Апталық Анализ-61

Израильдің Газаға шабуылдары себепті Таяу Шығыс қақтығысы асқынып барады.

2056846
Апталық Анализ-61

Хамасқа қарасты Иззеддин әл-Кассам бригадалары мен басқа қарсылық күштері 7 қазанда кездейсоқ әрекетпен Израильді нысанаға алуымен үлкен бір қақтығыс басталды. Израиль алғашқы сасқалақтудан кейін өш алу мақсатымен Газа секторын бомбалай бастады.Газада гуманитарлық трагедия тереңдей түсті, Израиль құрлық соғысына дайындалуда. Израильдің операция түрі Газадан палестиналықтарды шығару талабын көрсетіп отыр. Ливан желісінде Хизбулланың соғысқа кіруімен аймақтық бір қақтығыс мүмкіндігі барған сайын артып келеді.

Сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның тақырыпқа байланысты анализдерін ұсынамыз.

7 қазан күні азанда Хамасқа қарасты қарсылық күші Иззеддин әл-Кассам бригадалары мен басқа палестиналық топтар Израильге қарсы әскери операция бастады. Израильдің Газаны қоршап жатқан әскери базалары қысқа уақытта бақылауға алды, қарсылық күштерінің қолданған жаңа әскери техникасы, әдісі мен қағидалары Израильді таң қалдырды. Израиль армиясы жауап беруде қиналып, палестиналықтар Газаның екіден үш есесіндей аймақты қысқа уақыт үшін болса да бақылауға алып үлгерді. Сонымен бірге Израиль жаулап жатқан территорияларда құрған елді мекендері де нысанаға алынды, көптеген тұрғын қаза тапты. Палестиналықтар 250 мөлшерінде әскер мен мекендеушіні кепілге алып, Газаға жеткізді. Осы барыста Израильге зымыран да атылды.

Израильдің есі шықты. Газа төңірегіндегі әскери жасақтарының жойылуы және кепілге алынуы ұзақ уақыттан бері сезбеген үрейлерін ояндырды. АҚШ әскери жәрдем беретінін жариялап, құрлық көпірін салуға мәжбүр қалды. Израиль армиясы бір мезгілден кейін қарсы шабуыл жасап, елді мекендерін бақылауға алды және Газаға әуеден ауыр шабуыл бастады. Ұзақ уақыттан бері жаулап жатқан Газаға су, электр және азық-түлікпен қамдауды тосып, топтық жазаландыра бастады. Израильдің әскери және азаматтық лауазымдылары құрлықтан шабуыл жасайтындарын жариялады, Газаның барлық инфрақұрылымдары нысанаға алынып, Газада балалар мен әйелдерді қамтыған бес мыңнан астам адам қаза тапты, Израиль Газаны өмір сүруге келмейтін жерге айналдырып, палестиналықтарды Сина түбегіне жолдауға талпынуда. Кассам бригадасы ұзақ уақыттан бері құрлықты жаулап алуға дайындық жасауда. Газаның асты жүздеген шақырымдық туннель желілерімен жабдықталып және асимметриялық күш ретінде соғысты күтуде.

Газада осы оқиғалар болып жатқан кезде Ливан шекарасы да тыныш емес. 7 қазаннан бері шекара желісінде Израиль мен Хизбулла арасында қақтығыстар болып жатыр. Ол әлі толық ауқымды соғысқа айналған жоқ, бірақ екі жақ та жалғасты шығынға ұшырауда және қақтығыстар біртіндеп артып келеді. Иранмен байланысы бар «қарсыласу» қанатының бір бөлігі болып табылатын «Хизбулла» Израиль құрлық шабуылын бастаса, соғысқа толық қатысамыз деп қорқытқанымен, Иранмен байланысы бар басқа сенімді өкілдер Ирак пен Сириядағы АҚШ базаларына соққы бере бастады.

Израиль Газаны аяусыз нысанаға алуды жалғастыруда және құрлық шабуылымен соғыстың аймақтық сипат алу мүмкіндігі өте жоғары. Әрине АҚШ-тың аймақтағы әскери күштерін арттыруы да назар аударарлық. Криттен Кипрге дейін АҚШ үлкен соғысқа дайындалып жатқан сияқты. Батыс елдерінің Израильге шексіз қолдау көрсетуі Израильдің шабуылшы беталысын арттырып, бүкіл Таяу Шығысты апатқа итермелеп келеді. АҚШ-ты қамтыған батыс мемлекеттері өз мүдделерінен тыс Израильдің айла-шарғысында қалуда, бұл жағдай ешкімге пайда әкелмейтін шиеленіс толқынын тудыратын сияқты.

Түркия бұл тұйық шеңберден шығу үшін мәселеге атысты тоқтату және саяси шешім ұсынысымен бейімделуде. Президент Ердоған Израильдің Газадағы қырғындарына қарсы қатаң тұғыр танытса да, шешім үшін күресті жалғастыруда. Ол кепілгерлік арқылы мәселені шешуді ұсынуда, олай болмағанда барша зардап шегетін шиеленіс шеңберінен шығу мүмкін емес екенін атап көрсеуде.

Басты мәселе атысты тоқтату, израильдік және палестиналық тұтқындарды босату, Газаны қоршауды аяқтау және түрік әскерлерін қамтыған бейбітшілік күштерін Газаға орналастыру, артынан ірі халықаралық конференция ұйымдастыру сияқты нақты ұсыныстар назар аударады.

 



Ұқсас жаңалықтар