Еуропада неофашизмнің дауыстары естіледі

Вице-премьер Нуман Куртулмуштың мәлімдемесі

698627
Еуропада неофашизмнің дауыстары естіледі

Вице-премьер Нуман Куртулмуш: «Еуропада неофашизмнің дауыстарын естудеміз»

Вице-премьер Нуман Куртулмуш Анадолы агенттігінде Еуропа елдерінің түрік саясат қайраткерлеріне қарсы ұстанымы жөнінде «Түркияның заңды түрде сайланған үкіметінің мүшелеріне, депутаттарына сөз сөйлеу құқығы бермегендер бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның митинг ұйымдастыруына, қарсы акция жүргізуіне ашық қолдау беріп отыр.  Бұны түсіну мүмкін емес» деді.

«Еуропалық достарымыз мынаны есте ұстасын: террор ұйымдарының жақсысы жаманы болмайды» деді ол.  Куртулмуш былай жалғастырды: «Бұл PKK террор ұйымы егер осыншама еркелетіп, семіртіп, қағылса, бір күні еуропалық саясатшыларға да зиян келтіреді.  Зиян келтірмеді ме? Келтірді.  Olof Palme қастандығын ұмытпау керек. (Швеция, 1986) Еуропаның ең демократ саясат қайраткерлерінің бірі Пальмені осы террор ұйымы өлтірді.  Еуропаның кіндігінде еуропалық саясат қайраткерлеріне қарсы қастандық жасай алатын террор ұйымы туралы айтып отырмыз»

Куртулмуш: «Еуропада неофашизмнің, асыра нәсілшілдіктің, неонацизмнің дауыстарын естіп отырмыз. Жақын тарихта әрі Гитлер, әрі Муссолинидің фашизмінен қайғы шеккен Еуропа. Еуропаның жақын тарихы бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс арасындағы қанды тарих.  Осы қанды тарихтың жалғыз себебі – асыра нәсілшілдік» деді.

Вице-премьер Куртулмуш Еуропалықтардың 16 сәуір күнгі референдумда Еуропада тұратын түріктердің дауыс қолдануына тыйым салуы мүмкін екенін айта бастағандарын айтып,  ешбір күштің бұған кедергі бола алмайтынын білдірді.

Куртулмуш жаңа жүйеде президентті тексеруге болмайды деген сөздерге де жауап берді. «Президент керісінше, өкілеттіктері көп, бірақ жауапкершіліктері одан да көп.  Президент мәжілістен тыс  заң шығару тұрғысынан ешбір өкілеттікке ие емес» деді ол.

«Президент қол қоятын жарлықтар ешқашан заңға қайшы болмайды» деген Куртулмуш былай деді: «Яғни заң иерархиясы бар,  атазаң иерархиясы. Яғни үкімет қалай министрлер кабинетінің шешімін шығарады.  Сол секілді. Жаңа жүйеде премьер-министр болмағандықтан премьер-министр орнына үкіметтің басшысы президент шығарады. Шығарған жарлықтарының ешқайсысы заңға қарсы болмайды»

«Түркияда бұдан былай 50 пайыз+1 дауыс алатын президент болады және үкімет жүйесін құрады.  Сондықтан халықпен жақсы қатынастар құрып,  халықтың сұраныстары мен үміттерін қамдайды.  Бұл негізінде оппозицияға үлкен мүмкіндік ұсынады» деді ол.

«3 миллион Сирия азаматы азаматтыққа алынады деген жалған нәрсе»

«Түркияда босқын болып жүрген 3 миллион сириялық азаматтың Түркия азаматтығына алынатыны мәселесі жалған нәрсе. Сайлау науқанында құрал ретінде қолданылуда. Азаматтарды алаңдату үшін айтылған сөз» деген вице-премьер былай деді: «Сириялықтарды азаматтыққа қабылдау деген мәселе жоқ.  Бұл толығымен сайлау құралы ретінде қолданылып жүрген нәрсе.  Олар біздің достарымыз,  бауырымыз. Біз олардың өз елдерінде де тыныш, аман-есен, бейбіт өмір сүруі үшін тырысып жатырмыз»

Премьер-министр Куртулмуш: «Біз үш миллионнан көп босқынды қабылдадық. Азаматтарымыз жарты тілім нанын бөлісіп жеді.  Осыншама көп босқынның басқа бір елге келуі үлкен проблемаларға себеп болып отырғанда,  Құдайға шүкір Түркия мұны ұлт ретінде рақымшылық,  қайырымдылық рухымен қарсы алды.  Бірсыпыра мәселе туындаған шығар,  бірақ сириялықтар мәселесі Түркия үшін үлкен проблемаға айналған жоқ.  Енді осы ұлттың парасаты,  қайырымдылық сезімімен ешкім ойнамасын.  Сириялықтарды азаматтыққа қабылдау деген жағдай жоқ. Бұл сайлау үшін қолданылып жүр. Олар біздің бауырымыз, досымыз» деді.

«Бұл – FETÖ деп аталатын қарақшыларға қолдау»

Еуропаның төңкерісшілерді қорғауына байланысты Куртулмуш былай деді:

«Мұны қабылдау мүмкін емес.  Бұл қате.  Ашық айтсақ, FETÖ деп аталатын осы қарақшыларға қолдау беру. Оларды қорғау. Мұны қабылдамайтынымызды бірнеше мәрте айттық.  Еуропа елдерін паналаған, алдағы уақытта да паналайтын FETÖ-шілдердің дереу Түркияға қайтарылуы - Түркия мен осы елдер арасындағы достық байланыстың бір қажеттілігі»



Ұқсас жаңалықтар