Жақсылық жасауды жақсы көретіндер сырды бөліседі.

Дін және ахлак – 31

786774
Жақсылық жасауды жақсы көретіндер сырды бөліседі.

Исламның насихаттарының бірі де жақсылық жасауды жақсы көру болып табылады. Жақсылық жасауды жақсы көру әдеті адамды жақсылық жасауға бағыттаған маңызды бір түсінік. Барлық адам өмірінде кезі келгенде әр түрлі себептен жақсылық жасауы мүмкін. Мысалы, мемлекетте туылған бір табиғи апатта, селде, зілзалада адамдар жақсылық істеу үшін аттанысқа келеді. Қолынан келген барлық көмегін аямайды. Алайда жақсылық жасауды жақсы көретін адамдардың ешқандай бір себепке қажеттілігі жоқ. Олар әрқашан әр жерде және әр орайда жақсылық жасауға дайын тұрады. Олардың көңілдері жақсылық жасауға ынталы. Жақсылық жасауды өмірінің бір бөлшегіне айналдырған. Күнделікті өмірінің ең қарапайым мақсаты  жақсылық жасау болған. Олар жақсылық жасаудың жаннат иісіне әбден құштар болғаны соншалық жақсылық жасамай тұра алмайды. Алла олардың «бір және такуа» үстінде болғанын айтады. «Бір» жақсылық, кеңпейілділік және сыпайы әрекет деген сөз. «Такуа» да Алланың қойған өлшемдері бойынша өмір сүруді түсіндіреді. Бакара сүресінің 117-ші аятында бұл екі құндылықты бір жерге әкелген. Сондай-ақ Аллаға, ақірет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман еткендерді және жақсы көрген мал-мүліктерін туыстарына, жетімдерге, кедей-кепшіктерге, жолда қалғандарға, қайыр тілегендерге, тұтқындарға ризашылықпен бергендерді , намаз қылған, зекет берген, әр түрлі келісімдерде уәдісінде тұрған, қиыншылық шеккен жағдайда және зардап көрген кездерде сабырлы болғандарды мадақтаған болатын.

«Адамдардың ең қайырымдысы адамдарға ең пайдалы іс істегендер» деген принципті ұнатқан жақсылық жасауды жақсы көретін кісілер өз қажеттіліктеріне онша көңіл бөлмейді. Жақсылықтарын қажеттіліктерінен артқан нәрседен кейін жасамайды. Олар үшін жақсылық жасау ең басты қажеттілік болып табылады. Сондықтан осы қажеттіліктерін орындағанда ғана көңіл-күйі орнығады. Олар жақсылық жасауда жарысады, бір-біріне көмектеседі. Алланың «Жақсылық пен такуа жөнінде көмектесіңдер, күнә мен дұшпандық жөнінде көмектеспеңдер» деген насихатына сәйкес әрекет жасайды. Жақсылық болған жерге жанталасып жүгіреді. Олар үшін жақсылық осы жолда жанды пида етуге татитын қасиетті бір нәрсе. Олар үшін үшін бауырларының қажеттілігін қамтамасыз ету, бауырларының қайғыларына дәрмен табу, қиямет күнінде өздеріне куәгерлік жасайтын  ең маңызды іс-қимылы болып табылады.

Олар көршілері аш болған кезде тоқ жата алмайды. Көршілерінің қажеттілігіне немқұрайды қарай алмайды. Көршілерін Алланың аманаты ретінде қарайды. Олар үшін өз үйіндегі адамдар мен сырттағы бөтен адамдардың жақсылыққа лайықты болуы тұрғысынан айырмашылығы жоқ. Бәрі де Алланың жақсылыққа лайықты құлы. Олар қарсы жағындағылардың жақсылық жасауға тиісті болып болмағанын ойламай-ақ, есебін жасамай-ақ жақсылық жасайды. Өйткені есептің тек Алланың ғана ісі екенін, оның есебіне құлдарының миының жетпейтінін біледі.

