Одақтасымыз Түркия дағдарыста, біздің көмегіміз керек

Отставкадағы генерал Майкл Т. Флинн

608938
Одақтасымыз Түркия дағдарыста, біздің көмегіміз керек

Түркия көп уақыттан бері тұрақтылығына қауіп төндірген бір саяси дағдарыспен арпалысып жатқанда, көптеген американдықтар одақтасы болып табылатын осы елге байланысты не ойлайтынын білмейді. Америка медиасы Ердоған үкіметінің оппозицияға қысымын жазып, керемет іс тындыруда,  алайда мұны бір перспектива ішінде көрсетпейді.

Істі Түркияның Американың мүдделері үшін өміршең маңызы бар екенін қабылдай отырып бастауымыз керек. Түркия - шыныменен де ДАИШ-ке қарсы ең мықты одақтасымыз, сонымен бірге өңірлік тұрақтылықтың қайнары. Американың әскери операциялары үшін өте қажетті ынтымақтастықты көрсетіп отыр.  Алайда Обама әкімшілігі Ердоған үкіметін белгілі бір қашықтықта ұстап отыр. Бұл – көп уақыттан бері одақтасымыз болып келген елге қауіп төндіретін орынсыз саясат.

Америка Құрама Штаттары мен Түркия арасындағы негізгі келіспеушілік тақырыбы – Фетуллах Гүлен деп аталатын, Пенсильванияда тұратын, бұрынғы президент Билл Клинтон «досым» деп үн қатқан бір молда.

Гүлен өзін байсалды деп көрсетеді,  алайда шындығында ол радикал исламшыл. Ол өзі беретін барлық бұйрықты орындау үшін дайын тұрған «әскерлерімен» мақтанды. Егер шыныменен байсалды/шынайы діндар болғанда, айдауда да болмас еді,  яки Режеп Тайып Ердоған және оның үкіметінің жек көрушілігін де алмас еді.

Гүленнің жаһандық желісі қауіпті және заңды емес террор ұйымы желісіне сай келетін сигналдарға толы.  Түркияның көзқарасына қарағанда Вашингтон Түркияның Усаме бин Ладенін паналатып отыр.

Вашингтонның жарылуға дайын осы проблемадағы үнсіздігі Түркияның сайлаумен келген президентінің өз саяси оппозициясын жою үшін әскери төңкеріс ұйымдастырғаны,  өзінің мәжілісін бомбалағаны және Түркияның мықты экономикасына деген сенімді әлсіреткені секілді ақылға жатпайтын көптеген қауесетті естігенімізде үлкен маңызға ие болады.

Дәйегі жоқ осы сөздер 11 қыркүйек Америка барлауының мұсылман жерлерін басып алу және осындағы мұнайды алу үшін жасаған бір ісі екені жөніндегі жауларымыз айтқан жаман ниетті сөздерді еске салады.

Оның үстіне американдық салық төлеушілер Гүленнің Америка Құрама Штаттарындағы 160 ақылы мектебіне қаржы беріп отыр.  Осы мектептерге Google-ға берілген  H1-B виза санынан да артық виза берілді. Виза қызметкерінің ағылшын тілінде сөйлегендері түсініксіз мұғалімдерге мыңдаған визаны бекіткені түсініксіз жағдай. CBS арнасында жарияланған «60 минут» бағдарламасының бір бөлімінде Түркиядан келген ағылшын тілі мұғалімдерінің бірімен сұхбат берілген еді.  Охио және Тексас сынды кейбір жерлерде көптеген қылмыстық іс осы мектептердің жұмысындағы тәртіпсіздіктерді ортаға шығарған болатын.

Алайда қаржы көзін жарату Гүлен тобы үшін проблема емес секілді.

Адвокаттар Гүлен және тобына мол үкімет қайнарынан келген табыстың жалғасуы үшін жұмыстануда. «Cosmos Foundation» секілді қайырымдылық ұйымдары Гүленнің мектептері үшін қолдау беруін жалғастыруда.

Мына кездейсоқтықты қараңыздар,  «Cosmos Foundation» ұйымы – Клинтон фондының да ірі донорларының бірі. Билл Клинтонның FETÖ басшысы Фетуллах Гүленді «досым» деп атауына таңғалмау керек. Хиллари Клинтонның жеке орынбасары және сырласы Хума Абидиннің орталығы Лондонда болып табылатын Азшыл мұсылмандармен қатынастар институты тарапынан басылған бір журналдың редакторының орынбасары қызметін 12 жыл бойы атқарғаны да құпия емес.

Америка халқын Гүлен парсы ақыны Румидің доктринасын таныстыратын сопы ғұлама деп, діндер арасы диалог үшін жұмыстануда деп, американдық жастарға жоғары сапада математика,  ғылым және ағылшын білімін беріп, тамаша жұмыс тындыруда деп алдап соғуда.  

Осы күдікті тұлғаға қарсы тілге тиек етілген уайымдарды да өзіне қарасты ауқымды халықпен қатынастар және құқық мамандары желісі дереу бастырып, жауып тастайды. Гүлен жақтастарымен қалыптасқан осы жасанды түсінік операциясымен ұйымдастырылған бір сыртқы көрініс жаратқан, өзін Түркияның автократ басшысымен қатынасы бұзық байсалды мұсылман ретінде көрсетеді.

Адамдар өткендегі қателерін қайталағанда тарих та қайталанады.  Енді Түркияның маңызына қайтадан көңіл аудару және басымдықтарымызға сай көзқарасқа орай қозғалудың уақыты келді.

Вашингтон Пенсильванияда біздің өз бақшамызда комфортта өмір сүріп жатқан, маска киген террор және тұрақсыздық көзі тарапынан алданып отырғанда НАТО-дағы одақтасымыз Түркияға қарсы болу ұжданға сыймайтын бір қимыл.

Сыртқы саясатымызды Түркияға басымдық беретіндей қылып қайта реттеуіміз керек. Әлемге Түркияның көзқарасынан қарауымыз керек. 11 қыркүйек лаңкестігінен кейін Усаме бин Ладеннің Түркияның демалыс курорттарының бірінде тамаша бір виллада тұратынын және бір жағынан да түрік салық төлеушілерінің қайнар көзімен қаржыландырылған 160 мектепті басқарып отырғанын естісек не істер едік?

Өкінішке орай әртүрлі радикал Ислами топтар заңдылықтарын Гүлен секілді заңсыздық жасаған радикал дін қайраткерлерінен алады. Гүленге паналайтын тыныш порт бермеуіміз керек. Осы дағдарыста бізге кімнің шын дос екенін міндетті түрде еске алуымыз керек.

Отставкадағы генерал Майкл Т. Флинн - АҚШ Қорғаныс барлау ұйымының бұрынғы басшысы және «New York Times» ең көп сатылғандар тізіміне енген «The Field of Fight» кітабының авторы.

Бұл жазба отставкадағы генерал Майкл Т. Флиннің «The Hill» газетінде жарияланған 8 қараша күнгі "Our ally Turkey is in crisis and needs our support" мақаласынан алынды.



Ұқсас жаңалықтар