Еуропалық Одақтың сараптама орталығының Түркия рапорты
Рапортта Түркияның Батыс Балқан, Оңтүстік Кавказ, Таяу Шығыс және Африкадағы тиімділігі қарастырылды.
Еуропалық Одақтың сараптама орталығы Қауіпсіздік зерттеулері институты Түркияның төрт маңызды аймақта үлкен күшке ие екенін мәлімдеді.
Парижде орналасқан институт жариялаған «Түркияның әлемдегі карталары» атты рапортында Түркияның Батыс Балқан, Оңтүстік Кавказ, Таяу Шығыс және Африкадағы тиімділігі қарастырылды.
«Түркияның әртүрлі аймақтардағы ізі кеңейді» деген мәлімдемемен Түркияның соңғы 20 жылда бұл аймақтардағы тиімділігін арттырғанына назар аударылды.
Рапортта Түркияның төрт маңызды аймақта экономика, сауда, білім, мәдениет және дипломатия салаларында күшті актер болғаны атап көрсетіліп, оның жаһандық ауқымдағы позициясы мен кең таралған дипломатиялық желісіне назар аударылды.
Түркияның әсіресе бұл аймақтарға жылдам кеңейіп, олармен тығыз қарым-қатынас орнатқаны айтылды.
Дипломатиядан бөлек, Түркия Радио Теделидар Мекемесі (TRT), Анадолы агенттігі, Түрік Әуе жолдары (THY), Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TИKA), Маариф қоры және Юнус Эмре институты сияқты мекемелердің атқарған рөліне назар аударылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған "Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне" орай хабарлама жасады
Президент Ердоған «5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне» орай хабарлама жариялады.
Хакан Фидан Үрімжі мен Қашқарда
Хакан Фидан Қытайға жасаған 3 күндік сапарының соңғы күнінде Үрімжі және Қашқар қалаларына барды.