Астанада өткен Сирия келіссөздері

Күн Тәртібі-5

664193
Астанада өткен Сирия келіссөздері

    

Қазақстанның елордасы Астанада 23-24 қаңтар күндері аралығында өткен Сирия кездесулері үлкен маңызға ие. Алдымен бес жылдан кейін қарулы оппозиция топтары мен Сирия режимі лауазымдары бас қосып, оқ атуды тоқтату және түбегейлі бейбітшілік орнату тұрғысынан өте маңызды бір қадам болып табылады.  Мысалы бұдан бұрынғы Женева кездесулеріне тек саяси оппозиция қатысқан және оқ атуды тоқтату жөнінде де тұрақсыз әрекет жасаған еді. Екіншісі болса, Сирияда жүйенің орнатылуы үшін бір аймақтық бейбітшілік талабы және талпыныстардың ортаға қойылуы еді. Осы тұрғыдан алғанда Түркия, Ресей және Иранның бірге әрекет жасауы және бұның басқа аймақ елдерінен қолдау алуы жаңа бір жағдай болып табылады. Бұл жағдай аймақтық тұрақтылық үшін үміт беруде. Басқа бір маңызды түйін болса, халықаралық саясаттың ең маңызды мәселелердің бірі болған Сирия мәселесінің Астанада қолға алынуы  нәтижесінде жаһандық геосаясат күштің теңдестіруінің қайтадан қалыптасуына мүмкіндік беруде.  

Астанадағы кездесулерге кепілгер елдері Түркия, Ресей және Иранмен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы басышлары да қатысты. АҚШ болса бақылаушы ретінде кездесулерде орын алды. Еуропа Одағы елдері болса, жаңа процес арқылы «күтіп көрейік» саясатын ұстанды. Процестің осы сатыға келуінің өзі үлкен бір табыс. Бес жылдан бері жалғасып келген, 300 мың жай халықтың аянышты шарттарда өлуіне, миллиондаған адамның үйлерін тастап кетуіне және бір елдің күйреуіне себеп болған бір соғыс тоқтатылды. Әрине мұнда Түркия мен Ресейдің бірге жүргізген саясаты мен дипломатиялық талпыныстарының рөлі өте үлкен болды. 15 желтоқсанда Халебтің қоршауымен басталған процес 30 желтоқсанда Сирияда жалпы бір оқ атуды тоқтатудың жариялануымен аяқталды. Осылайша Астана процесінің сәтті өтілуі  бейбітшілік үшін үміт болды. Осы жігер мен ынтаны бір жағынан ПКК-PYD террор ұйымы мүшелерін бейбітшілік кездесулерден аулақ ұстай отырып көрсетсе, енді бір жағынан Эль-Бабтағы әскери жасақтары арқылы өз қауіпсіздігі мен аймақтық қауіпсіздігін сақтай отырып  көрсетті.

Астанада екі күн жалғасқан кездесулер нәтижесінде үш кепілгер мемлекет, яғни Түркия, Ресей және Иран бір хаттама жариялады. Үш кепілгер мемлекет ортақ жариялаған хаттамасында төменгі тақырыптарға орын берді: Біріншісі, Сирияның біртұтастығы мен тәуелсіздігін ұстанды. Екіншісі, Сирия мәселесінің тек саяси және дипломатиялық жолдармен ғана шешілетіні жөнінде ортақ көзқараста болды. Үшіншісі, Сирияда оқ атуды тоқтатуды қадағалау бірлескен 3 тараптан жүргізіледі. Төртіншісі, қарулы оппозиция топтар Женевада өткізілетін кездесу жоспарды қолдайды.

Қысқаша айтқанда, Астанада Сирия келіссөздерінің кепілгер мемлекеттері ретінде Түркия, Ресей және Иран Сирияда оқ атуды тоқтатуды қадағалау үшін үштік бір механизм құруға шешім қабылдады. Жиналыс аяғында жасалған «Тараптардың Сирия біртұтастығы, береке-бірлігі, тәуелсіздігі және егемендігін ұстанады» деген мәлімдемесі өте маңызды.  Осы мәлімдеме арқылы Сирияда Обама әкімшілігі тарапынан құрылған және қолдау көрсетілген PKK-PYD жүйесіне, сондай-ақ ДАИШ сынды ұйымдарға рұқсат бермейтінін ортаға қойды.

Астана процесі аясында түбегейлі бейбітшілікті орнату және саяси шешімге жету үшін 8 ақпанда Женевада кездесулердің жалғасатыны білдірілген. Сондықтан Астана процесі Женевада түбегейлі бейбітшіліктің мығым іргетасы болуы мүмкін. Астанада егілген бейбітшілік тұқымдары Женевада жеміс береді деп күтілуде. Болашақ жөнінде үлкен үміт бар. Бақылап көреміз. Егер Женевада бір саяси шешім жасалатын болса, онда Сирияда 18 ай ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы бақылауында сайлау болады.

         

 


Этикеттер: #Астана , #Сирия , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар