Жаһандық жаңа тәртіп ізденістері

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1217376
Жаһандық жаңа тәртіп ізденістері

Тарихтың кейбір кезеңдері – жүйе құратын уақыттар.  Осы уақыттарда құрылған тәртіп жаңа белгісіздік немесе қарбаластық атмософерасына дейін жалғасады.  Еуропадағы 30 жыл соғыстарын доғарған Вестфалия тәртібі, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ялта конференциясы арқылы құрылған Қырғиқабақ соғыс жүйесі еске бірден түсетін жаһандық тәртіптер. Ялта конференциясында Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилль, Америка Құрама Штаттары президенті Франклин Рузвелт және Кеңес Одағы басшысы Йосиф Сталин 1945 жылы Қырымның Ялта қаласында бас қосып,  бүгінгі күні әлі орнына жаңасы құрыла алмаған қырғиқабақ соғыс тәртібінің негізін қалады.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану Факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.

Жаһандық жаңа тәртіп ізденістері

«Жаһандық тәртіп» деген кезде осындағы жүйе бір әділет,  рыза,  адам баласының ортақ мүддесіне сүйенуі керек емес.  Жаһандық әділет тәртібі бөлек тақырып,  бөлек ізденіс және мұқтаждық. Жаһандық тәртіп деген кезде, актерлері белгілі,  тараптар мәжбүр немесе ерікті түрде жаһандық деңгейде атқарылатын жүйеге келіскен бір механизм туралы айтылады.  Әділетке сүйенуі керек емес,  көбіне бұлай емес,  позициялары анық, сондықтан қорытындысы да көрінетін бір жүйе.

Адам баласы 21-ғасырды Қырғиқабақ соғыс аяқталып,  бірақ жаңа жүйе әлі басталмай тұрғандағы белгісіздікпен бастады.  НАТО және Варшава пакттарымен, батыс пен шығыс блоктары арасындағы қырғиқабақ соғыс тәртібі Кеңес Одағының ыдырауымен аяқталды.

Тап қазір қырғиқабақ соғыстың екі полюсті әлемінің төрт негізгі бағытта жалғасып жатқанын айтуға болады.

АҚШ бағыты: Америка Құрама Штаттары өзін орталыққа қойып, Америка империясын жалғастыруда тырысуда. Осыны істей отырып алдынғы жылдардағыдай жұмсақ күш немесе ғаламдық құндылықтар,  Америка арманы секілді адамдардың симпатиясын жинайтын саясаттарды бір шетке ысырып тастап,  тікелей мүддесіне бағытталған қатты күш саясаттарын таңдады. Америка Құрама Штаттарының енді ғаламдық бәсекеге позитивті,  өндіруші, көркейтуші күн тәртібімен алға шығуы мүмкін емес.  Сондықтан Америка Құрама Штаттары көбіне басқа елдердің ғаламдық бәсекеде алға шығуына кедергі болатын саясат ұстануда. Осы шеңберде Америка Құрама Штаттары алдында жаһанданудың чемпионы болса,  қазір жаһандануға қарсы саясаттарға үміт артып отыр.

Ресей бағыты: Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресей қайтадан жинақталуды ойластыруда.  Ресей жаһандық деңгейде ешқашан таңдаулы орталық болмағандықтан, жинақталу жұмыстары көбіне әскери деңгейде және басқа да қатты күш саясаттарын жүргізуде.

Қытай бағыты: Қытай экономикалық күш ретінде ықпалды түрде туып келеді,  бірақ әлі саяси және әскери күш ретінде өзін дәлелдеген емес. Америка Құрама Штаттары бастаған басқа актерлер ашық түрде әскери  және саяси күш екендерін көрсетсе,  Қытай әзірге тек экономикалық және технологиялық күш екенін көрсетіп келеді. Баянды болмаса да, әзірге саяси ұстанымдардан қашқақтауда. Мысалы АҚШ оған қарсы Үндістанға қатты қолдау берсе де, Кашмир проблемасында Үндістанға ашық түрде ұстаным ұстамай отыр.

Әділетке сүйенетін жаңа бір бағыт мұқтаждығы

Төртінші бағыт болса жаһандық әділет бағыты.  Осындай бір бағыт өкінішке орай, қазір жоқ.  Мүдделерге сүйенетін жоғарыда аты аталған актерлерден басқа жаһандық деңгейде әділет мұқтаждығы мен ізденісі ашық. Жаһандық әділет бағыты тек халықаралық саясаттардың принцип жүйесінде жүзеге асырылуы тұрғысынан ғана емес,  басқа да мүдде бағыттарының теңгерімі тұрғысынан да  - жедел мұқтаждық.

20-ғасырда қалыптасқан Еуропа Одағының жаһандық деңгейде бір актер еместігі айдан анық. Еуропа Одағының 21-ғасырда болмысын жалғастырып жалғастыра алмайтыны да белгілі емес. Сонымен бірге Еуропа Одағы елдерінің емес,  бірақ одақ ретінде Еуропа Одағының құндылықтарға сүйенетін кейбір жұмыстары жаһандық әділет түсінігімен бір тәртіп ізденісінде деп пайымдауға болады.

Түркияның аймақтық саясаттары және «Әлем бестен үлкен» деп қорытындылауға болатын әділет шақырулары мен талпыныстарын да жаһандық әділетке сүйенетін ізденістердің бірі деп айтуға болады.

Сонымен бірге жаһандық әділетке сүйенетін бір тәртіп ізденісіндегі елдердің де жеткілікті екенін және дауыстарының естілгенін айту да қате. Адам баласы үшін құндылықтарға бағытталған бір бейбітшілік және әділет тәртібін қамдайтын осындай бір бағыттың актерлері болмыстарын сездіру үшін ынтымақтастықпен одан да белсенді саясат жүргізуі қажет.

Түркия және Америка Құрама Штаттар арасындағы S-400 жүйелерінен басталған дағдарысты талқылауымызды келесі апта жалғастырамыз.  Бірақ әзірге мәселенің негізінде әуе қорғаныс жүйесі еместігін,  проблеманың батыс жазушылары айтқанға керісінше Түркиядан гөрі батыс пен Американың өзгерген жаһандық басымдықтар және өздеріне берген тұғырынан туындағанын айтып қана қоялық. Америка Құрама Штаттарының қырғиқабақ соғыс кезеңінен толығымен өзгерген, басқа елдерді еш елемейтін басымдықтары өзгермейінше S-400 немесе басқа да проблемалардың әрдайым болатынын атап көрсету керек.

 



Ұқсас жаңалықтар