Халықаралық құқық және 1915 оқиғалары

Түркия және Еуразия тынысы 18

726479
Халықаралық құқық және 1915 оқиғалары

Жыл сайын сәуір айының соңғы аптасында әдетке айналған сценарий қайталанып келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Османлы мемлекетінде болған оқиғалармен байланысты әртүрлі мемлекеттер, организация мен тұлғалар жарияланымдар және мәлімдемелер жасайды. Армян текті немесе армян қауесеттерін қолдаушылардың көпшілігі тарихпен айналысады және оқиғаларды «қырғын» деп бағалайды. Түрік текті немесе түрік тезистерін қолдағандардың басым көпшілігі тақырыпқа тарих перспективасынан қарап, «Қоныс аудару және жаңа жерге көшу» заңын іске асырудың қырғынға жатпайтынын алға тартады.

Көптеген жыл бұрын болған оқиғаларды түсіну үшін тарихи перспектива маңызды. Бірақ «қырғын» ұғымы халықаралық құқық саласында орын алады. Сондықтан тарихпен айналысатын  келген тұлғалар немесе саясат қайраткерлерінің тақырыппен байланысты көзқарас ортаға қоюы тақырыпты сараптаған кезде кейбір кемшіліктерге жол ашады. Тақырыппен байланысты мәлімдеме жасап жүргендер өз көзқарастарын ортаға қойып, әртүрлі өлімдер болған 1915 жылғы оқиғаларды «қырғын» деп атайды. Әйтпесе «қырғын» ұғымын халықаралық бір қылмыс ретінде тек қана құқықтық тұрғыдан бағалау мүмкін. Қырғын тақырыбында алғашқы маңызды реттеу 260 нөмірлі БҰҰ Жалпы Кеңесі шешімі бағытында 1948 жылы «Қырғын қылмысының алдын алу және жазалау жөніндегі келісімнің» (Қырғын келісімі) қабылдануымен ортаға шықты.

Армяндар  Османлы мемлекеті жерінде алдымен анатомиялық, кейін тәуелсіз бір мемлекет құру үшін саяси және қарулы әрекеттерге араласты. Сондықтан саяси бір топ болып табылады. Бұл себепті тиісті келісім үкімдерінің екінші бабы қорғауға алған төрт топ құрамына жатпайды. Сол кезде Османлы үкіметінің келісімнің екінші бабында атап көрсетілген «жою» мақсаты болғаны жайлы бір айыптау немесе айту жоқ. Жою ниетін дәлелдейтін жазбаша немесе ауызша құжаттар болмағандықтан барлық құжаттар армяндардың қорғалғанын және еркін қоныстандырылғанын көрсетеді. Қаза тапқан армяндардың саны қырғын болмысынан өте аулақ. Армян өлімдерінің маңызды бір бөлімінің «Қоныс аудару және жаңа жерге орналастыру» заңын іске асырылуынан тыс себептерден туындағаны белгілі. Бірдей себептермен аймақта түрік текті бейбіт адамдардың өлімдеріне қарағанда одан көп екенін байқаймыз. Бұл тұрғыдан «Қоныс аудару және жаңа жерге орналастыру» заңы халықаралық келісімнің 2/с бабы тұрғысынан құпия немесе жанамалы түрде бір қырғын емес.

Осы тұрғыдан «Қоныс аудару және жаңа жерге орналастыру» заңы (және жүзеге асырылуы) халықаралық келісімге қарағанда қырғынға жатпайды. «Қоныс аудару және жаңа жерге орналастыру» заңы (арғы жағындағы әскери себептерді де назарға алғанда) заңдық тұрғыдан «адамзатқа қарсы жасалған қылмыс» категориясына кірмейді. Өйткені «Қоныс аудару және жаңа жерге орналастыру» заңы іске қосылған кезде Рим ережесінің жетінші бабында талап етілген шарттар орындалған жоқ. Яғни, армян тұрғындарға қарсы мемлекеттік бір жоспар аясында «ауқымды және жүйелі бір шабуылдың үзігі ретінде» адамзатқа қарсы қылмысқа жататын әрекеттердің көпшілігі бірге жасалған бір жағдай табылмады. «Қоныс аудару және жаңа жерге орналастыру» заңы армяндарды күштеп елді мекендерінен көшіруді мақсат етпеген. Армяндарға қарсы діни немесе басқа бір себеппен қырғын жасалмаған. Қоныс аудару және жаңа жерге орналастыру әскери қауіпсіздік себепті жүзеге асқан. Керісінше армяндардың басқыншы орыс армиясымен бірігіп, (Балкан соғысындағы сияқты), түрік және басқа да мұсылмандарды қырып, этникалық бір тазалық жасауының алдын алуды мақсат еткен.

Соғыс кезінде аймақта пайда болған әкімшілік кемшіліктерді кейбір бандалардың пайдаланғанын білеміз. Аймақтағы бандалар өздерінің арнайы мүдделері мен мақсаттары үшін көшіп жатқан армяндарға шабуылдап өлтірді және малдарын талан-тараж етті. Үш майданда соғысып жатқан Османлы мемлекеті қолдағы шектеулі жандармерия күштерімен кейде армяндарды толық қорғай алмады. Дәл бірдей климат, жағрапия, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі және науқастық жағдайларға байланысты көшуге мәжбүр болған бейбіт түріктердің өлімдері армяндардан да көп болған. Бұл «Қоныс аудару және жаңа жерге орналастыру заңы» себепті көште қырғын жасау мақсаты болмағанын көрсетеді. Сондай-ақ мемлекет алдында жағымсыз оқиғаларға қарсы бір өкініш пен шабуылдаушыларға қарсы ашу бар екені де белгілі. Ақыры қоғамдық қылмыс категориясына жататын тонау мен адам өлтірудің қылмыскерлері соғыс аяқталмай тұрғанда сотталып, көпшілігі дарға асылды.

Тақырып қазіргі таңда тарихи және заңдық бір оқиға болудан гөрі саяси бір оқиғаға айналдырылды. Қазір халықаралық саясатта Түркияның күшеюіне мазасызданған, Түркияны өзіне қарсылас ретінде көрген және Түркияның сыртқы саясатын өзіне «қауіп» деп қабылдаған мемлекеттер мен организациялар бұл мәселені Түркияға қарсы бір құрал ретінде қолданғысы келеді. Бұл мәселенің жыл сайын күн тәртіпке келуінің негізгі себебі де осы.



Ұқсас жаңалықтар