2015 Еуропа ойындары Стамбулда таныстырылды

Кешке Әзірбайжан мен Түркия арасындағы бауырластық таңбасын басты.

195203
2015 Еуропа ойындары Стамбулда таныстырылды

2015 Еуропа ойындары Стамбулда таныстырылды.


Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде өтетін ірі спорттық организацияның таныстыру кешіне Түркия Республикасының Жастар және спорт министрі Чагатай Кылыч пен Әзірбайжан президентінің жұбайы Михрибан Алиева да қатысты.


Спорт, саясат жәен бизнес әлемінен өкілдерге бас қостырған кешке Әзірбайжан мен Түркия арасындағы бауырластық таңбасын басты.


Түркия мен Әзірбайжанның әрқашан бір-біріне қолдау бола білгенін атап көрсеткен Михрибан Алиева «Жаһанда ең жақын және бауырлас ел Әзірбайжан мен Түркия» деді.


Министр Чагатай Кылыч та Еуропа ойындарының алғаш рет Бакуде өткізілуінің мақтан тұтарлық оқиға екенін айтып, «Осы ойындар Түркияда болатындай сезімдеміз» деді.


Еуропа ойындары Баку Олимпиада стадионында басталып, қаладағы 18 спорт кешенінде жалғасады.


12-28 маусым күндері арасында болатын осы ірі организацияда 49 елден 6 мыңнан астам спортшы бақ сынасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар