Еуразия аймағында 2016 жылы қандай атаулы күндер атап өтілді?

Еуразия тынысы 04

433539
Еуразия аймағында 2016 жылы қандай атаулы күндер атап өтілді?

Бір жылды бір тақырып пен маңызды бір тұлға арнап жариялау ел мен қоғамдар, халықаралық ұйымдар мен мекемелер тарапынан дәстүрге айналды. Еуразия елдері де бұл тақырыпта өте белсенді қозғалады. Бұл бағдарламада Еуразия мемлекеттерінің үкіметтері және аймақпен байланысты халықаралық ұйымдар тарапынан 2016 жылына арнап жарияланған тақырыптар мен тұлғалар жайлы сөз қозғаймыз. Еуразия аймағында жыл жариялау тақырыбында Украинаның көршілерімен салыстырғанда бір қадам алда екенін айта аламыз. Өйткені Украина президенті Петр Порошенко 2016 жылы назар аударатын 3 тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады. Алдымен 2016 жылы Украинада «Ағылшын тілі» ретінде жарияланды. Осыған қатысты президенттің ресми парақшасында тиісті шешім жарияланды. Кейін болса Порошенко 2016 жылдың «Украина әуе күштері» жылы екенін твиттер арқылы мәлімдеді. Сондай-ақ 2016 жыл «Украинада Чернобыль реакторы апатында қаза тапқандарды еске алу жылы» деп жарияланды. Тақырыппен байланысты мәлімдемені президент Порошенко жасады.


Украина жариялаған «Ағылшын тілі жылы» іспеттес бір жыл атауы да Грузиядан келді. Грузия президенті Георгий Маргвелашвили 2016 жылды «Грузияда Еуропа елдері жылы» деп жариялады. Жаңа жылдың не жылы екені әсіресе алдынғы жылдың соңында белгіленетін. Ресей президенті Владимир Путин болса екі жылды бірге жариялады. Путин 2015 жылы 7 қазан күні 2016 жылын Ресейде «Ұлттық кинофильм жылы» ретінде жариялаған болатын. 2016 жылдың 5 қаңтар күні болса Путин 2017 жылын «Ресей қоршаған орта жылы» екені жөніндегі заңнамаға қол қойды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2016 жылының Қырғызстанда «Тарих пен мәдениет жылы» екенін жариялады. Белоруссия президенті Александр Лукашенко болса, 2015 жылы 28 желтоқсан күні 2016 жылын елінде «Мәдениет жылы» болатыны жөніндегі заңнамаға қол қойғанын білдірді. Түрікменстанда да 2016 жылы «Мұра жылы» деп жарияланған еді.

Монғолстан Министрлер Кеңесі 2016 жылды Монғолстанда «Тұтынушылар жылы» ретінде жариялады. Монғолстанда елде қандай жыл жарияланатыны жайлы шешімнің Министрлер кеңесі тарапынан белгіленуі басқа Еуразия мемлекеттерімен салыстырғанда ерекше болып табылады.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 2016 жылды елде «Ана мен бала денсаулығы жылы» ретінде жариялады. Әзірбайжан президенті Илхам Алиев болса 2016 жылдың Әзірбайжанда «Көп мәдениеттілік жылы» болатынын білдірді.

Еуразия аймағында белсенді рол ойнаған халықаралық ұйымдар да өздері үшін маңызды тақырыптарды жылдармен атады. Халықаралық түрік мәдениет ұйымы «Түріксой» 2016 жылын «Жүсіп Баласағұнның (Юсуф Хас Хажип) 1000 жылдығы» ретінде жариялады. Түркі әлемі Мердігерлер мен сәулетшілер одағы болса 2016 жылын «Гайдар Алиев жылы» деп атады.

ЮНЕСКО болса 2016 жылын «Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдығын еске алу жылы» ретінде жариялады. Сондай-ақ ЮНЕСКО тарапынан 2016 жылы Грузия мемлекет қайраткері жазушы «Шота Руставели жылы» деп белгіленді.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері 2016 жылын «Оқу жылы» ретінде жариялап, бұл салада ынтымақтастық жетілдіруге шешім қабылдады.

Жарияланған жылдардың тақырыптарына қарап, бұл іс-шаралардың зиянсыз, елдердің басты тақырыбы ретінде мемлекет басшылары тарапынан қабылданғанын айтуға болады. Кейбір танымал тұлғалардың абыройын көтеру, ол қалдырған мұраны одан жақсы таныту тұрғысынан бұл бастамалар өте пайдалы болып табылады. Жарияланған жылдардың тақырыптары да сол елде аталмыш жұмыстардың одан тәртіпті жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы шараларды көрші мемлекеттер өзара ынтымақтасып, одан әрі жетілдіру үшін екі жақты келісіп жүзеге асыратын болса бәлкім одан табысты болатын шығар. Түркі әлемінің басшылық жасаған ұйымдары ретінде ТүрікПА мен Түрік Кеңесінің де Түріксой сияқты бұл шараларды жүзеге асыруы одан пайдалы болатын секілді.



Ұқсас жаңалықтар