Тәжікстанда іргетасы қаланған CASA-1000 жобасы

Еуразия тынысы 21

521014
Тәжікстанда іргетасы қаланған CASA-1000 жобасы
CASA-1000 projesi.jpg

Тәжікстанның Турсунзаде қаласында Орталық Азиядан Оңтүстік Азияға аймақтық электр нарығын қамтыған CASAREM жобасының алғашқы сатысы ретінде CASA-1000 жобасы құрылысының іргетасын қалау рәсімі болып өтті. Рәсімге Тәжікстан президенті Имамали Рахман, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф, Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жиенбеков, Ауғанстан мемлекеттік атқару кеңесі төрағасы Абдуллах Абдуллах және Әлем банкінің Оңтүстік Азияға жауапты төраға орынбасары Аннетта Диксон қатысты. Рәсімге қатысушылар жобаның іргетасын қалап, арнайы жасалған жоғары кернеулі электр тармақтарының болттарын тақты.

Рәсімде сөз алған Имамали Рахман бұл жобаның Орталық Азия мен Оңтүстік Азия елдері арасындағы достықтың бір символы болатынын атап көрсетті. Еліндегі су резервтерінің жылына 527 миллиард киловат сағат қуат өндіруге жағдай жасағанын, қазір мұның тек қана 5 пайызының өндірілгенін тілге тиек еткен Рахман бұл стратегиялық мақсатты іске асыру үшін жұмыстарды жылдамдатқандарын атап көрсетті. Қазірге дейін елдегі электр энергиясы саласының жетілдірілуіне бағытталған жалпы көлемі 1,8 миллиард долларды құрайтын ондаған жобаның іске асырылғанын түсіндірген Рахман осылар арасында «Сангтуда-1», «Сангтуда -2», «Душанбе-1» электр станциялары, «Оңтүстік-Солтүстік», «Лолазар-Хатлон», «Тәжікстан-Ауғанстан» жоғары кернеулі электр тармақтары құрылыстары бар екенін атап айтты.

Жалпы көлемі 1 миллиард долларлық CASA-1000 жобасының іске қосылуымен мамыр-қыркүйек айларында Қырғызстан мен Тәжікстанда өндірілген 5 миллиард киловат сағаттық электрдің Ауғанстан мен Пәкістанға жеткізілуі көзделген жобаны жүзеге асыру үшін Тәжікстанның 320 миллион доллар, Қырғызстанның 209 миллион доллар, Ауғанстанның 354 миллион доллар, Пәкістанның болса 209 миллион долларлық инвестиция салуы қажет. 2020 жылына дейін құрылыс жұмыстары аяқталатын жоба аясында 1 мың 342 шақырымдық жоғары кернеулі электр тармақтарына қоса, бұл елдерде трансформаторлық станциялар салынады. Жоба аясында Датка-Хожент, Хожент-Рогун-Сангтуда, және Сангтуда-Кундуз-Пули-Хумри-Кабул-Пешавар электр желілері жасалады.

Жобаға Әлем банкі, Халықаралық өркендеу одағы, Ислам өркендеу банкі, Еуропа тұрғын үй және өркендеу банкі, Еуропа Инвестиция банкі несие беруді уәде етті. 2015 жылдың желтоқсан айында Тәжікстан парламенті CASA-1000 жобасын іске асырумен байланысты 6 келісімді бекіткен болатын.

Бұл жобаларды іске асыру барысындағы ең маңызды тосқауыл ретінде Ауғанстандағы тұрақсыздықты көрсетуге болады. Бірақ аймақ басшылары бұл жоба іске асатын болса, мұның Ауғанстандағы тұрақсыздықты жоюға да үлес қосатынын алға тартады.

CASA-1000 жобасының іске асырылуын аймақта Өзбекстан қаламай отыр. Жоба жүзеге асқан жағдайда, ауылшаруашылығы саласында су тапшылығына ұшырайтынын ойлаған Өзбекстан негізінде суды үнемдеп қолдану үшін өзі де ешбір шара қабылдаған жоқ. Өзбекстанның суару жүйесі Кеңес Одағынан қалған бұрынғы жүйемен жасалады. Бұл аяда замандас суару жүйелері Өзбекстанды уайымдарынан құтқаруы мүмкін.

Жобаны жүзеге асырудағы тағы бір кедергі болса, Қырғызстанның жобамен байланысты несие табу қиыншылығы. Ресейдің Қырғызстанға Гидроэлектр станциясы құру бастамасы Ресейдегі экономикалық дағдарыс себепті жүзеге аспады. Қырғыз әкімшілігі бұл тақырыпта Қытаймен ынтымақтастық жасағысы келеді. Қырғыз Қаржы министрлігі Датка-Кемин электр желісін қытайлықтарға салғызды.

Кейбір мамандар CASA-1000 жобасының 2020 жылы аяқталуына күмәнденіп қарайды. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия сияқты елдердің, Әлем банкі, Ислам өркендеу банкі сияқты маңызды мекемелердің қолдауын алған бұл жоба сәл кешігіп аяқталғанның өзінде үлкен бір табыс. Пәкістанның Орталық Азия елдеріне деген қызығушылығын жобаның жүзеге асуында үміт артқан себеп ретінде көруге болады. Экономикалық жағдайы онша жақсы емес Қырғызстан мен Тәжікстанды әлем экономикасына интеграциялау және Оңтүстік Азия елдерімен ынтымақтастық жетілдіруге жағдай жасау тұрғысынан бұл жобаны тосқауылдарға қарамастан іске асыру керек.



Ұқсас жаңалықтар