Апталық Анализ 55

​​​​​​​Сириядағы дала кеңістігінде біраз уақыт тыныш болғанымен, соңғы апталарда оқиғалар қайта ушыға  бастады.

2038054
Апталық Анализ 55

Сириядағы дала кеңістігінде біраз уақыт тыныш болғанымен, соңғы апталарда оқиғалар қайта ушыға  бастады. Алдымен Асад режимінің бақылауындағы аймақтарда, әсіресе Сувейда аймағында арт-артынан  шерулер басталды. Одан кейін Режим күштері мен Ресей әуе күштері Идлибті бомбалады.  Енді Дейр-эз-Зор аймағындағы араб тайпалары PKK/YPG-ге қарсы көтеріліс жасады.  Осы оқиғалардың барлығы елдегі  тұрақсыз жағдайдың соңғы көрсеткіші болып табылады.

Сирия соңғы айларда тыныш кезеңді бастан өткерді.  Бір жағында Түркияның ықпалындағы оппозициялық аймақтар бар, екінші жағында  Ресей мен Иранның қолдауымен режим бақылауындағы аймақтар және АҚШ-тың қамқорлығындағы PKK/YPG террор ұйымыны паналаған аймақтар бар. Елде осы күштердің барлығының бақылауындағы статус-кво бейнесі басым бола бастады. Түркия кең ауқымды әскери операцияларын тоқтатты. Режим оппозицияны нысанаға алмады. PKK/YPG болса АҚШ алдында маңыздылығын арттыру үшін әрекет етіп, саяси табыстарға жетуге тырысты. Алайда қазіргі динамиканың елдің демографиясы, әлеуметтік жағдайы және далалық шындығымен сәйкес келмейтін оқиғалар бірінен соң бірі бола басталды.

Алдымен режим аймақтарында елеулі шерулер басталды. Шерулер Дамаск, Дерьа және Латакияда да ара-тұра өткізілді. Алайда  шерулердің орталығы Сувейда аймағы болды. Друз азсандылар тұратын аймақтағы экономикалық мәселелердің күшеюі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнді. Осы кезде адамдар жаппай түрде шеруге шықты. Инфрақұрылымдар мен қондырмалар ауқымды зақымданған және оларды жаңартуға мүмкіндік болмады. Энергетикалық және азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайы да өте нашар еді. Жұмыс істеп тұрған экожүйе енді жоқ деп айтуға болады. Режиммен байланысы бар әскери элементтері кең ауқымда басқарылатын есірткі өндірісі, Ливанда жалғасып жатқан экономикалық қиындықтар  және  Ресейдің  Украина соғысында тығырыққа тірелуі Сирия режимін тіпті қиын жағдайға апарып соқты. Мұндай теңдеуде режим Идлибті нысанаға алу арқылы әскери қақтығыстармен күн тәртібін өзгертуге және болып жатқанындарды заңдастыруға тырысуда.

Осы тұрғыда режимге адал күштер мен Ресей әуе күштері Идлибті бомбалай бастағанын көрдік. Ал оппозициялық күштердің болса, байланыс желілерінде қарсы шабуылдармен тойтарыс беруге тырысқанын байқадық. Әсіресе Джебель Завия аймағында қатты қақтығыстар болды. Содан кейін Дейр-эз-Зорда тайпалық көтеріліс басталды. Дейр-эз-Зор--маңызды энергетикалық ресурстарға ие қала. Аймақ Сирия оппозициялардың бақылауына өткен және одан кейін ДАИШ-тің ұзақ уақыт жаулап алуында болған. Қала соңғы рет АҚШ-тың әуеден және құрлықтан қолдауымен PKK-ның Сирия жалғасы YPG кейбір араб элементтерін басып алған болатын. Дейр-эз-Зор қазіргі уақытта PKK/YPG, SDF және оның автономиялық Әскери кеңесінің бақылауында болғанымен, PKK-ның аймақта құруға тырысқан террор мемлекеті шекарасында орын алды. Әлеуметтік  тұрғыдан тайпалардың бақылауында болған араб-суннит аймағынан сөз қозғаудамыз. Қалада Акаидат, Беккара, Абид, Кулайин, Шаммар, Зубейд, Дулейм, Кабур, Тай, Эбу Сарая және Ел Рифаи тайпалары өз күшін көрсетуде. Қала Дамасктен 450 км және Түркиядан шамамен 200 км қашықтықта орналасқан.

Өңір халқы PKK-ға қарсы бұрын да талай рет ереуіл ұйымдастырған болатын. Бірақ мұндай көлемдегі көтеріліс алғаш рет басталып отыр. Аймақтағы тайпалардың өкілі ретінде Әскери кеңестің басшысы болған Әбу Хавленің PKK/YPG жиналысына шақырылып, қамауға алынуымен үлкен қақтығыстар басталды. Араб тайпаларымен байланысы бар қарулы күштер жұмылдырылып, көптеген ауыл мен қаладан PKK/YPG элементтерін жоюға қол жеткізді. PKK билігінде өмір сүргісі келмеген аймақ халқы бұл көтерілісті жаппай қолдады.

Қақтығыстарда екі жақтан да көп адам қаза тапқанымен, Түркияның ықпалындағы аймақтарда тұратын тиісті тайпа мүшелері де процеске қолдау көрсетіп, PKK/YPG-ге қарсы шабуылдар жасады. АҚШ-тың болса үнсіз қалғанын және тараптарды жақтаудың орнына араағайындық  рөл атқаруға тырысқанын айтуға болады. PKK/YPG-нің қарсы әскери әрекеттері және АҚШ-тың арашалау рөлімен жағдай тыныштала бастаған сияқты.

Қорыта айтқанда PKK/YPG-ге қатысы бар элементтердің тайпалық күштерді әзірге басып тастағанын айтуға болады. Алайда келіссөздерде PKK/YPG Дейр-эз-Зор сияқты аймақтардағы тайпалық құрылымдарға көбірек автономия беру бағытында жеңілдік жасалатыны баяқалуда.  Енді бір жағдай соңғы көтеріліс PKK/YPG-нің АҚШ-тың барлық қолдауына қарамастан аймақта тұрақты жүйе құра алмағанын және бұған ең үлкен кедергінің демография екенін тағы бір рет көрсетті.

Қысқасы Сириядағы жалған көктемнің кенет күйреп, қақтығыстар мен әлеуметтік оқиғалардың қайта басталғанын көрдік.



Ұқсас жаңалықтар