Түркия мен АҚШ-тың Түркістан жағрапиясындағы қоғамдық дипломатиялық жұмыстары

Түркия және Еуразия тынысы 07

674533
Түркия мен АҚШ-тың Түркістан жағрапиясындағы қоғамдық дипломатиялық жұмыстары

Қоғамдық дипломатия әсіресе 2000 жылдармен бірге халықаралық қатынастардың маңызды ұғымдары арасына кірді және сыртқы саясат құралына айналды.

АҚШ-тың аймақта алдынғы нысанасы Ресейдің мәдени ықпалын әлсірету және аймақ мемлекеттерінің тәуелсіздігін күшейту. АҚШ-тың шамамен Қырғызстанда 143, Тәжікстанда 81, Қазақстанда 76, Түрікменстанда 29 және Өзбекістанда 21 азаматтық қоғамы бар. Бұл азаматтық қоғам мекемелерінің көпшілігі Адам құқықтарын бақылау комитеті (Human Rights Watch), Сорос қоры (Soros Foundation), Журналисттерді қорғау комитеті (The Committee to Protect Journalists) сияқты халықаралық мекемелердің филиалдары. Ресейдің аймақтағы ықпалын қайта арттыруы және «Түрлі түсті төңкеріс» тәжірибесінің артынан аймақтық элиталардың азаматтық қоғам мекемелеріне мұқият қарауы нәтижесінде бұл мекемелер ықпалдарын жоғалта бастады.

Түркияның аймаққа бағытталған жалпы саясаты болса аймақ елдерінің тәуелсіз, саяси және экономикалық тұрақтылыққа ие, өзара және көршілерімен ынтымақтастық жетілдіріп, халықаралық қоғаммен бүтіндесу және демократиялық құндылықтарды қабылдаған мемлекеттер ретінде болмыстарын жалғастыруға қолдау беру болып табылады. Түркия осы саясатымен аймақ мемлекеттерінің маңызды бір серігіне айналды. Түркияның аймаққа бағытталған қоғамдық дипломатиялық жұмыстары мәдениет, оқу, медиа және өркендеу жәрдемдері тақырыптарына қатты көңіл бөлуде. Бұл аяда басылған алғашқы қадамдардың бірі түрік мәдениеті мен өнерін, тілін, тарихи мұрасын қорғау, осы құндылықтарды әлемге танытып, жас ұрпаққа жеткізу мақсатты 1993 жылы Түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық Түріксой ұйымы болды. Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанға қоса Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР), Ресей Федерациясына қарасты 6 Автономиялық Республика мен Молдоваға қарасты Гагауз Автономиялық Республикасы болса бақылаушы ел ретінде Түріксойға мүше елдер болып табылады.

Аймақта либералды экономиканы тарату және жекеменшік саланы жетілдіру мақсатты АҚШ мекемелері Орталық Азия-Америка кәсіпорындар қоры (Central Asia American Enterprise Fund - CAAEF) атты мекеме «Bank of America» қолдау берген бір мекеме болып табылады. Қазір Орталық Америка-Орталық Азия оқу қоры (U.S.–Central Asia Education Foundation) атымен жұмыс істейтін мекеме аймақта іскерлік мәдениетін тарату, инвесторлықты жетілдіріп, ашық нарық экономикасының қалыптасуы үшін жұмыстанады.

Аймақпен ынтымақтастығында оқу жұмыстарына арнайы көңіл бөлген Түркия 1992 жылы басталған «Үлкен студент жобасы» арқылы түркітілдес елдерден жүздеген студентті қонақ етті. Қазір болса «Түркия шәкіртақылары» атымен одан көп шәкіртақы бағдарламасы Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасытарапынан беріледі. Бұл бағдарламада орын алған «Түркітілдес мемлекеттердің шәкіртақы бағдарламасы» аясында жыл сайын ондаған жаңа студент Түркиядағы университеттерге қабылданады. Сондай-ақ аймақта Түрік тілінің таныстырылуы мақсатында атқарған қызметімен Түркияның маңызды қоғамдық дипломатия құралдарының біріне айналған Юнус Эмре институты Астана мен Баку орталықтары арқылы жұмыс істейді. Түркия Ұлттық оқу министрлігіне қарасты Қырғызстан мен Тәжікстанда төрт-төрттен, Қазақстан мен Өзбекстанда болса бір-бірден оқу мекемелері бар.

Манас атындағы Қырғыз-Түрік Университеті 1997-1998 оқу жылдарынан бері Бішкекте жұмыстарын жалғастыруда. 2014-2015 оқу жылы көрсеткіштеріне қарағанда 9 факультет, 4 училище, 1 кәсіби училищеде 4891 бакалавр, 2 институтта болса 243 магистратура мен докторантура студенті білім алуда. Түрік әлемінің тұңғыш ортақ университеті ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Қазақстандағы оқу ғимараттарында оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 880 академиялық қызметкері бар университетте Экономика факультеті, Заң Факультеті, Инженерия факультеті, Медицина факультеті, Жаратылыстану факультеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология факультеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Филология факультеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Тіл үйрету факультеті, Өнер факультеті, Қашықтықтан оқыту орталығы, Үздіксіз білім беру институты бар.

Американ-Орталық Азия Университеті (American University of Central Asia, AUCA) - АҚШ-тың аймақтағы ең маңызды білім беру ордаларының бірі. Аймақта болашақ басшыларды дайындауды нысанаға алған мекеме жыл сайын бірінші курсқа шамамен 500-дей студент қабылдайды және құрамында шамамен 15 елден келген жастар білім алады. Американдық тағы маңызды оқу ордаларының бірі - 1997 жылы Алматыда құрылған Қазақ-Американ Университеті (KAU).

Халықаралық түрік ынтымақтастық және даму агенттігі басқармасы «ТИКА»-ның Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда жүргізген ауқымды оқу, денсаулық, туризм, орман, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы жобалары бар.

Қырғи қабақ соғыс кезеңінде АҚШ-тың ең маңызды пропаганда құралдарының бірі ретінде құрылған Азаттық радиосы (Radio Free Europe/Radio Liberty, RFE/RL) тұтас Кеңес Одағы жағрапиясындағы сияқты Орталық Азияда ықпалды жұмыс істеуде.

2009 жылы 21 наурыз күнінен бері эфирлерін жалғастырған және Түркі әлемінің ортақ дауысы болуды нысанаға алған «TRT Avaz» (ТРТ Әуез) Түркияның аймаққа бағытталған ең маңызды трансляция қызметінің бірі. Арнада қазақша, қырғыз, өзбек, түрікмен, Әзірбайжан және Босния тілдерінде эфирлер жарияланады. Сондай-ақ TRT-нің Шетел эфирлері басқармасы әртүрлі түркітілдес елдердің ресми тілдерінде (Әзірбайжан, қазақ, қырғыз, түрікмен, өзбек, татар, ұйғыр тілдерінде) жүргізген радио және интернет эфирлері де осы салада маңызды бір қоғамдық дипломатия құралы болып табылады.

Қорытып айтқанда, АҚШ пен Түркия Республикасының тәжірибелерін салыстырғанда, АҚШ-тың мемлекеттік санасымен басқарылған азаматтық қоғам мекемелерінің аймақта қоғамдық дипломатиялық жұмыстар жүргізгенін көреміз. Қытай мен Ресей сияқты актерлердің болса аймақта тікелей мемлекеттік құралдарымен жұмыс істегенін байқаймыз.

Түркия болса бұл тәжірибелер арасында өзіне тән, табысты бір модель құруға тырысуда.



Ұқсас жаңалықтар