Апталық Анализ 19

2021 жылы Орташығыс елдері үшін өте қиын бір жыл болды.

1758647
Апталық Анализ 19

2021 жылы Орташығыс үшін бір былықпа жылы болды. Бір жағынан Ковид-19 пандемиясының болымсыз ықпалдары экономика мен саясатқа зиянын тигізсе, Сирия, Ливия сынды көптеген елде де қақтығыстар жалғасуда. Осы елдерде саяси тұрақтылық орнатылмады. Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан әскерлерін шегерді. АҚШ-тың әскерлерін шегеруі әрі Қытай мен Ресей, әрі Түркия мен Иран сынды елдерге стратегиялық жақтан орай болды.   2022 жылы болса аймақ тұрғысынан әрі үлкен орайлар, әрі де қауіптер де  бірге болмақ. 

2021 жылы Орташығыс елдері үшін өте қиын бір жыл болды. Әсіресе жаһандық пандемияның ықпалдары қатты сезілді. Мемлекеттер Ковид-19 пандемиясының қиратушы әсерлерінен құтылуға тырысқан кезде, жаһандық саясатта 2021 жылы тамырлы бір өзгеріс болмады. Түркия сынды медициналық жүйесі күшті бірнеше ел ғана сынақтан өтсе, Орташығыстағы көп елдердің жағдайы нашар болды. Ливия, Сирия сынды елдерде қақтығыстар жалғасқан кезде, саяси бір тұрақтылық орнатылмады. Мысалы АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерін шегере бастауымен бір олқылық пайда болды. Ресей мен Қытай сынды сыртқы актерлер осы алаңды толтыруға тырысқан кезде, Түркия мен Иран тұрғысынан да үлкен бір орай туылды. Бұдан бұрын АҚШ-қа сүйенген Шығанақ елдері енді саяси тұғырларына реттеу жасап, аймақ елдерімен қарым-қатынастарын қалыпқа түсіруге тырысты. 

2022 жылының саяси тұғырдың атап өткен жағдаймен байланысты болатыны сөзсіз. Яғни, бір жағынан Америка Құрама Штаттарының әскерлерін шегінуімен пайда болған олқылықтардың қалай толтырылатыны, енді бір жағынан болса Түркияның Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Мысыр арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа түсіру процесі. Мысалы Шығанақ елдері мен Иран арасындағы қарым-қатынастың қалыпқа түсу процесі де ықпал жасайды. Орташығыстағы барлық елдер түрлі сылтауы болғанымен де  қалым-қатынастарды қалыпқа түсіру үшін ізденіс жүргізуде. Бірталай жылдан бері жалғасқан пайдасыз кикілжің барлық елді әбден шаршатып жіберді. Алайда Орташығыс үшін қарым-қатынастардың қалыпқа түсіру процестерінде болымды бір көрініс жарыққа шықса да әсіресе Иранның ядролық тұғыры, Израильдің мүмкін бір шабуыл  қаупі және Сирия, Ливия, Ливан, Йемен сынды аймақтардағы тұрақсыздықтар да қатер жарату әлеуетін жалғастырады. Аймақта жүйелі түрде мәселелер шешілмейтін болса, онда қарым-қатынастардың толықққанды түрде қалыпқа түсуін айту өте қиын. 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар