Нуман Куртулмуш Израильдің қырғындарына наразылық білдірді

Нуман  Куртулмуш Газаның адамзат тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірін бастан өткергенін айтты.

2106116
Нуман Куртулмуш Израильдің қырғындарына наразылық білдірді

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Газаның адамзат тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірін бастан өткергенін айтты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы  Куртулмуш Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен Азия Парламенттік Ассамблеясының 14-ші Бас ассамблеясы отырысында сөз сөйледі.

Палестина мәселесінің Хамастың 7 қазандағы шабуылымен емес, Израильдің Палестина жерлерін басып алуымен басталғанын атап көрсеткен Куртулмуш «1948 жылдан бастап және тіпті 1967 жылдан бері өкінішкен орай бұл мәселе іштен лаулап ұлғайып кеткен» деді.  

Куртулмуш «Газа секторын толығымен қоршап алған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен оның бандасы Газа секторын қоршап қана қоймай, қозғалғанның бәрін атып, адамзатқа қарсы үлкен қылмыс жасауды жалғастыруда» деді.



Ұқсас жаңалықтар