Түрік елші әзірбайжандық босқындармен кездесті

1 миллионнан астам адам елінен жырақта тұрып жатыр.

247803
Түрік елші әзірбайжандық босқындармен кездесті

Әзірбайжан жерінің 20 пайызы армян басқыншылығында.


Таулы Қарабах мәселесі 20 жылдан астам уақыттан бері шешім күтуде.


Басқыншылыққа байланысты ел-жұртынан үдере көшкен әзірбайжандық азаматтардың трагедиясы да сол қалпында.


1 миллионнан астам адам елінен жырақта тұрып жатыр.


Түркия болса Таулы Қарабах мәселесінің шешілуінде Әзірбайжанды қолдайды. Түркияның Бакудегі өкілетті және төтенше елшісі Алпер Джошкун басқыншылықтан қашып көшкен әзірбайжандықтармен кездесті. Елші ел ордасы Баку маңында босқындарды барып көрді.


Алпер Джошкун алдымен бастауыш мектепке барды, осында оқушылармен әңгімелесті. Артынан бір отбасына қонақ болды. Осында босқындармен сұхбаттасқан өкілетті елші «Ел-жұртынан қашуға мәжбүр болған адамдармен сөйлестік. Осы басқыншылық тоқтасын деп тілейміз. Аймақта адамдар бейбіт өмір сүрсін деп жұмыстанамыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар