Гөкташ Түркияның Газа халқына қолдауын қайталады

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ БҰҰ Бас Ассамблея залында Израильдің геноцидіне наразылық көрсетті.

2114115
Гөкташ Түркияның Газа халқына қолдауын қайталады

Израиль Газада 31 мыңнан астам жазықсыз адамды қырып жатқанда, Түркия бұл геноцидке жан-жақты наразылықтарын  жалғастыруда.

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблея залында Израильдің геноцидіне наразылық көрсетті.

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Бас Ассамблея залында өткен «Әйелдердің мәртебесі жөніндегі комиссия» отырысында сөз кезегі Израильге келгенде министр Махинур Өздемир Гөкташ пен түрік делегациясы Бас ассамблея мәжіліс залынан шығып кетті.

Министр Гөкташ пен түрік делегациясы Израильдің Әлеуметтік теңдік және әйелдерді дамыту министрі Май Голанның баяндамасы аяқталғаннан кейін Бас Ассамблея залына оралды.

Сессияда сөз сөйлеген Махинур Өздемир Гөкташ Түркияның Газа халқына қолдауын қайталады.

Гөкташ «Теңдік мәселесін талқылай отырып, Израильдің палестиналықтарға қарсы әрекеттерінің нәтижесінде адам баласына үлкен қасірет әкеліп жатқан дағдарысты елемеуге болмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар