Анкара мен Дамаск кездесулері басталды

Апталық Анализ – 21-2023

1935922
Анкара мен Дамаск кездесулері басталды

Сирияда ішкі соғыс басталған 2011 жылдан бері тұңғыш рет Анкара мен Дамаск арасында тікелей кездесулер басталған кезеңге кірдік. Лидерлер өресінде жасалған алғашқы мәлімдемелер мен оң үндеулерден кейін Мәскеуде Қорғаныс министрлері мен Барлау ұйымының төрағалары бас қосты. Келесі кезекте Сыртқы істер министрлерінің кездесуі жоспарлануда. Ресей бітімгер болуда, Иран мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдер де процеске қатысу ниетінде.

Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның тақырыпқа байланысты бағаландыруларын ұсынамыз.

2011 жылғы «Араб Көктемінің» әсерімен Сирияда басталған ереуілдер Асад режиміне қарасты әскери күштердің қарулы килігуімен ішкі соғысқа айналды. Иран мен Ресей сияқты елдер режимге қолдау берді, Түркияны қамтыған әлемдегі көпшілік сириялық оппозицияны қолдады.

Еркін Сирия армиясы ұйымдастырылып, режимге қарсылық көрсетілді. Алайда ел ішіндегі қақтығыстар өкілдік соғысына айналып, Ресей мен Иран майданда режимге күшті қолдау көрсетті. Ирактағы дағдарыстың әсерімен пайда болған ДАИШ террор ұйымы Сирияға жайыла бастады және оппозицияны нысанаға алды. АҚШ пен батыс елдері ДАИШ-пен күресті негіз етіп, сириялық оппозицияға берген қолдауын тоқтатты. Жалғыз қалған Түркия Ресей және Иранмен үштік механизм қалыптастырып, Астана процесін қолдады. Астана процесі соғыстың жеңімпазы болмайтынын және саяси шешімнің қажеттілігін ортаға шығарды. Нәтижеде жүзмыңдаған адам қаза тапқан, миллиондаған адам мекенінен кеткен, Сирияның инфрақұрылымдары ауыр зақымдалған трагедия пайда болды. Әрі АҚШ ДАИШ-пен күрестен пайдаланып, PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD/YPG ұйымдарымен Евфраттың шығысын қамтыған алаңда бір террористік ел құру талпынысына кірді.

Түркия әскери операциялар арқылы осы ауыз жүзіндегі ел сымақтың бір желі қалыптастырып, Жерорта теңізінің шығысына ілгерлеуін тосты, алайда қауіп әлі де жалғасып келеді.

Жоғарыда айтылған саяси шешім терроризммен күрес және босқындар тақырыбы аясында тағы бір процесс басталды. Президент Ердоған Путиннің ұсынысына орай беріп, Асад режимімен кездесуді қабылдады. Артынан Қорғаныс министрлері мен Барлау ұйымының басшылары Мәскеуде бас қосты. Ендігі кезекте қысқа уақыт ішінде Сыртқы істер министрлерінің кездесуі жоспарлануда. Осы процеске Иран мен Біріккен Араб Әмірліктері де қосылу ниетінде.

Дегенмен тараптар арасында ауыр кедергілердің бар екенін де ескерген жөн. Түркияның негізгі талаптары елдің территория тұтастығын қорғау, PKK-ға қарсы ортақ әрекет жасау, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауында халықаралық қаржы қалыптастырып, Халепті қамтыған күйреген қалаларды қайта құру және босқындардың еліне қайтуы. Осы талаптардың орындалуы үшін саяси шешім процесінің жалғасуы, жаңа атазаңның қабылдануы және оппозицияны қамтыған бір әкімшіліктің орнауы қажет. Алайда режимнің беталысы жоғарыда айтылған талаптарды орындау ниетінің жоқ екенін көрсетуде. Тиісті ерік-жігердің жоқтығы сияқты, мүмкіндігінің бар-жоқтығы да сауал туғызып отыр. Сонымен бірге режимнің қатты қиналғанын, тұйыққа тірелгенін, әсіресе экономиканың құлдырағанын, адамдардың азық-түлік пен энергия қауіпсіздігінен мақұрым күйде екенін ұмытпаған жөн. Сонымен бірге Ресейдің Украина соғысы себепті қалыптасқан жаңа геосаяси тепе-теңдіктер Түркияны күшейтуде. Осы тұрғыдан режимді түрліше бастартуларға зорлауға болады. Дегенмен Түркиядағы сайлаудан кейін процестің беталысы айқындалады.

Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның тақырыпқа байланысты бағаландыруларын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар