Апталық Анализ 85

Иранның жаңа Президенті Ибрахим Реиси қызметіне кірісті.

1690629
Апталық Анализ 85

Иран Ислам Республикасының жаңа Президенті Ибрахим Реиси 5 тамызда парламент алдында ант берді. Осылайша екі сатылы инаугурация процесі аяқталып, Раиси қызметіне кірісті. Сайлау кампаниясы барысында Иранның көршілес елдермен қарым-қатынастарды дамытатынын айтқан еді. Сайланғаннан кейінгі бірінші баспасөз жиналысында да Реиси Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру жөніндегі тілегін білдірген болатын. Екі ел қарым-қатынастарының қалыпқа түсу процесі бірталай уақыттан бері Ирактың дәнекерлігінде жалғасуда еді. Сонымен қатар соңғы кезеңде Сирия және Иракта Иранға жақын шиіт сарбаз топтарында бір әрекеттену байқалуда. Дерьада Иран қолдауындағы топтар жасаған шабуылдар және Палмира қаласында Иран төңкеріс қорғаушылары армиясының туннель қазуға бастауы сынды оқиғалар Иранның Сириядағы әрекеттерінің Ибрахим Реиси арқылы тіпті артатынын көрсетуде.  Ресейдің Сирияның әуе қорғаныс жүйелерін модернизациялау жөніндегі оқиғалар, соңғы жылдарда Израиль шабуылдарынан қатты зардап шеккен Сириядағы Иран күштерінің пайдасына болады.

 

Иракта да осыған ұқсас бір әскери әрекет тілге тиек болуда. АҚШ барлық әскери күшін Ирактан шегермегенімен Хашди Шаби топтарының соңғы кезеңдегі әрекеттері мен мәлімдемелері АҚШ әскерінің бір бөлімінің шегінумен бос қалған орынды толтыру үшін қазірден бастап кіріскені көрілуде. Енді бір жағынан Иракта жақындаған парламент сайлауы қарсаңында Иран қолдауындағы топтардың көбеюі күтілуде.

Реисинің қызметіне кірісуі Оман теңізі мен Басра шығанағында болған бірқатар дағдырыстың туылуна тура келді. Алдымен 29 шілдеде Оман теңізінде Израильге тиесілі  «Mercer Street» атты бір мұнай танкері шабуылға душар болды. Израиль, АҚШ және Ұлыбритания шабуылдың Иранның жасағанын алға тартты. Израиль мен АҚШ Иранға қарсы қатал мәлімдеме жасап, күш қолдануды күн тәртіпке әкелді. Ұлыбритания мен Иран қарым-қатынастарының бұзылуы ядролық келіссөздердің болашағы тұрғысынан да маңызды. Өйткені АҚШ-пен дипломатиялық кездесуді қаламаған ирандық дипломаттар Ұлыбритания және басқа ядролық келіссөздерге тарап елдердің дәнекерлігімен Венадағы келіссөздерге қатысып жүрген еді.

Кейінгі күндерде болса Біріккен Араб Әмірліктерінің Эль-Фуджайра кемежайында «Asphalt Princess» атты басқа бір кемеге шабуыл жасағаны және кемені тартып алып Иранның су айдынына апаруға тырысқаны күн тәртіпке келді. Алайда шабуылшылардың кемені ала алмағандары пайымдалды. Осы оқиғадан да Иранның жауапкершілікте екені алға тартылды. Тегеран әкімшілігі бұл айыптауларды қабылдамады. Иран әкімшілігі мұндай әрекеттердің және айыптаулардың Иранға қарсы жасалған бір шабуыл болғанын білдіріп, Израиль мен АҚШ-қа ескерту жасады.

Иранның жаңа президенті Ибрахим Реисидің сыртқы саясаты өзінен бұрынғы биліктен біраз өзгеше. Қазіргі Иранның сыртқы саясатының өзегі: АҚШ және Еуропа Одағы елдерімен келіссөз жүргізу, көршілес елдермен қарым-қатынастарды дамыту. Иранның Израиль және АҚШ-пен дағдарысының арту тақырыбын функция ретінде ұлғайтпау керек. Байден әкімшілігі Трамп кезеңіне ұқсамайтын бір Иран саясатын әлі қалыптастырған жоқ. Реиси жасаған мәлімдемелерінде ядролық келісімге қарсы емес екенін айтып, келіссөз процесі және әдістеме жағынан Руханиден өзгеше түйінде тұрғаны баршаға аян.

Келіссөз жасау мүмкіндігі қиындау көрінеді. Егер келіссөз жасалмаса, онда аймақтағы дағдарыс жалғасты ушығады. Егер Реисидің тағайындайтын сыртқы істер министрі Әмір Хүсейін Абдуллахиян сияқты Иран төңкеріс қорғаушылары армиясына жақын бір дипломат болса, онда Иранның Ресей және Қытайға тіпті көп жақындайтынын айта аламыз.



Ұқсас жаңалықтар