Ресейдің Сириядан кері шегіну шешімі

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 12

459301
Ресейдің Сириядан кері шегіну шешімі

Ресей президенті Владимир Путин бірнеше күн бұрын орыс әскерлерінің Сириядан кері шегінетінін жариялады. Сириядағы қызметтің табысты екенін атап айтқан Путин елдегі әскери күштің көпшілігінің кері шегінетінін айтты. Дегенмен Ресей Сириядағы теңіз және әуе күштерінің ашық және актив тұратынын білдірді.

Путин орыс операциялары алдынғы мақсатты орындады деп ойлайды. Ресей бұл сатыдан кейін дипломатияның алдынғы шепте болу керектігіне назар аударады. Ал, Ресей тұрғысынан қазіргі жағдай алты ай бұрынғымен салыстырғанда неліктен басқаша?

Ресейдің Сирияда 2015 жылы қыркүйек айынан бері жалғастырған операциялары нәтижесінде Асад режимі қайтадан ес жинауға мүмкіншілік тапты. Кремльдің орыс әуе шабуылдары оппозиционерлердің маневр қабілеті мен ынтымақтасу инфрақұрылымына үлкен соққы берді. Оппозиционерлерге қарсы қол жеткізілген бұл жағдайдың арқасында режим күштері 400-ге жуық аймақты өзіне қайтарып алды. Кремльге қарағанда өткен жылдың ортасында жеңіле бастаған Асад режимі қазір оппозиция алдында күшейді. Сондай-ақ Халеб қаласы да толығымен режим күштерінің бақылауына өтуге дайын жағдайда. Сондықтан қақтығыста Асад күштері қазіргі шарттарда салыстырмалы үстемдікке қол жеткізді.

Ресей Сириядағы операцияларын бастаған кезде бұл жерге қызық іздеуге келмегені белгілі еді. Ұзақ мерзімді бір қақтығыстық ортада қалғысы келмеді. Жаңа бір Ауғанстан тәжірибесін бастан кешуге ниетті емес болатын. Сондай-ақ Ресей ұшыраған экономикалық жағдай Ресейдің тек қана 2016 жылы соңына дейін Асад режиміне белсенді қолдау беретінін көрсететін. Ресей осы операцияларымен Асадты құлдыраудан құтқарды. Осылайша Сирияның келіссөз үстелінде күшін арттырды.

Дегенмен Ресей Сирияда жаңа жоғары технологиялық қаруларын сынақтан өткізуге мүмкіншілік тапты. Операциялардың бастапқы кезінде Каспий теңізінен тұңғыш рет шамамен мың 500 шақырым қашықтыққа зымырандарын ұшырып, Сириядағы нысаналарын жойды. Сондай-ақ Ресей Катар мен Шығыс Жерорта теңізі табиғи газын Еуропаға тасымалдау тұрғысынан физикалық болмысын күшейтіп, келешек үшін басымдылыққа ие болды. Осыған қосымша түрде ұзақ уақыттың артынан Ресей қайтадан өзінің Шығыс Жерорта теңізі мен Таяу Шығыста назарға алуға тиісті бір күш екенін батысқа көрсетті. Украина мәселесі себепті батыс тарапынан шеттетілген Ресей Сирия операциясы арқылы қайтадан батыстың қарсыласы болды.

Путиннің мәлімдемесі уақыты тұрғысынан да назар аударарлық ерекшелікке ие. Шағын бұзушылықтарға қарамастан екі аптадан бері жалғасқан атысты тоқтатуда тұрақтылық ортаға қойылды. Одан басқа Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия арнайы өкілі Стефан де Мистура бітімгерлік жасаған Асад үкіметі мен оппозиция арасындағы бейбіт келіссөздер басталған бір кезеңге дөп келеді. Путиннің бұл шешімі Асад режиміне қарсы дипломатиялық келіссөз ізденісінде себепсіз келісімсіздіктің тарапы болмауы үшін бір қысым іспеттес. Басқаша айтқанда, орыс қолдауының шексіз және шартсыз емес екені, халықаралық қоғамның көз алдында Асад режиміне жолдама ретінде беріледі. Ресей жасаған ресми мәлімдемелер Путиннің шешімді Асадпен ақылдаспай бір жақты қабылдағанын көрсетеді. Оқиғаның бағытына назар аудара қарайтын болсақ, жасалған мәлімдемелерге керісінше Путиннің бұл бастамасынан АҚШ үкіметінің бейхабар болуы мүмкін емес. Ресейдің Сириядағы операцияларын кейде АҚШ үкіметі сынға алып отырды. Тіпті, ДАИШ-ке қарсы Асадтың күшейтілуі АҚШ қаласа, өзі жасай алмайтын нәрсе еді. Ресейдің аймақтағы стратегиялық тұғырын арттыруы негізінде ұзақ мерзімде АҚШ үшін мазалайтын бір жағдай. Бірақ қысқа мерзімде қаланбаған оппозициялық топтардың күшін жойғаны үшін пайдалы болып қабылданды.

Сонда да АҚШ мекемелері Ресейдің Асад режиміне қарсы дипломатиялық шешім жөнінде жеткілікті қысымды жасамағанын ойлап отыр. Бұл туралы мазасыздықтарын әртүрлі жолдармен көрсетті. Путин қабылдаған бұл жартылай кері шегіну шешімі АҚШ тұрғысынан Сирия режимі үстінен қалаған қысымды жасауға ықпал ететін бір жағдай ретінде бағаланады.

Қорыта айтқанда, Ресейдің Сириядан әскери күшін жартылай кері шегу шешімі ерте деп айтуға болады. Байқауымызша Ресей әу бастан алға тартқан мақсаттарына толық қол жеткізе алған емес.

Бірақ өзінің аймақтағы тұғырын күшейтті және Асад режиміне сәл де болса жан берді. Басқа жағынан Ресей әрқашан бір батпаққа кіру уайымы және келіссөздер үшін американдықтармен ортақ бір шешімге келу ізденісінде болатын. Американдықтардың Ресей мен Сирия тақырыбында ынтымақтастыққа баулыған ұстанымы ерте шегіну шешімінің қабылдануына ықпал етті. Ресейдің осы жартылай шегіну шешімінің тұрақты болып болмайтыны Женева келіссөздерінің артынан нақтылана түседі. Келіссөздерде оппозиционерлер мен Асад режимінің келісуі онша мүмкін көрінбейді. Келіссөздердің артынан қарқынды қақтығыстардың басталу ықтималы бар. Сондықтан Хизбуллах қолдау берген режим күштері белгілі аймақтарда атысты тоқтатуға қарамастан операцияларын жалғастыруда. Қақтығыстар басталған жағдайда, Ресейдің артта қалдырған әуе күші Сирия режиміне қолдауын жалғастырады. Бірақ қақтығыстардың артынан теңдік қайтадан Асад режиміне қарсы Ресейдің жартылай кері шегінуі уақытша бір шегіну ретінде қалуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар