Әзірбайжан мен Түрікменстандағы атазаң өзгерістері

Еуразия тынысы 41

598342
Әзірбайжан мен Түрікменстандағы атазаң өзгерістері

Түрікменстанның бас қаласы Ашғабаттағы Рухыйет сарайында 14 қыркүйек күні өткізілген Аксакалдар кеңесі жиналысында елдің жаңа атазаңы дауыс көпшілігімен қабылданды. Жиналысқа 600 адамнан тұратын Ақсақалдар Кеңесі мүшелері, үкімет мүшелері, дипломаттар және депутаттар қатысты. Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов жиналыстағы баяндамасында 2 жыл талқыланған соң енгізілген атазаң өзгерісінің елдің қауіпсіздігі мен өркендеуінің алдын ашатынын атап айтты. Құрбанқұлы Бердімұхаммедов дауыс берудің артынан атазаң өзгерісін бекітті.

Жасалған атазаң өзгерісімен Түрікменстан атазаңына 28 жаңа бап қосылды және 107 бапқа өзгеріс енгізілді. Түрікменстанның бейтараптық ережесінің атазаңға бөлек бап ретінде енгізілуі, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен одан белсенді ынтымақтастық жасау, экономикада экспорттаушы ел тұғырына көшуді қамтамасыз еткен баптар жаңа атазаңда назар аударды.

600 адамнан тұратын Түрікменстан Ақсақалдар кеңесі елде президенттен кейінгі ең ықпалды мекемелердің бірі болып табылады. Кеңесте әр қала мен Ашғабат қаласының атынан жүз жүзден мүше өкілдік жасайды. Кеңеске мүше болу үшін 60 жасқа толу, кем дегенде 25 жыл еңбек тәжірибесі болу және халық құрметтейтін үміткер болу шарттары талап етіледі.

Еуразия жағрапиясының тағы маңызды мемлекеттерінің бірі Әзірбайжан да атазаңына өзгеріс енгізді. Әзірбайжанда 2016 жылы 26 қыркүйек күні атазаң өзгерісі үшін өткен референдумда бейресми қорытындыға қарағанда өзгерісті сайлаушылардың 86,6 пайызы құптады. Әзірбайжан Республикасы орталық сайлау комитеті атазаңның 23 бабына өзгеріс енгізу және атазаңға 6 жаңа бап қосу үшін өткен референдумға елде тіркеулі 5 миллион 260 мың сайлаушыдан 3 миллион 671 мың адамның дауыс бергенін, референдумға қатысушылардың 69,7 пайызды құрағанын жариялады.

Сайлаушылар ел көлемінде құрылған жалпы 5 мың 627 сандықта дауыс берді. Шетелде өмір сүретін Әзірбайжан азаматтары болса 38 жерде құрылған сайлау орталықтарында референдумға қатысты. Референдумді 53 мың 30 жергілікті, 117 халықаралық бақылаушы қадағалады.

Президент Илхам Алиевтің ұсынысымен халыққа ұсынылған атазаң өзгерісі арқылы президенттің міндет мерзімін 5 жылдан 7 жылға ұзарту, президент сайлану жасындағы «кем дегенде 35 жас» шектеуін жою, президентке, ерте президенттік сайлау жариялау жауапкершілігін беру, «президенттің бірінші орынбасары» және «президент орынбасарлары» кадрларын ашу тақырыптары қамтылады. Сондай-ақ бұл кадрлар мен міндеттерден босатулардың президент тарапынан жасалуына шешім қабылданды. Жасалған атазаң өзгерісімен президенттің бірінші орынбасары қол сұғылмаушылық құқына ие болады және президент болмаған кезде барлық жауапкершіліктері президенттің бірінші орынбасарына беріледі. Аталмыш өзгерістермен атазаңның «Мүлік сатып алу заңы» тарауына, «арнайы мүлік әлеуметтік жауапкершілікті қажетті қылады» және «Әлеуметтік әділет және жерді өнімді пайдалану мақсатымен жерді иелеу құқы заңдармен шектеле алады» баптары қосылады. Референдумның нақты қорытындысы болса 21 қазан күні жарияланады.

Орталық Азия елдерінде атазаң өзгерістері әдетке айналды. Өзбекстанда 1992 жылы 8 желтоқсан күні қабылданған атазаңға 2003, 2007, 2008, 2011 және 2014 жылдары әртүрлі өзгерістер енгізілді. Тәжікстанда 1994, 1999, 2003, 2016 жылдарында, Қазақстанда болса 1995, 1998, 2007 және 2011 жылдары атазаңы өзгерістері енгізілді. Қырғызстан болса 1994-2010 жылдары арасында атазаңын 8 рет өзгертіп, аймақта ең көп атазаң өзгерісі жасаған ел болды. Қырғызстан желтоқсан айында қайтадан атазаң референдуміне дайындалуда.

Тәуелсіз Түрікменстанның тұңғыш атазаңы 1992 жылы 18 мамыр күні қабылданған болатын. 1995 және 2008 жылдарында бұл атазаңға өзгерістер енгізілді. Әзірбайжан атазаңы да 1995 жылы 12 қараша күні қабылданып, сол жылы 27 қараша күні іске қосылды. Атазаң өзгерісі Түрікменстанда тыныш өтсе де, Әзірбайжанда оппозиция мен азаматтық қоғам мекемелері президент Илхам Алиевтің күшін одан да арттыратынын алға тартып, атазаң өзгерісіне қарсы шықты.

Атазаң өзгерістерінің осы жиіліктері тәуелсіздіктерінің 25 жылдығын тойлаған түркітілдес Орталық Азия мемлекеттерінің өздеріне лайықты басқару әдісін іздестіріп жатқанын көрсетеді десе болады.



Ұқсас жаңалықтар