Орталық Азияның қауіпсіздігі тұрғысынан діни тыйымдар

Еуразия тынысы 25

522948
Орталық Азияның қауіпсіздігі тұрғысынан  діни тыйымдар

Орталық Азия жағрапиясында өмір сүретін халықтың көпшілігі мұсылман болғанына қарамастан олар Рамазан айының өзінде діни ғибадаттарын орындау тақырыбында көптеген қиыншылықтарға дөп келеді. Биліктер тарапынан халыққа жасалған бұл шектеулердің ең маңызды себебі ретінде ел қауіпсіздігі көрсетіледі. Негізінде ел қауіпсіздігі себепті іске қосылған бұл шектеулер мәселеге тұрақты шешім келтіре ме, белгісіз. Алдымен тақырыппен байланысты аймақта соңғы кездері болған осындай оқиғаларға көз жүгіртейік.

Тәжікстан Дін Басқармасы ораза айында тәрауық намазының үйлерде 10 адамнан тұратын жамағат санын аспайтындай шартымен оқылуына рұқсат етті. Тәжікстан Ислам Орталығы ғұлама кеңесі жазғы маусымда түнгі уақыттың қысқа екені және адамдардың шаршағанын себеп ретінде көрсетіп, мешіт имамдарына тәрауық намаздарын 1 сағаттың ішінде оқуға тапсырма берді.

Мамыр айында Тәжікстанда 5 имам діни радикал сөйлемдер қолданғаны айыбымен тергеуге алынды. Биылдың алғашқы  4 айында Солтүстік Согд аймағы Конибодом ауданына қоса, көптеген солтүстік ауданда барлығы 15 имам ұқсас айыптаулармен тергеуге алынды. Тәжікстанның солтүстігінде 100-ден астам мешіт әртүрлі себептермен жабылды. Тәжікстан шара мақсатты Ауғанстан шекарасындағы әскер санын арттырды.

Тәжікстанда тыйым салынған Ислами қозғалыс партиясының екі басшысы болса билікке қарсы төңкеріс жоспарлау айыбымен өмір бойы бас бостандығынан айырылды. 12 исламшыл оппозиционер де 28 жылға дейін сотталды.

Өзбекстан Адам құқықтары тобы мәлімдеме жасап, елде биліктің «Рамазан айында мұсылмандарға қарсы қатал саясатын одан да арттырғанын» жариялады. Өзбекстанда бірнеше жылдан бері шайхана, ресторан сияқты жерлерде ауыз ашуға тыйым салынғанын атап көрсетті. Қауесеттерге қарағанда осыдан кейін кейбір өзбекстандық мұсылман топтар өткен жылы мешіттерде топтық ауызашар жасауға әрекет жасаса да, әкімшілік бұл бастамалардың алдын алды.

Жаңа бір қауесетке қарағанда Өзбекстанда мұсылман балалар мен жастардың мешіттерге келмеуі үшін үйлердің есіктеріне «Балалар мен есуастарды мешіттерге кіргізбеңдер» деген жалған хадистер жазылған хабарлау тақтайлары іліне бастағаны жөнінде жаңалықтар медиада орын алды. Өзбекстанда 17 жастан кішкентайларды мешітке кіргізбеу тыйымы ұзақ уақыттан бері күшінде. Өзбекстан үкімет лауазымдылары мұндай шаралардың ел жастарының әртүрлі діни ағымдарға қосылуының алдын алу үшін жасалғанын алға тартады.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов қол қойған 26 сәуір күнгі жаңа заң бойынша медиада ислами сөздер қолдана отырып, насихат жасағаны анықталған азаматтарға берілген түрмеге қамау жазасы 8 жылға ұзартылды.

Қырғызстанда болса Рамазан айында жұма намазы уақыты дау-дамайға айналды. Жұма намазының уақытымен байланысты заң жобасы қоғамды екіге бөлді. Пікірталас президент Алмазбек Атамбаевтың мәселеге араласуымен тынышталды.

2015 жылы 26 қараша күні Қырғызстанның астанасы Бішкекте дінтанушы академик Кадир Маликов шабуылға ұшыраған болатын. Маликовқа қастандық әрекет жасаған шабуылдаушы Сирияға қашып кеткен кезде ұсталып, маусым айында өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Қазақстанның Ақтөбе қаласында 6 маусым күні қару-жарақ дүкені мен Ұлттық гвардияның әскери бөліміне жасалған шабуыл нәтижесінде 19 адам қаза тапты, 10-нан астам адам да жарақат алды. Шабуылда 12 шабуылшы, 6 қауіпсіздік қызметкері және 1 жазықсыз адамның қаза тапқаны жарияланды.

Шабуылды «Қазақстанды азат ету армиясы» деген ұйым мойындады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе шабуылымен байланысты «Біз кез-келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруымыз керек. Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет » деді.

«Альтернативті Түрікменстан жаңалығы» атты хабар порталындағы мағлұматқа қарағанда Түрікменстан-Ауғанстан шекарасындағы жасақтарда әскерлік борышын өтеп жатқан 27 түрікмен әскерінің мәйіттері жанұяларына қайтарылды. Ресей Қорғаныс министрі қауіпсіздік тақырыптарын қолға алу үшін маусым айының басында Ашғабатқа келді.

Қытай Халық Республикасы ұйғырларға кезкелген саяхатқа шығу кезінде үйлеріне ең жақын полиция орталығына барып, ДНК анализі, саусақ ізі дауыс жазбасы және 3D суреттерін өткізу шартын келтірді. Тайландты паналаған және 3 жылдан бері заңсыз түрде түрмеге қамалған 70 мұсылман ұйғыр болса үндерін әлемге жеткізу үшін аштық жариялады.

Жаһанданған әлемнің бір мүшесі ретінде Орталық Азия, Еуразия және Африка өз жағрапиясындағы терактілердің ықпалында. Аймаққа террор экспорттағысы келген топтар және тұлғаларға қарсы болса ел әкімшіліктері тыйымдарымен жауап қайтарады. Басқа жағынан мұндай оқиғалар Ресей сияқты аймақта мүдделері бар елдердің күшін арттырады. Бұл елдерді қауіпсіздік тақырыптарында «үлкен елдерге» одан да бағынышты қылады.

Әлемдегі қауіпсіздік саласындағы тәжірибелер мәселенің толық шешімі тұрғысынан тыйымдардың ықпалды және тұрақты еместігін көрсетеді. Орталық Азия мемлекеттері де мұны қысқа уақытта түсініп, террор мен радикал топтарға қарсы одан ықпалды шешім жолдары табуға тиісті.



Ұқсас жаңалықтар