Жүсіп Баласағұни

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТҮРІКТЕР-18

93965
Жүсіп Баласағұни

Әлемдік мәдениет тарихында маңызды орны бар, туындылары адамзаттың бақыты мен келешегі үшін жол көрсететін сөздермен айшықталған, түрік тілінің дамуы үшін аса зор үлес қосқан түркі әлемінің ұлы тұлғаларының бірі Жүсіп Баласағұни болып табылады. Бірақ оның көзқарасы мен өмір пәлсапасын түсінбей тұрып, туындысының маңызын түсіну мүмкін емес. Сондықтан бұл бағдарламамызда Жүсіп Баласағұнидің ой-пікірлері мен ұстанымдары туралы мәлімет беруге тырысатын боламыз.

***

Өкінішке орай Жүсіп Баласағұнидіңөмірі жайында мәліметтер мардымсыз. Ол Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында шамамен 1018 жылдары туылған деп саналып жүр. Махмұт Қашғари сияқты Түркістандағы сыйлы отбасынан шықса керек. Себебі дүниетанымы оның балалық шағында жақсы білім алғанын көрсетеді. Ол дәуірде мұндай мүмкіндік екінің бірінде жоқ еді. Білімімен ерекшеленіп, айналасының оған сый-құрмет көрсеткені сезіліп тұрады.

Ұлы ойшыл Отырар, Шаш, Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларындаалады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейді. Сонымен қатар өзі туған түркі дүниесі халқының салттарының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, бұл оның рухани өміріне тереңдей енген. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік», яғни «Құтты білік»дастаны арқылы қалды, бірақ бұл туындысында өзінің атын тек қана ең соңғы тарауында айтып кеткен. 18 ай бойы жазған бұл дастанын Жүсіп Баласағұни хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы»-Қарахандар әулеті мемлекетінің (942-1210) негізін салушы Сүлейман Арслан ханға тарту етеді. Солүшін хан Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб», яғни «басуәзір» немесе «ұлы кеңесші деген лауазым берген. «Құтты білік» классикалық месневи әдісімен жазылған және 88 тарау мен 6645 бәйіттен тұрады.

***

Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласынан 1439 жылы табылған. Бұл нұсқа алдымен Токатқа, ол жерден Ыстанбұлға апарылған, кейін Хаммер деген ғалым оны сатып алып, Вена Ұлттық кітапханасына сыйға тартқан. Екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Мысырда араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан Зәки Уәлиди Тоған тапқан үшіншісі нұсқасы 12-ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шығарған. Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, салауатты өмір сүру үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді.Ойшыл ғалымның пайысдауы бойынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың жауы мыналар:біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді; екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады; үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін, бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.

«Құтты біліктің» негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетінемен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады.

***

Жүсіп Баласағұни өз заманында алуға болатын барлық білімді алуға тырысқан. Замандасы Фарабидің туындыларын оқып, оның пікірлерімен танысқан.Оның туындыларында білім- өмірдіңмәні және қоғамның мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі.

Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім- адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге,өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол. Артында аса құнды мұралар тастап кеткен ұлы ойшыл 1077 жылы Қашғар қаласында қайтыс болып, сол жерге жерленген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар