Путин мен Пашинян телефон арқылы сөйлесті

Кремль сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда басшылар Қарабахтағы жағдайды талқылады.

1959075
Путин мен Пашинян телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Қарабахтағы жағдайды талқылады.

Кремль сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Путин мен Пашинян телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары 2020 және 2022 жылдары қол қойған келісімдердің орындалуы, соның ішінде Әзербайжан-Армения шекарасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық және көлік байланысын қалпына келтіру, сондай-ақ келісім-шарттарды дайындау, Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісім талқыланды.

Қарабахтағы жағдай да күн тәртіпке келген әңгіме кезінде Путин «барлық мәселелер сындарлы түрде, Ресей бітімгерлік күштерімен жақын байланыс және өзара ықпалдасуы арқылы шешілуі керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар