Түркия мен Сомали арасында әділет келісімі жасалды

Сомали Әділет министрі Хасан Моаллин Мохамуд министрлер кабинетінің Түркия мен Сомали арасындағы әділет келісімін бекіткенін мәлімдеді.

2135134
Түркия мен Сомали арасында әділет келісімі жасалды

Сомали кабинеті Түркиямен «сотталған қылмыскерлер мен айыпталушыларды өзара экстрадициялауды» қамтитын әділет келісімін мақұлдады.

Сомали Әділет министрі Хасан Моаллин Мохамуд министрлер кабинетінің Түркия мен Сомали арасындағы әділет келісімін бекіткенін мәлімдеді.

Мохамуд бұл келісімнің сотталған қылмыскерлер мен айыпталушыларды өзара экстрадициялауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Келісімнің Сомали мен Түркия арасындағы әділет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін түсіндірген Мохамуд Сомалидің оқшауланудан шыққанын және сот жүйесін дамыту үшін халықаралық келісімдер жасауға дайын екенін білдірді.

Келісімді бекіту Түркия Әділет министрінің орынбасары Ниязи Ажардың ел астанасы Могадишоға жасаған ресми сапарымен бір мезгілде жүзеге асты.

Сомали үкіметі Түркиямен әділет мекемелерінде ақпарат пен технологияны дамытуда ынтымақтасатындарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар