Ердоған "Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне" орай хабарлама жасады

Президент Ердоған «5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне» орай хабарлама жариялады.

2149021
Ердоған "Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне" орай хабарлама жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған экологиялық тұрғысдан жасыл және таза бір Түркия үшін жұмыстарды қарқынды түрде жалғастырып жатқандарын мәлімдеді.

Ердоған «5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне» орай хабарлама жариялады.

Президент әлемнің жаһандық ысыну, шөлдену және биоәртүрліліктің азаюы сияқты өте маңызды экологиялық апаттармен бетпе-бет келіп отырғанын түсіндірді.

Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу арқылы өмір сүруге қолайлы және көгілдір әлемнің мүмкін болатынын айтқан Ердоған экологиялық мәселелердің бүкіл адамзатқа ортақ мәселе екенін және оларды шешудің халықаралық ынтымақтастықты қажет еткенін атап көрсетті.

Ердоған Түркияда 2022 жылдан бастап, «Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні» шараларына көбірек қатысу, экологиялық проблемалар мен оқиғаларды бағалау мақсатты 5 маусым күнін қамтитын аптаны «Жасыл және таза Түркия үшін бүкіл ел бойынша қалдықтарды басқару, климатқа қолайлы технология, энергетикалық ресурстарды пайдалану, ауа, су және топырақ сапасын жақсарту, орман өсіру және жоспарлы қала салу бойынша маңызды жұмыстармен қарқынды түрде жалғастырудамыз» деді.

Ердоған табиғи құндылықтарды қорғау, жоспарлы қала салу жұмыстарын жүргізу, орман өсіру науқандары мен қоршаған ортаның ластанудың алдын алу мақсатында жүзеге асырылған жобаларды қолдайтынын білдірді.

Президент Ердоған «Түркия ғасыры бағдарламасын құру үшін қоршаған орта тақырыбында шабытын көне өркениетінен алған бір түсінікпен жалғастырамыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар