Украина дағдарысында соңғы жағдай

Еуразия тынысы 35

570285
Украина дағдарысында соңғы жағдай

Украина дағдарысындағы соңғы жайдай

Тамыз айының бастарында Украинаның шығысында қызу қайтадан көтерілді. Украина мен Ресей соңғы екі айда бірін-бірі саботаж, шантаж, тыңшылық жасаумен айыптауда. Мәселенің шешімі жайлы шағында болса ілгерілеген жоқ. Алдымен соңғы айларда Украина дағдарысымен байланысты жүзеге асқан оқиғаларға назар аударайық.

8 шілде күні Германия канцлері Ангела Меркель, Ресей президенті Владимир Путин және Франция президенті Франсуа Олланд телефонда Украина дағдарысын сөйлесті.  Ұқсас бір әңгіме 13 шілде күні де жүзеге асты.

Ресей Федеральды Қауіпсіздік ұйымы 18 шілде күні Украина барлау ұйымы тарапынан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының арнайы бақылау қызметіне аудармашы ретінде қабылданған Артйом Шештаковтың Луганск Халық Республикасында ақпарат жинағанын алға тартып, тергеуге алынғанын және айыптауларды мойындағанын жариялады.

Украинская правда газеті авторы орыс Юрий Шеремет 20 шілде күні Киевте көлігіне орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан қаза тапты. Оқиғаның жауапкерлері қазірге дейін табылмады. Украинадан бір жақты тәуелсіздігін жариялаған Луганск Халық Республикасының басшысы Игор Плотницкийге 6 тамыз күні Киев әкімшілігі тарапынан қастандық әрекеті жасалғаны алға тартылды.

Ресей Федеральды қауіпсіздік ұйымы 10 тамыз күні Украина әскери барлау ұйымының 6 тамыз күні Қырымға дендеп ену әрекеті жасағанын жариялады. Шыққан қақтығыстарда екі Ресей Федеральды қауіпсіздік ұйымы мүшесі қаза тапты, Украина бұл бастамаға қатысы жоқ екенін жариялады. Украина Бас Штаб Басқармасынан жасалған бір мәлімдемеде бұл айыптаулар теріске шығарылды және Ресей Федеральды қауіпсіздік ұйымының мәлімдемелерінің «провокация» екенін жарияланды.

Бұл оқиғаны бағалаған Ресей президенті Владимир Путин Украинаның өте қауіпті бір ойын ойнағанын, шыққан қақтығыста екі Федеральды қауіпсіздік ұйымы мүшесінің өлтірілуін жауапсыз қалдырмайтынын атап көрсетті. Украина тақырыбында батысқа үн қатқан орыс басшы Киев үкіметіне қажетті ықпалды етуі үшін батыс әкімшіліктерін нақты қадам басу керектігін атап көрсетті.

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығыс аймақтарындағы қозғалыстар себепті 11 тамыз күні Қырым мен Донбасс маңындағы барлық армия жасақтарының дайындалуына тапсырма берді.

АҚШ президентінің орынбасары Джо Байден 13 тамыз күні Украина мен Ресейді Қырым тақырыбында қызуды түсіруге шақырды.

Франция президенті Франсуа Олланд 18 тамыз күні елінің Украина дағдарысына шешім табу және Минск келісімін іске қосу мақсатты Нормандия форматы аясында жаңа бір саммит үшін дайын екенін атап көрсетті.

Украина президенті Петр Порошенко 19 тамыз күнгі қақтығыстар одан да нашарлаған жағдайда соғыс жағдайының жариялана алатынын атап айтты. Президент Порошенко толығымен орыс басқыншылығы рискінің әлі жоғары бір ықтимал екеніне назар аударды. Сол күні 2014 жылы өлтірілген ұшқыштар еске алынған бір рәсім ұйымдастырылды.

18-20 тамыз күндері шыққан қақтығыстарда 3 украин әскері қаза тапты. Ресейшіл жікшілдер болса қақтығыстар жайлы Киев әкімшілігін айыптады. Жікшілдер атысты тоқтату келісіміне сәйкес майдан желісінен шегінуге тиісті ауыр қарулармен нысанаға алынғанын алға тартты.

Қырымдағы әскери құрылымдар себепті Ресей мен Украина арасындағы дағдарыстың қызуы артып отыр. Мамандар Ресей әскери құрылымдарының соғысты емес, Еуропаға қысым жасап, өзіне бағытталған экономикалық санкцияларды жоюды мақсат еткенін атап көрсетеді. Қазірге дейін мәселенің шешімі тұрғысынан басылған бір қадам жоқ. Жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан аймақта жасалған қастандықтар мұны ашық түрде көрсетеді.

Басқа жағынан Украинадан бір жақты тәуелсіздігін жариялаған Донецк пен Луганск Халық Республикаларында 24 шілде күні өткізілуі жоспарланған сайлаулар 2016 жылы 6 қараша күніне қалдырылды. Қазірше бұл сайлауларды 6 қараша күніне дейін келісім жасап жүзеге асырулары да мүмкін емес.

Ресей – Украина дағдарысы бар күшімен жалғасуда. Украина Министрлер Кеңесі орыс тауарларына қойғандары эмбаргоны 2018 жылға дейін созуға шешім қабылдады. Украинадағы Владимир Лениннің 2 мыңға жуық ескерткішінің мыңнан астамы Ресей дұшпандығы себепті құлатылды. Украина дағдарысының қысқа уақытта шешілмейтіні анық.



Ұқсас жаңалықтар