Ердоған 6-шы Этноспорт форумына бейне үндеу жолдады

Ердоған «Біздің жақын географиямызда жалғасып жатқан дағдарыстардың, қырғындардың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз» деді.

2103629
Ердоған 6-шы Этноспорт форумына бейне үндеу жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Жақын жағрафиямызда, әсіресе Газада жалғасып жатқан дағдарыстардың, қырғындардың және азаптардың алдын алу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауды жалғастырамыз» деді.

Ердоған 6-шы Этноспорт форумына бейне үндеу жолдады.

«50  елден түрлі деңгейдегі өкілдер, сондай-ақ корпоративтік мүшелер қатысатын Этноспорт форумы әлемде, әсіресе біздің өңірде бейбітшілік пен сенім ахуалын дамытуға ықпал етеді деп сенемін» деген Ердоған «Қатысушылардың алуан түрлілігі бойынша әлемдегі жетекші оқиғалардың бірі болып табылатын форумымыз әркімге өзінің ерекшелігі мен әлеуетін беретінін  сезіндіреді» деді.

Президент Ердоған былай деді: «Мен Анталиямен бір теңізді бөлісетін және Жерорта теңізінің арғы жағында орналасқан Газадағы адамзат трагедиясын аяқтайтын ынтымақтастық рухының осы форумда көрініс беретініне сенемін. Біздің жақын географиямызда жалғасып жатқан дағдарыстардың, қырғындардың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».



Ұқсас жаңалықтар