Олар барлық адамның өз еркі бойынша жасай алатын және сөзсіз түрде жасауға тиісті бір жақсылықтың бар екеніне сенеді. Олар үшін жасалған жақсылықтың түрлері, саны және тағы басқалар маңызды емес. Жақсылық олар үшін көңілден көңілге жалғасқан бір көпір. Пайғамбарымыз жақсылықтың кішкенісінің болмағанын бұйырған.  «Жақсылықтың мөлшерін азсынбаңыз, бұл жақсылық досыңыздың жүзін күлдіргеннің өзі жеткілікті» деген. Жақсылық жасауды жақсы көретін адамдар—жылы жүзді адамдар. Жылы шырайдың өзі жақсылықтың бейнесі. Өйткені олар бір адамға айғайламай, оны ренжітпей  қасына барып отырып, оны тыңдаудың өзі бір жақсылық болғанын біледі. «Адам адамның уайым-қайғысын бөліседі» дейді. Сондықтан олар дертесіп, біреудің қайғысына ортақ бола отырып, жақсылық істей алатынын біледі. Жақсылық жасауды жақсы көретіндер сонымен қатар адамдардың сырластары болып табылады. Сырластық достықтан тіпті де жоғарғы бір тұғыр. Адам кейде ішінде жиналған сырларын жасыра алмайды, ең жақын біреуіне айтуы керек. Егер бұл сырлар ішінде жинала берсе, адамды ауруға апарып соғады. Адам естігендерін, көргендерін жақын көрген біреумен бөлісуі керек.

Өйткені сыр--бөлесетін бір аманат. Жақсылық жасауды жақсы көретіндер сырды бөліседі, бұл сырды ешкімге айтпайды. Олар адамдық жағдайдың аманатшысы болады. Ең қиын жағдайдың өзінде де оны бір қару ретінде қолданбайды, сырды мәңгі-бақи сақтайды.

Жақсылық жасауды жақсы көретін адамдар жасағанның қарымжысын күтпейді. «Ендігі кезек маған келеді» деп жақсылық жасамайды. Қарымжысын ала алмағанын ойлаған кездің өзінде де жақсылық істеуден бас тартпайды. Олар жақсылық болсын, жер бетінде байлық-берекет көбейсін деп жақсылық істейді. Алланың жер бетіндегі өкілі атынан Алла ризасы үшін жасайды. «Жақсылық жасап теңізге лақтыр, балық білмесе, халық біледі» деген мақал-мәтелді үлгі етеді. Жақсылық жасауды жақсы көргендер жақсылық істеудің табиғи болмыс болғанына сенеді. Адамның жаратылған күннен бастап жақсылық жасауға бейім болғанын, алайда қате және жаңсықтардың жұғуы салдарынан бұл бейімнің жамандыққа бет алғанын біледі. Сондықтан дұрыс білімге ие болу үшін талпынады. Мысалы, мал-мүлкі арқылы бір жақсылық жасауы керек болған жағдайда іштерінен бір дауыстың егер мал-мүлкіңнің бір бөлімін беретін болса, онда өздерінің кедейлесетінін айтатынын, алайда бұл дауыстың өздерін жаңылту үшін тоқтаусыз жұмыстанған шайтанның даусы екенін ұққан еді. Әслінде іштерінен айғай салған тағы бір дауыс бар. Ол дауыс жақсылық жасауды жақсы көретіндердің даусы. Алайда қайсы дауыстың үстем болуы керектігін түсінген жақсылық жасауды жақсы көретіндер шайтанның даусына құлақ аспайды. Олар «Сүйгендеріңе шығындалмай жақсылық жасаудан сөз қозғай алмайсыз, сондай-ақ жақсылық мәртебесіне жете алмайсыз» деген аятты ешқашан ұмытпайды. «Жақсылық жасауды жақсы көргендер сөзсіз түрде жаннатқа барады, жамандық жасайтындар тозаққа түседі» аятындағы «жақсылық жасауды жақсы көретіндер» қатарында болу үшін талпынады олар.

Жақсылық жасауды жақсы көргендер бір-біріне сенеді. Өйткені адам ортасының, қоршаған ортаның ықпалынан көптеген сабақ алғанын біледі. Сондықтан өздері сияқты адамдармен бірге өмір сүруді және олармен бірге жасай алатын жақсылықтарды кеңесе отырып жәрдемдесуді, сондай-ақ осы сезімдерді әрқашан жанды ұстауды таңдайды.

Баршаға аян жақсылық жасауды жақсы көретіндер қатарында болу адамның өмірін қоршаған және шайтандық түсінігімен әрекет еткен адамдарға қарсы сезгір бір сезімді түсіндіруде. Адам бір күні бұл дүниеден кететінін, сондай-ақ бұл дүниеде жақсылықтан басқа ешқандай нәрсені қасында бірге апармайтынын өзіне өсиет ете отырып, жақсылық жасаудың мағынасын түсінеді. Алла барлығыңызды жақсылық жасайтын адам қылсын.


Этикеттер: #Алла , #адамдар , #Ислам

Ұқсас жаңалықтар