Вашингтонда Таулы Қарабахтың жаулануы протест етілді

Әзербайжан және Түркия байрақтарын көтерген шерушілер Ақ Үйдің алдында ұран салды.

1509400
Вашингтонда Таулы Қарабахтың жаулануы протест етілді
abd azerbaycan destek mitingi.jpg
abd azerbaycan destek mitingi1.jpg

Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда Арменияның Әзербайжан территориясына бағытталған шабуылдары және Таулы Қарабахты жаулауы протест етілді. 

Әзербайжан және Түркия байрақтарын көтерген шерушілер Ақ Үйдің алдына келіп ұран салды. 

Арменияның  шабуылшы тұғырын айыптаған шерушілер АҚШ әкімшілігіне Арменияның тағылық әрекеттерін және жай халыққа бағытталған шабуылдарын доғаруы үшін қысым жасауы жайлы үндеу тастады. 

Ақ Үйдің алдындағы ереуілдерден кейін Түркияның Вашингтондағы елшілік ғимараты алдына жиналған бір топ адам Түркияға деген сүйіспеншіліктерін білдірді. 

Елшілік дипломаттары шерушілерге қол бұлғап, Түркияның Әзербайжанға жасаған қолдауын қайталады.

 



Ұқсас жаңалықтар