Түркия мен АҚШ қатынастарында жаңа кезең

Екі ел арасындағы қатынастар дағдарыс тұзағынан құтылып,  бақылауға алынды.

740013
Түркия мен АҚШ қатынастарында жаңа кезең

Президент Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ сапары Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарында болған ең ауыр дағдарыстардың бірінің көлеңкесінде өтті. Кездесуден бұрын АҚШ баспасөзі Ердоғанның Трамптың «ең қиын қонақтарының» бірі болатынын жазды.  Әрі түрік, әрі шетелдік баспасөзде сын сағаттан өткен Түркия-АҚШ қатынастарында бетбұрыс болатыны және екі ел арасындағы байланыстардың үзілетіні туралы мақалалар жарияланды.  Алайда біздің жазғанымыздай,  кездесу үрдісі осылардың барлығын жалғанға шығарды.  Президент Трамп қонағын есікте қарсы алып,  президент Ердоғанға қонақжайлық көрсетті. Баспасөз мәслихатында екі басшы да Түрік-Америка қатынастарының маңыздылығын атап көрсетіп,  келіспеушілік тақырыптарын тоқталмады.  Сондықтан кездесудің табысты және болымды өткенін айтуға мүмкіндік бар.

Аталмыш сапардың маңызына орай президент кездесуге негізгі тақырыптар және маңызды министр мен басшылардан тұратын бір делегациямен барды.  Талқыланған тақырыптар арасында әскери, стратегиялық, саяси және экономикалық қатынастардан терроризммен күреске дейін екі ел байланыстарына жағымсыз әсер еткен бірсыпыра мәселелер орын алды.  Осы тақырыптарды ашып айту керек болса,  бұлар Сирия және Таяу Шығыс тақырыптары,  Түркия талап еткен әскери қару мен материал,  терроризммен күрес,  Фетуллахшы террор ұйымы проблемасы,  YPG  террор ұйымы,  ДАИШ-пен күрес және Раккаға жоспарланған операция.

АҚШ-тағы кездесулердің нәтижесіне қарайтын болсақ, әрі президент Ердоғанның, әрі делегация мүшелерінің мәлімдемелері және баспасөздегі пайымдардан да сапар жоспарланған қорытындыны бермегені байқалады.  Әсіресе Фетуллахшы террор ұйымы мәселесі мен YPG террор ұйымына байланысты тақырыптарда АҚШ-тың басқаша ойлайтыны анық көрінеді. Президент Трамп Фетуллахшы террор ұйымы мәселесінің құқықтық үрдіс екенін алға тартып,  Түркияның талаптарына жылы қарамады. Алайда сонымен бірге Фетуллахшы террор ұйымы істерін тексеру үшін бір комиссия құруға уәде берді. YPG мәселесінде болса осы ұйымның PKK-дан бөлек екенін айтып, Америка Құрама Штаттарының ДАИШ-пен күресінде және Ракканың қолға түсірілуінде осы ұйыммен бірге қозғалатынын білдірді.

Оқиғаның жақсы жағынан қарайтын болсақ,  сапардың көптеген жағымды қорытындылары да болмады емес, болды. Ең баста түрік-америка қарым-қатынастары бір белгісіздік тұйығына барып соғудан аман қалды.  Екі ел арасындағы қатынастар дағдарыс тұзағынан құтылып,  бақылауға алынды.  Осылайша Түркия мен АҚШ арасында жаңа кезең басталды.  Жаңа кезеңде екі жақты байланыстардың стратегиялық ортақтық деңгейіне көтеріліп көтерілмейтіні болса басылатын саяси және әскери қадамдардан белгілі болады.  Бірақ ең болмағанда бағытынан адасқан Түрік-Америка қатынастары қайтадан қалыпты деңгейге келді.  Бұдан басқа Түркия талап еткен Скорский тікұшақтары мен пилотсыз ұшу аппараттарының сатылуы тақырыбында президент Трамп көмектесетінін білдірді. Сонымен бірге экономикалық қатынастардың дамуы үшін де тараптар келісті. YPG тақырыбында болса Түркия қалағанын ала алмаса да,  Америка Құрама Штаттары осы тақырыпта бірақ «жұмсарды»

Президент Трамп YPG террор ұйымының Түркияға шабуылдамауы және осы ұйымға берілген Америка қаруларының Түркияға қарсы қолданылмауы жөнінде кепілдік берді.  Бәлкім,  алдағы сатыда осы террор ұйымына берілген ауыр қарулар Ракка операциясынан кейін қайта жиналуы да мүмкін.

Нәтижеде Америка Құрама Штаттарының мүдделері жаһандық күш ретінде ролін жалғастыруы үшін аймақтық күш болып табылатын Түркиямен ынтымақтасуды қажет етеді.  Президент Трамптың қырғи қабақ соғыс кезіндегі түрік-америка одақтас қатынастарына салмақ салып сөйлеуі АҚШ-тың Түркияға деген стратегиялық мұқтаждығынан туындады.  Түркияның болса АҚШ секілді бір елдің жеке алғанда Сирия және Иракта,  жалпы алғанда Таяу Шығыс территориясында жүргізетін саясат және стратегияларының болымсыз әсері мен зиянынан сақтануы және олардың ортақ мүддеге айналдыру үшін байланыс каналдарын ашық ұстауы және қалыпты қатынастарды жалғастыруы керек.



Ұқсас жаңалықтар