Мақсат Эль-Фаллуджаны «кері қайтару» емес, бүтіндесу болу керек

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 25

524198
Мақсат Эль-Фаллуджаны «кері қайтару» емес, бүтіндесу болу керек
Felluce operasyonu.jpg

Халықаралық террор ұйымы ДАИШ АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция Иракты басып алған соң пайда болған хаос атмосферасында ортада шықты. Басқыншылық және одан кейінгі Ирак саясатындағы билеуші күштердің сүннит араб тұрғындарды радикализмге итермелеген саясаттары мен жұмыстары алдымен ДАИШ-тің тамыр жаюын қамтамасыз етті. Артынан да іс жүзінде ортаға шығарды. Сириядағы хаос болса ДАИШ-тің Ирак шекараларынан асып шығуына жол ашты.

2014 жылдың алғашқы жартысы батыс Ирактағы қалаларда және Ирактың ең маңызды қалаларының бірі Мосулда билігін орнатқан ДАИШ тұрғысынан маңызды бір кезең болды. Өзін ел ретінде жариялаған ұйым Самара және Тикрит қалаларына тарады. Солтүстік Иракта Күрд аймақтық әкімшілігіне және Керкүк қаласына қауіп төндіре бастады.

Бағдаттың ДАИШ-ті тоқтатудағы әлсіздігі АҚШ әкімшілігін қозғады. АҚШ басшылығында құрылған коалиция 2014 жылдың жаз маусымы ұйымға қарсы операция бастады. 2016 жылдың қаңтар айында ДАИШ Иракта бақылауға алған 40 шақты аймақтан шегінген еді. Ирактың астанасы Бағдатта бірінен соң бірі жасалған және ұйым мойындаған бомбалы шабуылдардың артынан ДАИШ-ке бағытталған операциялардың нысанасы ретінде Эль-Фаллуджа қаласы алға шығады.

Ирак премьер-министрі Хайдар Әл-Абадидің 23 мамыр күні жасаған мәлімдемесінің артынан Эль-Фаллуджаға бағытталған операциялар басталды. Ирак армия жасақтарына қоса, шиіттерден құрылған  Хашди Шаби  қарулы күштері, Ирак полициясы және сүннит тайпалардан құралған ерікті жасақтар да операцияда орын алды. 18 маусым күні Әл-Абади Эль-Фаллуджаның қала орталығына кіргендерін және қаланың құтқарылғанын жариялады. Бірақ бүгіннен бастап, қаланың солтүстік аумақтарында қақтығыстар жалғасуда.

Соңғы күндерге дейін қала тұрғындарынан өте аз адамның қаладан кетуі операцияны қиындатқан бір мәселе болды. Сондай-ақ қазылған

қазылған орлар, сан алуан тұзақталған бомбалар және жазықсыз халықтың қалқан ретінде қолданылуы сияқты жағдайлар да операцияларды күрделендіреді.

Соңғы бір аптаға дейін қаланы тастап кеткен жазықсыз адамдар саны бірнеше мыңнан аспайтын. Дегенмен ДАИШ-тің күшінің әлсіреуіне қарамастан қақтығыстардың жалғасуы Эль-Фаллуджа мен төңірегіндегі тұрғын орталықтарын тастап кеткен жазықсыз адамдар санын арттырды. БҰҰ Гуманитарлық жұмыстар координациясы кеңсесіне қарағанда 18 маусым күні кеткендер саны 83 мыңға ұласты. Эль-Фаллуджадан ДАИШ-ті тазаланған соң Бағдат әкімшілігі үшін ең маңызды тақырып 2003 жылынан бастап бастан кешкен болған оқиғаларда әрқашан зардап шеккен аймақ тұрғындарымен құрылатын ынтымақтастықтың әдісі.

Хашди Шаби қарулы күштері құрамында орын алған кейбір топтардың қаладан қашып жатқан халыққа қарсы ұстанымдары өткен апта күн тәртібіне келді. Ирак армиясының бұл айыптауларды назарға алып, кейбір күдіктілерді тұтқындағанын және тергеу ашқанын байқаймыз. Анбар губернаторы мәлімдемесінде шамамен 50 жазықсыз адамның өлтірілгенін және 650 адамның із-түссіз жоғалғанын атап айтты. Ирак армиясының бұл айыптауларды назарға алмай кейбір күдіктілерді тұтқындағанын және тергеу бастағанын білеміз. Дегенмен үкімет пен армияның радикал қарулы топтарға қарсы онша ықпалды болмағаны баршаға мәлім. Эль-Фаллуджа халқының бұдан бұрын басына келген ұқсас жағдайлар қаланың АҚШ басқыншылығының алғашқы жылдарында ең маңызды көтеріліс орталығы болуына себеп болған еді. Сондай-ақ ДАИШ-тің көш басшысы ретінде Әл-каиданың Ирактағы тармағы болса бұл қалада өзіне лайықты орта тапқан болатын. Әл-каиданың зұлымдығы алдында аймақ халқы ұйымға қарсы күреске қолдау беріп, оны жоюда роль ойнады. Бірақ орталық үкіметтің аймақты қараусыз қалдыруы және халыққа қарсы жікшіл саясаттардың жалғасуы 2014 жылы ДАИШ-тің аймақта күшеюінің жолын ашты.

ДАИШ-тен құтылғысы келген Эль-Фаллуджа халқы қарулы топтармен араласқысы келмейді. Осы себепті Анбар уәлаяты лауазымдылары Бағдат әкімшілігінен Эль-Фаллуджа халқымен Хашди Шаби  қарулы күштерінің ешқандай байланыс жасамауын қамтамасыз етуін сұрады. Сондай-ақ қала ДАИШ-тен құтқарылған соң қарулы күштердің қалаға кіруіне рұқсат етілмеуі талап етілді. Уайымдарды арттырған басқа бір жағдай болса, Тикрит сияқты ДАИШ-тен құтқарылған сүннит тұрғын аймақтарына қақтығыстан бұрын қаланы тастап кеткен тұрғындардың оралуына рұқсат берілмеуі. Бұл жағдай қалалардың демографиялық құрылымының өзгертілетіні уайымын туғызды.

Қала Бағдат үшін өте стратегиялық бір тұғырда. Бағдатқа тек қана 70 шақырым қашықтықта. Қаланың халқының Бағдат әкімшілігі тарапынан режимнен шеттетілген сүннит тұрғындардан құрылуы режимге қарсы болғандардың сол жерде өзіне қолдау болмаса да баспана табуына жағдай жасайды. Сондықтан Бағдаттың қауіпсіздігі Эль-Фаллуджаның нағыз бейбітшілікке қол жеткізуімен ғана мүмкін. Осы аяда Эль-Фаллуджа кері қайтарылған соң Эль-Фаллуджа халқының өзін қауіпсіз сезінуі үшін қауіпсіздіктің жергілікті органдардың бақылауында болудан басқа альтернатив жоқ. Екіншіден жаңадан құрылыс талпыныстарын жылдамдықпен бастау керек. Бұл аяда аймақта жұмыссыздықты да азайтатын түрде жобалардың іске қосылуы зор маңызға ие. Ең соңында болса қақтығыс ұйымдарының көзқарастарымен күресу үшін жергілікті сүннит дін адамдарының ынтымақтастығы қажет. ДАИШ пен ұқсас ұйымдардың діни дау туғызатын сөйлемдеріне қарсы халық құрметтейтін, өз ішінен шыққан дін қызметкерлерінің болымды ықпалын назарға алуы керек.

Қысқаша айтқанда, маңыздысы Ирак орталық үкіметінің алдындағы сынақ Эль-Фаллуджаны кері қайтару емес, 2003 жылынан бері жүзеге асыра алмаған нәрсесін жасауы. Яғни, Эль-Фаллуджа халқының көңілінен шығуы керек.



Ұқсас жаңалықтар