АҚШ-Иран келіспеушілігі

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

1205513
АҚШ-Иран келіспеушілігі

Атақты Ислам ойшылы Ибн Халдун мемлекеттерді адамдарға ұқсатады.  Олар да адамдар секілді туады,  өседі және өледі.  Османлы ойшылы Катип Челеби де осыған ұқсас көзқараста.  Шыныменен де бұрынғы талай ұлы өркениеттердің,  мемлекеттердің уақыт өте келе тарих сахнасынан кеткенін көреміз.  Көп айтылатын бір сөз бар: өмірде өзгермейтін бір ғана нәрсе – өзгерістің өзі ғана.

***

Бүгінгі күні осыған ұқсас үрдістерден өтудеміз.  Америка Құрама Штаттарының экономикалық,  технологиялық, саяси және принциптік деңгейде (әділет, адам құқықтары және моралдық ұстаным тұрғысынан)  жаһандық бәсекеде алға шығатын бір жағдайы қалмаған секілді.  Америка Құрама Штаттарының осы салаларда қайтадан жаһандық бәсекеде алға шығуы күтілмейді.  Сондықтан жаһандық лидерлігін жалғастыру үшін өзі жүргізіп отырған жаһандануға қарсы, жабық, экономикалық және әскери тұрғыдан килігуші саясаттарын арттырып жалғастыратынын айту – көрегендік болмаса керек. Осындай саясаттардың ауыр қорытындысы болатынын,  бірақ көркейтуші,  қайта құрушы,  тәртіпті сақтайтын саясаттар тұрғысынан осы елдерді жаһандық бәсекеде алға шығармағанын болса тарих бізге көрсетіп берді.

Америка Құрама Штаттарының келіспеушілікті ушықтыратын,  экономика және/немесе әскери килігуші саясаттарын Қытай, Батыс елдері,  Латын Америка елдері, Түркия секілді елдермен қоса қазіргі кезде Иранға қарсы арттырғанын байқап отырмыз.  Америка Құрама Штаттарының ядролық келісімнен бір жақты шығып кетуі, Иранға бағытталған эмбарголар,  Ормуз бұғазының қайта қозғалыстарға сахна болуы, өзара қатаң сөздер – артып отырған келіспеушіліктің нақты көрсеткіштері.

               Америка Құрама Штаттары ядролық қару өндірмеуі үшін Иранды әрдайым қорқытып келеді.  Иә, қолданылған жағдайда тек адам баласының ғана емес,  Американың Жапонияда істегені секілді барлық жанды түрін жоятын қаруға ие болуын қабылдау мүмкін емес, әрине,  сонымен бірге Израиль, Үндістан, Америка Құрама Штаттары және басқа елдердің ядролық қаруы бар екені     қаншалықты мазасыздандыратын болса,  Иранның да ядролық қаруы мазасыздандырады.   Аймақта әсіресе Израильдің қолындағы химиялық қаруларды көрмей, тек Иранға қарсы шабуылдау принципсіз бір ұстаным болумен қатар, Иранға да заңдылық береді.

Иран экспансиясы

Америка Құрама Штаттарының қорқытулары алдында Иран аймақта жалғыз қалды.  Мұның ең маңызды себебі - Иранның сектаға сүйенетін экспансиялық саясаттары. « Төрт елдің бас қалалары – Ирак, Йемен,  Сирия,  Ливан- бақылауымызда» деген кезде Иран едәуір жалғыз қалды.

Иран және империалист елдер өте ұқсас әдістермен қозғалады.  Өздеріне жақын орталарды ушықтырып,  алға шығарып қатысты елдердің саясаттарына килігеді.

Иранның сектаға сүйенетін ұстанымы мен экспансиялық саясаттары аймақта Израильден де көп мазасыздық туғызады.  Шығанақ елдерінің Израиль бағытындағы саясаттарға ығысуының маңызды бір себебі Иранның осы экспансиялық және килігетін саясаты.  Иран аймақта Израильге қаншалықты зиян тигізеді? Тигізіп отыр ма? Бұларды талқылауға болады.  Бірақ Иранның осы саясаттары - мұсылман елдердегі тұрақсыздықтың ең маңызды себептерінің бірі.

