Түркістан жағрапиясында ДАИШ қаупі

Түркия және Еуразия тынысы 06

674519
Түркістан жағрапиясында ДАИШ қаупі

2017 жылының алғашқы күні Түркияда болған және ДАИШ террор ұйымы мойындаған террор шабуылы Түркияда және Еуразияда маңызды күн тәртібі тақырыптарының біріне айналды. Шабуылды жасаған террористтің этникалық куәлігі үстінен басталған пікірталастарда Орталық Азия (Түркістан жағрапиясы) үшін үлкен бір ДАИШ қаупі жайлы сөз қозғалды.

Жаңа жыл түні Стамбұлдың әйгілі түңгі клубтарының бірі Рейнаға ДАИШ террор ұйымы тарапынан жасалған және 39 адам қаза тапқан террор шабуылы Еуразия жағрапиясында себеп және нәтижесі тұрғысынан пікірталас туғызды. ДАИШ-тің бұрын әлемнің әртүрлі жағрапияларында жасаған шабуылдарына керісінше бұл жолы Түркия мен халықаралық қоғамда шабуылды табандылықпен жасаған террористтің куәлігі жайлы басталған пікірталастарға куә болып отырмыз.

Рейна шабуылы және шабуылды жасаған террористтің қолға түсуінің артынан қолдағы мағлұматтарға көз жүгіртейік. Террорист тәжік текті Өзбекстан азаматы. Жетекшісі ирактық араб. Ол ұсталған үйде ұйымға мүше сенегалдық, мысырлық және сомалилік әйелдер қолға түскен. Ұйымның байланыс жауаптысы Түркия азаматы. Шабуылдың құрбандары болса Израиль, Ливан, Үндістан, Сауд Арабиясы, Тунис, Ирак, Кувейт, Канада және Түркия азаматтары. Ортада этникалық тұрғыдан өте күрделі бір көрініс болғанына қарамастан әсіресе түркі тілдес халықтар үстінен әңгіме жүріп жатыр. Бұл пікірталастарда әсіресе Түркістан жағрапиясының (Орталық Азия) ДАИШ-тің жаңа базасы (орталығы) екені алға тартылады. Ал бұл қаншама дұрыс? Бүгінгі бағдарламамызда осы тақырыпқа тоқталғымыз келеді.

ДАИШ қазірге дейін жүздеген террор шабуылын жасады. Шабуылды жасаған террористтің этникалық тегі мен азаматтығы бірінші рет осыншама көп күн тәртіпке келді. Себебі не? Бұл сұраққа жауап қайтармастан бұрын ДАИШ-тік террористтердің елдері туралы дайындалған екі жұмысқа назар аударайық.

2016 жылы наурыз айында жарияланған мағлұматтарға қарағанда ДАИШ сапына қосылған шетелдік жауынгерлердің тегіне қарай алғашқы 10 мемлекет арасында: Тунистен 6500, Сауд Арабиясынан 2500, Ресейден 2400, Иорданиядан 2250, Түркиядан 2100, Франциядан 1700, Мароккодан 1700, Ливаннан 900, Мысырдан 800, Германиядан 760 террорист бар. (Дерек: The Telegraph, Iraq and Syria: How many foreign fighters are fighting for Isil?)

2015 жылы жарияланған басқа бір зерттеуде бір миллион адамнан ДАИШ-ке қосылу көрсеткіші кейбір елдер тұрғысынан былай берілген: Иорданиядан 315, Тунистен 107, Босния-Герцеговинадан 92, Косоводан 83, Түрікменстаннан 72, Албаниядан 46, Бельгиядан 46, Өзбекстаннан 33, Швециядан 32, Палестинадан 28, Даниядан 27, Тәжікстаннан 24, Франциядан 18, Австриядан 17, Голландиядан 15, Финляндиядан 13, Ресейден 12, Қазақстаннан 8, Түркиядан 6, Қырғызстаннан 5 адам. (Дерек: Radio Free Europe/Radio Liberty, Foreign Fighters In Iraq & Syria: Where do they come from?)

Тақырыппен байланысты дайындалған көптеген зерттеу бар. Біз тек қана екеуін мысал ретінде алдық. Қолда бұл тақырыппен байланысты нақты бір мағлұмат жоқ әрине. Бірақ дайындалған зерттеулер үстінен жалпы көзқарас қалыптастыру мүмкін. Басқа статистикалық көрсеткіштер болса интернет арқылы жарияланған. Қалағандар интернеттен жай қарағанның өзінде зерттеулерге қол жеткізе алады.

Мағлұматтарды тексерген кезде барлық әлем мемлекеттерінен болғандай Түркістан жағрапиясынан да (Орталық Азия) ДАИШ-ке қосылғандар бар. Дегенмен бұл қосылғандар Иордания, Тунис сияқты Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерімен, Босния, Косово, Албания сияқты Балкан мемлекеттерімен және Еуроодақ елдерімен салыстырғанда өте төмен мөлшерде. Бірақ аймақтық және халықаралық қоғамда ДАИШ-тің түркістандық террористтері үздіксіз әңгіме болуда. Мұның басты себептеріне қарағанда Түркістан жағрапиясындағы кейбір режимдердің заңдылығын алдымен Радикалды ислам сөйлемдері және терроризм қорқуы арқылы қамтамасыз еткенін көреміз. Бұл пропагандалар аталмыш режимдердің мүддесіне. Бұл пропагандаларды таратқандардың басында да аталмыш режимдер келеді. Америкадағы 11 қыркүйек шабуылының артынан Қытай Халық Республикасы әлемге ұйғыр мәселесінде мақсатын Радикал Ислам және Әл-каида арқылы (қазір болса ДАИШ үстінен) жүзеге асырды. Бірақ 11 қыркүйектен бұрын Қытайдың ұйғырлар мен радикалды ислам ұғымын бірдей қолданғанын көрмейміз. Сондықтан бұл пропаганда Қытайдың да мүддесіне және Қытай да бұл пропаганданы таратушылардың бірі. Ресей де бұл сөйлемді мақұлдап, тілге тиек ете бастады. Өйткені бұл сөйлемдер Ресейдің Түркістан аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуші актер ролін күшейтуде. Ресейдің Түркістанға бағытталған саясаттарын заңдастырады. Түркістан аймағын жақсы танымайтын шетелдік мамандар да тікелей бұл пропагандаларды қабылдап, мұның тарауына үлес қосады. Тағы бір себеп болса әртүрлі саяси және идеологиялық мақсаттармен мұны таратқан топтар. Мұны әсіресе Түркияда байқаймыз. Түркияның көп тұсты, тәуелсіз сыртқы саясатынан және Түркияның Түркістан жағрапиясына жақындасуынан мазасызданған кейбір топтар әсіресе бұл пропаганданың тартушысы.

Қорытып айтқанда «Түркістанда ДАИШ қаупі бар ма?» деген сұраққа «Иә, бар» деп жауап қайтара аламыз. Бірақ «Түркия мен халықаралық қоғамда тілге тиек етілген деңгейде Түркістанда бір ДАИШ қаупі бар ма?» деген сұраққа «жоқ» деп жауап қайтарамыз.

Түркістанда қазір ДАИШ қаупімен күресте ең маңызды рольді Ханафия/Матуриди сопылық Түрік-Ислам мектептері атқарады деп ойлаймыз. Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстан сапарында мемлекет басшыларымен Имам Матуридидің кесенесі алдында түскен фотосуретін осы тұрғыдан маңызды бір жолдама деп есептеуге болады.



Ұқсас жаңалықтар