортағы деп саналып келген Германияның соңғы жылдары тәуелсіз экономикалық және әлеуметтік саясаттарына қарсы Қырғи қабақ кезеңін сағындырмайтын қара үгіт-насихатпен шабуылдауы әлемді таңғалдырып отыр.  Оңшыл,  солшыл, жасылдар немесе христиан демократ болсын соңғы бір жылда немістердің барлық саясат қайраткерлерінің ТР президенті Ердоғанға және түрік мемлекетіне бағытталған жағымсыз пропагандасы жоғары бір сатыға көтеріліп,  балағат акциясына айналды.

Одақтасы үшін империядан бас тартқан түріктерге, түрік президенті Ердоғанға қолдау бермеген қазіргі неміс басшылары террор ұйымына қолдау беріп отыр.

Құрылған күнінен бері 50 мыңнан астам түрік бала,  әйел, қария және мемлекеттік қызметкерлерді өлтірген PKK террорлық ұйым басшыларының Германияның көптеген қалаларында митинг жасауына рұқсат берілсе, түрік мемлекеттік қызметкерлеріне тыйым салынды.

2016 жылдың 15 шілде күні түрік мемлекеті мен заңды билігін қарудың күшімен басып алуға тырысқан FETÖ террорлық ұйымына мүше униформалы террористтерге құшақ жайды.  Сол террористтер немістермен НАТО және басқа да халықаралық әскери операцияларда бірге міндет атқарған офицер мен әскерлерді өлтірді.  Тіпті барлығын өлтіруге тырысты.  Германия бүгін FETÖ террористтеріне құшақ жайған жалғыз елге айналды.

PKК террористтері өлтірген мыңдаған адам арасында сонымен бірге БҰҰ және НАТО шаңырағы астында немістермен иықтасын күрескен түрік әскери мен полиция қызметкерлері бар екенін айтсақ,  жағдай нақты түсінікті болады.

Философияда,  музыкада,  сәулетте,  демократияда,  әскери тәжірибеде,  социологияда әлемге үлгі болған, жол көрсеткен Греманияның канцлер Меркель билігінен кейін осыншама таяз пікір мен жалғанды саясат деп есептейтін, одақтасына опасыздық жасайтын ондаған қадам басуы таңғалдырады.

Хельмут Плеснер, Фердинанд Ласса́ль, Simmel, Мозес Хес, Макс Вебер, Фромм, Эрнест Кассель, Роза Люксембург, Фридрих Шиллер, Гете, Nietzsche, Маркс, Хегел, Фойербах, Энгельс секілді батыс философиясының іргетастары туған неміс жерінде тумаған секілді.  Бүгінгі Германияға қарағанда осы ойшылдар,  Бетховен,  Бах,  Моцарт секілді классикалық музыканың аталары осы жерден шықпаған деп ойлайсыз.

Социал демократтар ой-пікірінің орталығы – неміс мектебі. Вилли Бранд, оңшыл Гельмут Коль, социал демократ Герхард Шредер  әлі күнге әлем саясатында беделді, аттары абыроймен аталатын неміс саясат қайраткерлері.

Әскерлік қабілетіне келетін болсақ,  елхандықтар және түріктерден кейін соғыс шайқастарында есімдері аталған неміс әскери мектебінен де көптеген тұлғаны атап көрсетуге болады.

Немістердегі тектілік,  яғни буржувазия түріктер, қытайлар,  ағылшындар және орыстарда болғаны секілді әлемнің ең тамырлы дәстүрі. Ал социологиялық тұрғыдан да осынмаша тамырлы тарихы бар Германия неге бүгінгі күні халықаралық саясат және түсіністікте ең тамырсыз, ең дәйексіз ел секілді қозғалып отыр.

Қазіргі неміс саясатының демократия,  халықаралық келісімдер және адам құқықтарын аяққа таптайтын осы түсінігінің тамырына байыппен қарау керек деп ойлаймын.

Гельмут Коль тарапынан екі Германия бірлескенде нарық экономикасы саласында тәжірибесі жоқ шығыс немістері мемлекеттік және саяси органдарға жылдам орналаса бастады.

Баршаға мәлім,  коммунистік білім беру жүйесі «сыныпсыз қоғамды» жаратуды мақсат еткендіктен қоғамның тарихи және әлеуметтік-мәдени қатынастарымен байланысты үзеді.  Мақсат етілген коммунист адам тарихи,  әлеуметтік және моральдық құндылықтарымен байланысы үзілген,  толығымен коммунистік ақыл және диалектикамен ойланатын бір азамат ретінде жобаланды.

Маркс сыныпсыз қоғамды армандай отырып,  ешбір тапқа жатпайтын адамды «люмпен», яғни тапсызданған деп атады. Марксизмді негізге алған коммунистік білім беру жүйесі адамдар арасындағы сынып айырмашылығын жоямын деп отырып ешбір тамыры жоқ адам түрін қалыптастырды. Маркс атаған люмпен тап осы болатын.

Шығыс Германияның батыспен бірлесуінен кейін жаңа мемлекеттің барлық сатысына «коммунистік білім беру жүйесінен өткен» азаматтар орналасты.  Неміс мемлекеті толығымен өзгерді.

Естеріңізде болса,  канцлер Меркельден бұрын осы міндетте құрметті Шродер бар еді. Неміс мемлекетінің сол кездегі абыройы мен мемлекеттілік түсінігін бүгінгілермен салыстырсаңыз,  арадағы таудай айырмашылықты нақты көресіз.

Неміс саясатының осыншама абыройынан айрылуы және байырғы герман мемлекет дәстүрінің құлдырауының ең үлкен себептерінің бірі де осы люмпенге айналу,  тек канцлер Меркель және партиясында емес,  немістің барлық саяси партияларында дерлік осыған ұқсас жағдай басым,  себебі шығыс Германиядағы «тамырсыз адам» үлгісі мен 70-80 жылдары батыста ескен солшыл самалмен өскендер бүгін сөз сөйлеуде.

Батыста сол самалының ықпалымен өскендер солшыл террористтердің әртүрлі бомба және қарулармен адамдарды өлтіруіне «төңкерісшіл күш» деп келмеді ме неше жыл бойы.  Адамдарды өлтіруді заңды қылуды әдетке айналдырғандар өкінішке орай, бүгінгі күні әртүрлі саяси органдарда неміс мемлекетінің және қоғамының ақылын басқаруға тырысуда.  Дисциплинасы, доктринасы,  қатаң қағидаларымен танымал неміс мемлекетін осыншама люмпен, шала-шатпақ ұйымға айналдыруда. Менің ойымша, неміс қоғамы осы жағдайдан тез арада құтылудың амалын іздестіруі керек.



Ұқсас жаңалықтар