АҚШ килігуі

Иранды жоғарыда айтылған және айтылмаған көптеген тақырыпта сынауға болады.  бірақ Иран сыны Америка Құрама Штаттарының Иранға қарсы саясаттарын,  килігулерін еш орынды қылып көрсетпейді.  Себебі Америка Құрама Штаттары әділет тұрғысынан қарамайды.  АҚШ-тың Иран саясаты өз мүддесіне сүйеніп, 19-20-ғасырдың негізгі ұғымы – империализмнің бір құралы ретінде пішінделеді.  Трамп басшылығындағы Америка Құрама Штаттарының жаһандық саясаттарының көрінісі өз кезінде үндістерге қарсы істелгендерге ұқсайды.

Басқа жағынан Америка Құрама Штаттары мен батыс елдері тарапынан басып алынған елдердің ешбіріне тыныштық келмегенін өте жақсы білеміз. Аймақтағы осындай килігулердің нәтижесі – миллиондаған өлім,  қан, көздің жасы,  көш және ауыр шарттар салдарынан террорлық ұйымдардың жеңіл қалыптасуы.

Болуы мүмкін килігудің нәтижесі

Америка Құрама Штаттары келіспеушілікті арттырып,  өзінің күшін нығайтқысы, Иранға шарттарын қабылдаттырғысы келуі мүмкін.  Бұдан бұрын көптеген мәрте болғаны секілді проблема ыстық қақтығысқа айналмауы да мүмкін.  Біз де келіспеушілік қақтығысқа айналмасын деп тілейміз.  Бірақ сайлаудан жеңіліп қалу соғыстан жеңіліп қалудан ауыр деп есептелген осы әлемде ыстық қақтығыс ықтималын да ойламай тастауға болмайды.

Басқа елдерден кейін Иранда тұрақсыздық болса,  ол да Сирияға айналса, Таяу Шығыста ешнәрсе бұрынғыдай болмайды.  Таяу Шығыста қалған соңғы тұрақтылық та толығымен жойылады.  Таяу Шығыс Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін болғандай, империалист елдер шапқылайтын аймаққа айналады.  Бұл Түркияға да әсер етеді. Барлық елдер табыссыз елге айналып,  шығанақ елдері де қуыршаққа айналдырылғанда, Таяу Шығыста Израильдің жобасының алдында ешбір кедергі қалмайды.  Америка Құрама Штаттарының Иранға килігуінің Сирия мәселесінде болғаны секілді Таяу Шығыста жалғыз жеңімпазы болады. АҚШ-тың өзі емес,  Израиль. Иран қаупіне қарсы Америка Құрама Штаттарымен бірге қозғалған,  тіпті АҚШ-ты арандатқан шығанақ елдері Иран рискі жойылғаннан кейін өз бастарына еркін қалмайды әрине. Егер әлі бір ел болып қалатын болса,  Израиль мен АҚШ қыспағында болады деген сөз.

Түркия не істей алады?

Аймақ проблемаларының жаһандық актерлердің араласуымен шешілмейтінін,  осындай килігулердің аймақта тұрақсыздық, жек көрушілік пен өштестікті түбегейлі қылатынын,  аймақты террор батпағына айналдыратынын Түркия өте жақсы біледі.  Сондықтан Түркия аймаққа бағытталған саясаттарында принциппен қозғалуды таңдайды.  Сирия,  Мысыр, Ирак және Иран секілді елдерге деген ұстанымы әрқашан әділет шеңберінде болды.

Түркия қазіргі жағдайдағы принципті ұстанымын жалғастырумен қатар,  өз болашағына да жақыннан әсер ететін, тәуелсіздік проблемасын шығаратын осындай қақтығыстың алдын алу үшін дипломатиялық барлық тәсілдерін қолданып бағады.  Еуропа Одағы елдері,  Қытай, Ресей және Шығанақ елдерімен,  тіпті Америка Құрама Штаттары және Иранмен тығыз кездесулер жүргізіп,  үрдістің бейбіт жолмен басқарылуына өз үлесін қосуына әбден мүмкіндік бар.

Түркия бұдан бұрын Бразилиямен бірге Иранмен жасалған келісімнің инфрақұрылымын қалыптастырды.  Ресеймен жүргізген келіссөздері арқылы миллиондаған сириялық босқынды аман алып қалды.  Үндістаннан Балқанға,  Африкадан Ауғанстанға дейін Түркия әлемнің көптеген елінде жаһандық бейбітшілікке қолдауын беріп келеді.  Жаһандық мәселелерге қағидатпен қараған көп ел қалмағандықтан Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағалық міндетін атқарған Түркия Иран мен Америка Құрама Штаттарының келіспеушілігінде де соғыстың алдын алатын барлық әдісті сынап көруі керек. 

 



Ұқсас жаңалықтар