Ливияда Ұлттық келіссөз үкіметі құру жөнінде

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 15

495523
Ливияда Ұлттық келіссөз үкіметі құру жөнінде

Ливиялықтар 5 жыл бұрын Каддафи режимін жойды. Бірақ оның орнына құқықтың үстемдігі негізінде жаңа бір саяси режим құра алмады. Көптеген адам мұның себебі ретінде Каддафиден кейінгі саяси кезеңді көрсетті. Негізінде басты себеп 42 жылға жалғасқан үстемшіл Каддафи режимінен артқа қалған қиратушы режим. Каддафи кезеңінде елде заңдылығы болған әділ бір атазаң, саяси бір режим құрыла алмады. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелер еш жұмыс істей алмады, саяси партиялардың құрылуына рұқсат берілмеді және қоғам толығымен кепілдікке алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз еркіндігі құқы болмады. Қазіргі шарттар тұрғысынан табыссыз деп атауға болатын Ливияның ондаған мәселесі арасынан әсіресе үшеуі соңғы бірнеше жылдан бері күн тәртібінде.

Біріншіден ДАИШ-тің үстемшілдік кеңістігінде болмысын жалғастырған Ливияда өзіне орын тауып, уақыт өткен сайын бақылау алаңын кеңейтуі.

Екіншіден Африкадан Еуропаға созылған заңсыз көш бағытының тағы үстемшіл кеңістік себепті Ливия арқылы өтуі.

Үшіншісі болса үстемшілдік кеңістігін нығайтатын бір мәселе ретінде алдымызға шығады: Ливияда елдің әр жерінде күшін сездіретін бір үкіметтің болмауы.

Ел жалпы алғанда тұрақсыздық пен қылмыстық ортаға душар болып отыр. Кешегі күнге дейін елге өкілдік жасағанын алға тартқан екі үкімет пен парламент елдің батысы мен шығысында жұмыс істейтін. Одан да қызығы бұл екеуінің арасында келісім жасалып, Ұлттық келіссөз үкіметі (UMH) құруға шешім қабылданған болатын. Дегенмен шетелде жұмыс істейтін үшінші бір үкіметтің ортаға шығуы күн тәртібіне келді. Бұл үшінші үкімет алдымен Тунисте жұмыс істей бастады.

Бір келіссөз нәтижесінде құрылғанына қарамастан келісімнің артынан әрі Триполидегі, әрі Тобруктағы үкімет жаңа үкіметтің алдын ашуда көңілсіз қозғала бастады.

Триполидегі Ұлтазаттық үкімет кешегі күнге дейін өзін жоймайтынын әртүрлі әдістермен түсіндірді. Тобрукта құрылған Өкілдер Мәжілісі болса 25 қаңтар күнгі сенім дауысында 32 министрліктен тұратын Ұлттық келіссөз үкіметін мойындамады және кабинетте министрлік санының 17-ден аспауын талап етті.

Құрылған жаңа кабинеттің Өкілдер Мәжілісі тарапынан бекітілуі күтілуде. Өкілдер Мәжілісі 8 рет жиналып, жеткілікті депутат саны табылмағандықтан жаңа кабинетті сенім дауысына салуға мүмкіншілік таппады. Бірақ бұл жағдай көбінесе ресми сылтау ретінде қабылданады. Триполидегі үкіметтің жағдайы анықталмай, сенім дауысы бергілері келмеді. Сондай-ақ Тобрук үкіметін қорғаушы қарулы күш ретінде генерал Хафтердің қысымдары себепті жеткілікті депутат саны жиналмағаны үшін дауыс көпшілігі қамтамасыз етіле алмай отыр.

Дегенмен соңғы бір аптаның ішіндегі жаңалықтар жағдайды өзгертетін ерекшеліктерге ие. Ливия саяси келіссөз үкімдерімен құрылған басшылық кеңесі тағайындаған Ұлттық келіссөз үкіметі премьер-министрі Файиз Сираж 30 наурыз күні міндетін қабылдап алу үшін Ливияның бас қаласы Триполиге аттанды. Триполи үкіметі Сираждың алдын алу үшін әуежайын жапқан соң кеме арқылы Триполидегі әскери теңіз базасына келді. Соңғы бір аптаның ішіндегі жаңалықтар Триполи үкіметінің 6 сәуір күнінен бастап жұмыстарын тоқтатқанын жариялауымен нәтижеленді.

Триполи үкіметінің ұлттық мүдделерін күзету мақсатымен шегіну шешімі қабылдауына себеп болған жаңалықтардың басында Мисурата қаласы мен қарулы қолдаушыларының қолдауын жоғалтуы келеді.

Мисурата қаласының маңызды актерлерінің бірі Абдуррахман Сувехли Триполиде жұмыс істейтін Жалпы Ұлттық Кеңесі Мемлекеттік басқару кеңесіне айналған жағдайда аталмыш кеңестің басшысы болады. Сондай-ақ Триполи Одағының басқа маңызды саяси актері Мұсылман бауырлар да жаңа кезеңге қолдау беруде. Сондықтан Триполи Одағы қазіргі шарттарда бұрынғы күшін жоғалтатын болады.

Сондай-ақ Триполи үкіметінің үстемдігіне бағынған 10 муниципалитеттің Ұлттық келіссөз үкіметін танығанын бір апта бұрын жариялауы Триполи үкіметін одан да әлсіретті. Оған қосымша түрде Ливия инвестиция басқармасы, Орталық Банк және Ұлттық Мұнай Фирмасы сияқты маңызды мекемелер де Ұлттық келіссөз үкіметіне бағынышты екендерін білдірді. Басқа жағынан 1 сәуір күні Франция Сыртқы істер министрі Ұлттық келіссөз үкіметінің алды тыйылған жағдайда, әскери күш қолданумен қорқытты.

Бұл жағдай жиналыс өткізетін жеткілікті мүше саны табылмағанын сылтауратып, сенім дауысын кешіктірген Тобруктағы Өкілдер Мәжілісінің қозғалу алаңын шектеді. Қазіргі шарттарда Еуропа мен АҚШ-қа қарсылас болғысы келмейтін Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктері де генерал Хафтер үшін рискке кірмейді. Яғни, Өкілдер Мәжілісінде сенім дауысын қабылдауда болымсыздық көзделмейді. Бұл мәселе Тобрук үкіметіне берілетін шағын мөлшерлі бір жеңілдікпен шешілетін шығар. Хафтерді қолбасшылық жүйесінде ықпалсыз қалдырып бұл мәселені шешуді қалайтын болады.

Қысқа уақыт бұрын Тобруктағы Өкілдер Мәжілісінің Триполиге көшірілуі және Ливияның қайтадан бір орталық және үкіметпен басқарылуы мүмкін көрінеді. Осыдан кейін Ливияда екінші бір шетелдік интервенция болатынын қазірден-ақ айтуға болады. Әрине соққы ДАИШ-ке қарсы жасалатын болады.



Ұқсас жаңалықтар