Еуропа Саяси тобы Прагада жиналыс өткізді

Апталық Анализ – 08-2022

1896054
Еуропа Саяси тобы Прагада жиналыс өткізді

2021 жылы тұңғыш рет Франция президенті Макрон тарапынан ұсынылған Еуропа Саяси тобы жобасы 6 қазанда Прагада өткен жиналыспен алғашқы нақтылы қадамын басты. Әсіресе BREXIT, пандемия және Украина соғысымен бірге Еуропаның болашағын қалай бағыттау жайлы талас-тартыстар артқан еді. Германияда Меркель билігінің аяқталуымен Еуропада лидерлік мәселесі туылғаны жөніндегі қауесеттер де көбейді. Осы тұрғыдан Франция Германиядан босаған лидерлік орнын саяси жақтан толтыруды мақсат еткен саясат атқарды. Францияның тығыз дипломатиялық талпыныстары арқылы жанданған жаңа механизм Еуропаның әлемдік саясаттағы салмағын арттыру нысанасын ортаға қойды. Франция президенті Макрон үшін бұл мәселе өте маңызды болды. Сондықтан алғашқы сатыда Еуропа Саяси тобы Макронның Еуропа саясаты мен әлем дипломатиясындағы лидерлік орнын бекемдеуге бағытталған бір талпыныс ретінде қолға алынды. Осы тұрғыдан соңғы жылдарда әлемдік дипломатияда ықпалы азайған Франция мен осы жайлы сынға алынған Макрон тұрғысынан Еуропа Саяси тобының ерекше мәні мен мағынасы бар.

Сіздерге Қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы, профессор доктор Мұрат Ялчынташтың осы тақырып жайлы бағаландыруын ұсынамыз.

Еуропа Саяси тобының Прагада өткен алғашқы жиналысы Еуропаның болашағын белгілеуге байланысты жол сілтейді. Басты тақырып Ресейдің Украинаға бастаған соғысы. Еуропа Саяси тобы жобасы Ресейге немесе басқа бір елге қатаң тұғыр танытпаса да, уақыты тұрғысынан Еуропаның Ресейдің Украинаға килігуі себеп болған көп салалы дағдарыстармен қалай күрес жүргізетінін көрсетуі жөнінен алғанда маңызды болмақ. Украина соғысы көптеген салада Еуропаны көлемді бір дағдарыстың ортасына итермелеп отыр.

Осы дағдарыстардың басында энергетика бар. Еуропа Ресейдің энергиясына тәуелді. Еуропаның жылдық энергия мен табиғи газды тұтыну мөлшері 500 миллиард текше метрге жуық, оның жартысын Ресейден алады. Алайда соғыс себепті Еуропа мен Ресей арасындағы келіспеушілік, «Солтүстік Ағым-1» құбыр желісі күшінің азайтылуы, «Солтүстік Ағым-2» құбыр желісі жобасының Америка Құрама Штаттарының наразылығы себепті іске қосылмауы және Ресейге жасалған ауыр экономикалық және саяси санкциялар табиғи газ бағасын өсіріп отыр. Бұл жағдай Еуропаны балама газ ізденістеріне итермелесе де, Еуропа 2023 жылы ауыр дәрежеде табиғи газ дағдарысына дөп келеді. Әрі газбен қамдау, әрі газды қамбалау және құнының артуы тұрғысынан пайда болған ауыр мәселелер Еуропаны энергия жағынан терең экономикалық және саяси дағдарысқа ұшыратты. Сол себепті Еуропаның энергия дағдарысына шұғыл шара табуы қажетті.

Сонымен бірге Украина соғысы Еуропаның қауіпсіздік архитектурасына да жаңа сынақтар әкелді. Ресейдің Украинаны жаулап алу талпынысы Еуропа тарапынан Қырғиқабақ соғыстан кейін қалыптасқан жағдайды бұзу талпынысы деп қаралуда. НАТО-да жасалған саяси өзгерістер Еуропаның Ресейге қарсы қауіпсіздігін нығайту мақсатында жүзеге асырылғанымен, соғыстан туындаған белгісіздік пен қауіптер Еуропа қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты тереңдете түсті. Әсіресе Ұлыбританияның Еуропа Одағынан бөлініп, өзіне тың жол қарастыруы Еуропаны қауіпсіздік құрылымын қайта ретке салуға мәжбүрлеуде. Сол себепті Еуропа Саяси тобы Еуропаның тұтастығын бекемдеу үшін басылған бір қадам ретінде қаралуда. Дегенмен Еуропа Саяси тобының Еуропаның қауіпсіздік құрылымына бағытталған тың беталыс көрсеткенін айту қиын. Себебі Еуропа Саяси тобы Еуропа Одағына балама емес. Тек дағдарыс кезеңінде біргеміз деген бейне таныту ғана. Еуропа Саяси тобын Макронның жаңа ірі жобасы деп сындаушылар да бар. Бұл сын кейбір тұрғыдан дұрыс та сияқты. Алайда көз алдағы қажеттілік Еуроодақты шекара сыртында бір стратегияны жетілдіруге мұқтаж етуде. Әсіресе Еуроодаққа мүше емес, алайда қазіргі жағдайда тіпті белсенді болған Түркия сияқты актерлердің Еуропа Саяси тобына қатысуы өте маңызды болып табылады. Осы қатысулар Еуропа Одағын Ресей себеп болған дағдарыстар алдында тіпті күшті көрсете алады.

Еуропа Саяси тобы стратегиялық көзқарас алмастыруда және алдағы кезеңдегі саясат белгілеу тақырыптарында құрлық көлемінде әрекет жасайтын бір платформаға айналу мүмкіндігіне ие. Алайда осы платформаның Еуропаның нақтылы мәселелерін қысқа уақытта шешуі тым оңай емес сияқты.

Сіздерге Қауіпсіздік зерттеулері директоры жазушы, Профессор доктор Мұрат Ялчынташтың осы тақырыпқа байланысты бағаландыруын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар