Сыртқы істер министрі Нидерландыға барады

Кездесуде маңызды мәселелер талқыланады.

2129418
Сыртқы істер министрі  Нидерландыға барады

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ертең Нидерландыға барады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда министр Фидан әріптесі Ханке Брюинс Слотпен кездеседі.

Кездесуде Түркияның Еуропалық Одаққа толық мүшелік процесі, Кедендік одақтың жаңаруы және түрік азаматтары үшін визалық жеңілдікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

Министр Фидан Нидерландыдағы түрік қауымының жағдайы мен осы елдегі Құран Кәрімге қарсы жасалған шабуылдарды да ортаға салады. Кездесуде террормен күрес және Түркияның осыған байланысты үміттері Нидерланд тарапына жеткізіледі.

Израильдің Палестинаға шабуылдары, жақын аймақтағы, әсіресе Украина мен Кипрдегі мәселелер де кездесудің күн тәртібінде болады.



Ұқсас жаңалықтар