Талибан Ауғанстанды иелеп алды

Апталық Анализ - 86

1694824
Талибан Ауғанстанды иелеп алды

20 жылдық жаулап алудан кейін Америка Құрама Штаттары әскерлері Ауғанстаннан шегінген кезде Талибан күтілмеген жылдамдықпен бүкіл Ауғанстанды иелеп алды. АҚШ-тың бірнеше жүз миллиард доллар ақша жұмсап, білім беріп-жетілдіруге талпынған ауған армиясы соғыспай жатып ыдырады. Кабул Хамид Карзаи әуежайындағы көріністер АҚШ-тың жаулап алу тарихы мен адамгершілік тұрғысынан ұятты жағдай жаратты.

АҚШ 11 қыркүйек шабуылдарынан кейін бақылаусыз түрде Ауғанстанды жаулап алған кезде 20 жыл бойы осы жерді мекендеп қалатынын және артынан елді қайтадан Талибанға тастап кетуге мәжбүр болатынын есептей алмаған еді. Байден айтқандай АҚШ осы процесте мыңдаған әскерінің жанымен бірге 3 триллион доллар ақшадан айырылды. Бітпейтін, бітетіні де байқалмаған Ауғанстандағы соғысқа Американың ішкі қоғамы да наразы болған Трамп билігі кезінде Дохада Талибанмен үстелге отырып, шегіну күн тәртібі белгіленді. Байден әкімшілігі осы процесті жылдамдатты. Алайда АҚШ-та ешкім АҚШ әскерлерінің шегінуімен бірге Талибанның елді бақылауға алатынын, АҚШ тарапынан білім берілген және жабдықталған «300 мың» адамдық Ауғанстан армиясының соғыспай тұрып ыдырап кететінін есептей алмады.

АҚШ әскерлері шегініп болмай-ақ Талибан күштері басқа ірі қалалардан кейін Кабулды қолға түсіруде табысқа жетті. АҚШ осының алдында елден шығаруға уәде берген он мыңдаған аудармашы мен басқа салаларда өздері үшін жұмыс жасаған ауғанды да далаға тастады. Кабул әуежайында болған оқиғалар, АҚШ ұшақтарына отыруға талпынған, алайда кері қайтарылған ауғандар, ұшақтың дөңгелегіне жабысқан кезде жерге құлаған бейбіт халықтың көрінісі АҚШ-тың жаратқан трагедиясын қайталай көрсетті.

АҚШ енді Талибанмен келісімге келіп, азаматтарын Кабулдан шығаруды ойластыруда. Талибан жеңісін сабырмен күткендей. Бұрынғы ұшқары сөз бен әрекеттерін реттеп, тіпті көлемді және құшақ жайған бейне көрсетуде. Кемінде осылай көрінуге талпынуда. Әрине Талибанның алдағы кезеңде басатын қадамдары осы тұрғыдан нақтылы белгілеуші болатыны айқын. Кемінде осы сатыда Талибан лидерлігінің тарихтан сабақ алғанын және әлемде шетке қағылған бір Ауғанстанды қаламайтынын түсінуге болады.



Ұқсас жаңалықтар