Апталық Анализ 12

Ливияда желтоқсан айында өткізілуі жоспарланған сайлау жақындаған сайын ел ішіндегі дағдарыс арта түсті.

1736018
Апталық Анализ 12

Ливияда желтоқсан айында өткізілуі жоспарланған сайлау жақындаған сайын ел ішіндегі дағдарыс арта түсті. Сайлаудың өткізіліп өткізілмеуі, қандай бір сайлау процесінің болатыны, сайлау аймақтарының белгіленуі, үміткерлердің анықталуы сынды көптеген белгісіздік жағдай салдарынан жаңа бір сайлау процесі пайда болды. Ливиядағы тараптар сыртқы қысым және заңдық алаңдауымен сайлау өткізілуін қалауда. Алайда сайлаудың қандай шарттарда және қалай өткізілетіні әлі белгісіз.

Сайлау процесінде Хафтер және оны қолдайтын елдер басты орын алуы мүмкін. Хафтердің АҚШ азаматы болуына қарамастан Ливия президентік  үміткер болуы қызықты бір оқиға ретінде күн тәртіпте орын алуда. Өйткені Ливияның сайлау заңы бойынша қос азамат болғандардың сайлауда үміткер болмауы керек. Сондықтан Хафтердің ықпалы астындағы Тобрук орталық мәжілісі сайлау заңның қағидаларын шетке тастап, шешімнің жеткілікті саны және жүйесіне қарамай-ақ сайлау заңын шығаруға тырысты.

Күтілгендей халыққа өкілдік еткен басқа орган-Триполи Орталық Жоғарғы Мемлекеттік Кеңесі бұл заңды мойындамағанын жариялады. Сонымен қатар Кеңес төрағасы Халид Әл-Мишри баяндамасында сайлаудың қажеттілігін түсіндірген кезде, техникалық тұрғыдан сайлаудың мүмкін емес екенін еске салды. Сондай-ақ Хафтер сынды актерлердің президентік орынға отыруын қабылдамайтындарын жариялады. Баяндамасының аяғында да сайлауға қарсы шығуға шақырды. Бұл жағдай Триполи тарапында сайлауға бағытталған бір наразылықтың күн сайын тіпті кең қанат жайғанын көрсетуде.

Осыларға қоса Триполи орталық актерлердің арасында ортақ бір үміткер тақырыбында әлі бір ымыраға келген жоқ. Осындай жағдайда Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламның президенттікке үміткеткер екенін жариялауы жаңа бір дау-дамайға себеп болды. Өзін шығыс пен батыс арасында альтернатива бір үміткер ретінде таныстырған Саиф әл-Ислам халыққа да сайлауға қатысу жайлы үндеу тастады.

Хафтер істеген қылмыстарға қарамастан президенттікке үміткер болуын қабылдаған бір ортада Саиф әл-Исламның үміткерлігіне халықтың қалай қарайтыны болса белгісіз бір жағдай. Кейбір аймақтарда ереуілдер ұйымдастырыла бастады және халық Саиф әл-Исламның үміткерлігінің қабылдауға болмайтынын айтуда.

Ливияда сайлаудың өткізілуі немесе өткізілмеуі, өткізілгеннің өзінде заңды немесе заңсыз болуы сынды альтернатива ұстанымдар әлі белгісіздігін көрсетуде. Алайда сайлау Ливияда жаңа бір процестің басталуына себеп болуы мүмкін және қақтығыстарды қайтадан алауландыруы ықтимал. Мысалы Хафтер өз аймағында қарулардың көлеңкесінде сайлаушылардың дауыс беруін қадағалап, осы аймақта жеңіске жетуге тырысады.

Қарулардың көлеңкесінде еркін бір сайлаудың болуы мүмкін емес. Басқа актерлер болса осы нәтижені қабылдамайды және сайлаумен қатар жаңа бір дағдарыс шығады. Бұл жағдай бірталай уақыттан бері жалғасқан атысты тоқтату келісімін бұзуы мүмкін және Ливияда  қайтадан былықпа туылады.

Осындай бір ортада Францияның Париж процесі арқылы Ливиядағы процеске ықпал етуі жағдайды тіпті де ушықтырады. Ливиядағы мәселелерді сайлау шеше алмайды. Бірақ сайлау мемлекеттің тағдырын белгілейді.

 



Ұқсас жаңалықтар