Ердоған БАӘ Президентімен кездесті

Президент  Ердоған «Палестиналық бауырларымызды ешқашан иесіз, дәрменсіз және жалғыз қалдырмаймыз» деді.

2101686
Ердоған БАӘ Президентімен кездесті
erdoğan nahyan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) барды.

Президент Ердоған құрметті қонақ ретінде қатысқан «Болашақтың үкіметтерін қалыптастыру» тақырыбымен өткен Дүниежүзілік үкімет саммитінде екіжақты кездесулері аясында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Кездесу баспасөзге жабық өтті.

Президент Режеп Тайып Ердоған «Палестиналық бауырларымызды ешқашан иесіз, дәрменсіз және жалғыз қалдырмаймыз» деді.

Президент Ердоған ресми сапармен барған Дубайда Дүниежүзілік үкімет саммитінде сөз сөйледі.

Ердоған «Өзін халықаралық құқықтан жоғары санайтын Израиль ондаған жылдар бойы басып алу, қирату және қырып-жою саясатынан бас тартқан жоқ» деп көрсетті.

Ердоған «1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз, егеменді және географиялық тұрғыдан интеграцияланған Палестина мемлекеті құрылмайынша, жасалған әрбір қадам толық емес болып қалады. Біз палестиналық бауырларымызды ешқашан иесіз, дәрменсіз және жалғыз қалдырмаймыз» деді.

Президент Ердоған екі жақты кездесулері аясында БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесу өткізді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесуде Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер, Израильдің Палестина жерлерінде жалғасып жатқан шабуылдары талқыланғаны баса айтылды.

Мәлімдемеде Ердоғанның  бүкіл Газа сияқты Израильдің Рафахқа жасаған шабуылдарын қабылдауға болмайтынын, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі және тиісті елдердің Израильді тез арада тоқтату үшін қадамдар басуы керектігін айтқаны  хабарланды.

Мәлімдемеде президент Ердоғанның Түркияның барлық террор ұйымдарымен табанды түрде күресуді жалғастыратынын білдіргені жарияланды.

Президент Ердоған екіжақты кездесулері аясында Ливия Ұлттық бірлік үкіметі премьер-министрі Абдулхамид Дибейбемен де баспасөзге жабық кездесу өткізді.

Мальдив аралдары президенті Мұхаммед Муиззумен де кездескен Ердоған халықаралық инвестиция компаниялары және БАӘ отбасыларына тиесілі фирма өкілдерімен де кездесті.

 



Ұқсас жаңалықтар