Апталық Анализ 25

Ливияда жағдай өзгеруде

1439759
Апталық Анализ 25

 

 

 

Түркия сыртқы саясатының таяу тарихында Ливияға ұқсайтын басқа бір оқиға жоқ. Түркия Ливияда әскери күшін қолдана отырып, үстелде қол жеткізе алмайтын бір үлкен табысқа қол жеткізді. Енді осы жағдайға қысқаша көз жіберейік.Төңкерісшіл Хафтер 2019 жылы сәуір айында бастаған төңкеріс әрекетімен Триполидің ішкі көшелеріне дейін ат басын тіреген еді. Егер Түркия Ливияға килікпейтін болса, онда Хафтер Триполиді басып алып, Ливия Ұлттық келісім үкіметін жоюшы еді. Сондай-ақ Триполидің жеңіліске ұшырауымен Түркияны Жерорта теңіз көлемінде геосаясаттық бәсекеде өзін ғана қорғайтын күйге айналдырып, жалғыз тастаушы еді.

 

Аталмыш жағдайды тосу үшін Түркия екі түрлі  стратегия ұстанды. Алдымен Ливия ұлттық келісім үкіметінің шептегі қақтығысты ұйымдастырып, кең көлемді бір әскери стратегияны атқарды. Осылайша шепті бұдан бұрын үнемі Хафтерге жеңіліп келген Ливия Ұлттық келісім үкіметі өз араларында жұмылып, қорғаныс жүйесін күшейтті. Екінші стратегиясы болса, Түркия Ливия Ұлттық келісім үкіметі күштері Хафтер алдында әскери жақтан қолдау беріп, тойтарыс беруіне мүмкіндік жасады. Мысалы «İHA» және «SİHA» сынды қарулы көліктер Ливия Ұлттық келісім үкіметі күштеріне құрлықта тез әрекет етуіне мүмкіндік жасаса, әуеде де Хафтер алдында үстемдік орнатты.

Аталмыш процестің нәтижесінде Ливия Ұлттық келісім үкіметі күштері Хафтердің тоқтатуға болатынына көзі жетті және тойтарыс беру жөнінде қатты үміттене бастады. Мысалы Хафтер алдымен Триполидің оңтүстігіндегі аймақтардан айырылып қалды және одан кейін кері шегінуге мәжбүр болды.

Ватиенің басып алынуы бір тараптан Триполиге бағытталған операция қысымын арттырса, енді бір жағынан да Хафтер сарбаздарына қарсы операция түрлерін көбейтті. Мысалы Ватиенің басып алынуынан кейін алдымен Терхуне қолға түсті, одан соң Сиртке қарата кең көлемді бір операция басталды. Бұдан кейін аталмыш тақырыптағы жеңістердің стратегиялық бір жеңіске айналдырылуы тіпті маңызды болды. Мысалы түрік лауазым иелері 17 маусымда  Триполиге  сапарлай барды.

Сапардың мақсаты өте айқын: Ливияның бір тұтастығын сақтай отырып, тұрақтылыққа жету. Бұны жүзеге асырған жағдайда Жерорта теңізінде Түркияның ойлағанындай қауіпсіздік орнатылады. Сондай-ақ Түркия Жерорта теңізінде аймақтық актер ретінде рөл алады. Бұл нысананың жүзеге асырылуы болса, қазіргі табыстың дипломатиялық негізінде жалғастырылуымен ғана болады. Осы түйінде бірнеше мәселені айта кеткен жөн.

Бірінші мәселе: Ливия мәселесінің Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Мысыр тұрғысынан алғанда аймақтық бір мәселе болуы. Бұл Түркияның әрекет алаңын тарайтады. Түркияның үш елмен де екі жақтылы деңгейдегі мәселесі болғандай аймақтық көлемінен алғанда да маңызды айырмашылық тілге тиек болуда. Ливияда Түркияның алған орны осы үштік одақтасты одан ары ашуландырды. Алайда Ливиядағы нақтылы саяси шешімге жету үшін осы елдердің қалайда процестің ішінде болғанын аңғарғанымыз абзал. Сондықтан аталмыш елдерді дипломатиялық негізде ұстап тұру өте маңызды.

Дәл осы түйінде Ресей мен Түркия арасында Ливияға бағытталған саясатында ымыраласу өте маңызды. Ресей Сирияда болғандай Ливияда әскери басымдылығын толыққанды түрде орната алған жоқ. Енді бір жағынан АҚШ-тың Ресейдің Ливия талпыныстарынан барған сайын мазасыз болғаны да бір шындық. Сондықтан Ресейдің әскери басымдылығын көрсетпей-ақ Ливиядағы шешімнің негізін қалауы керек. Осылайша Мысыр, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері одақтастығының әрекет қабілетін азайтуға болады.

АҚШ Ливияға тікелей араласпаса да Жерорта теңізі көлеміндегі стратегиясы тұрғысынан Ливияға қатты көңіл бөлгені де бір шындық. Осы себептен Түркия АҚШ-тың Ресейге қарсы тұғырын қолдана отырып, Ливияда бір тепе-теңдік құруға болады.

Түркияның Ливия стратегиясының ең маңызды бөлімі болса, Ливия Ұлттық келісім үкіметінің актерлік орнын күшейтіп, реформа қадамдарын тездету болып табылады. Сондықтан Ливиядағы қауіпсіздік секторы секілді саяси өтпелі кезеңде міндет атақаратын саяси ұйымдардың орны өте маңызды.

 



Ұқсас жаңалықтар